Ақынова Л. А. Оқушылардың физиологиялық дамуы


Жасты кезеңдеу. Әрбір жас кезеңіне сипаттама



бет10/106
Дата06.02.2022
өлшемі0,95 Mb.
#80790
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   106
Байланысты:
Тезис дәріс ОФД
Тезис дәріс ОФД, Тест тапсырмалары, Тест тапсырмалары, қаймақ
Жасты кезеңдеу. Әрбір жас кезеңіне сипаттама
Жас кезеңдері – бұл өсуі мен дамуы ұқсас, физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерінің шегі. Белгілі бір жас кезеңінде организмнің даму дәрежесі бір деңгейге жетіп, келесі деңгейге дайындалу мерзімі басталады.
Әрбір жас кезеңдерінің белгілі бір ерекшеліктері болады. Бір кезеңнен екінші кезеңге ауысу уақытын «өзгеру мезгілі» немесе ауысу мерзімі деп атайды. Жас кезеңдерінің уақыттары әр түрлі шектелген. Ол организмнің биологиялық көрсеткіштеріне негізделген.
Біздің елдің ғалымдары педагогтары балаларды тәрбие және білім беретін мекемелердің типтері бойынша жас кезеңдеріне бөледі. Мысалы, яғни жасындағы балалар, мектеп жасына дейінгі балалар және мектеп жасындағы балалар. Балаларды осылай сатыға бөлу практикада үйреншікті ұғымға айналған.
1965жылы сәуір айында Мәскеу қаласында Бүкіл дүние жүзілік симпозиум болды. Симпозиум жұмсына КСРО, Англия,Болгария,Польша,Чехославаки және Швеция елдерінің белгілі физиолгтары, гигиенисттері, дәрігерлер, генетик, психолг ғалымдары қатысты. Бірнеше күнге созылған жемісті талас пікірлерден кейін жас кезеңдерін бір ізге салу мақсатымен симпозиум шамамен 12 сатыдан тұратын схема ұсынды.
1.Жас туған сәби алғашқы 10күн
2.Емшектегі сәби 10күннен 1 жасқа дейін
3.Алғашқы балалық шақ 1жастан 3жасқа дейін
4.Бірінші балалық шақ 4жастан 7жасқа дейін
5.Екінші балалық шақ қыздар 8-11жас, ұлдар 8-12 жас
6.Жеткіншек немесе жасөспірімдер қыздар 12-15 жас, ұлдар 13-16жас
7.Кәмелеттік немесе жігіттік, бойжеткендік қыздар 16-20 жас, ұлдар 17-21 жас
8.Кемеліге келу немесе ересектік мерзімнің 1-ші жартысы әйел 21-35жас, ерлер 22-35жас
9.Ересектік мерзімнің 2-ші жартысы әйел 36-55жас, ерлер 36-60 жас
10.Егде жас әйел 55-74 жас, ерлер 60-74 жас
11.Қариялар немесе кәрілік 74-90жас
12.Ұзақ өмір сүрушілер 90 жастан ары қарай
Соңғы жылдары қабылданған жас кезеңдерінің схемасына,яғни туған баладан бастап жас өспірімдік шаққа дейін өзгерістер кірді.

  1. Жаңа туған бала туған сәттен 1-2айға дейін

  2. Нәрестелік шақ 1-2айдан 1жылға дейін

  3. Ерте сәбилік шақ 1-3жасқа дейін

  4. Мектепке дейінгі балалық шақ 4-7жасқа дейін

  5. Бастауыш мектеп шағы 7 -11-12 жас

  6. Жеткіншек шақ қыздар 11-12жас, ұлдар 14-15 жасқа дейін

  7. Жасөспірімдік шақ 14-15-17жас





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет