Академик Е. А. Бөкетов атындағы



бет3/4
Дата29.11.2022
өлшемі73 Kb.
#160311
1   2   3   4
Байланысты:
протокол А. Д. Нурбаева
Трансшекаралық өзендер Қазақстанның экологиялық және стратегиялық сұрағы
СӨЙЛЕГЕНДЕР:
Ғылыми жетекші: Айжамбаева Ж.С.
Диссертациялық жұмыс тақырыбында білім алушыларға арналған критериалды бағалауға арналған интерактивтік дидактикалық материалдар кешенін жоғарғы оқу орындарында оқытуда пайдалану, болашақ техникалық кәсіби сауатты маман шығатынына педагогикалық тұрғыдан үлкен мән беріп отырғандығының маңыздылығын көрсетеді.
Қазіргі таңда, жоғарғы оқу орындарында ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қолдануы жөнінде көзқарас өзгерді. Ғылыми – педагогикалық материалдарды құрастырған авторлардың еңбектерін жүйелеп, зерделеу бүгінде өзекті мәселенің бірі болып саналады. Диссертация осы мәселеге арналған.
Диссертация мазмұнында тақырыптың зерттеу өзектілігі нақты көрсетіле келіп, зерттеу деңгейі анықталған, онда интерактивтік дидактикалық материалдардың элементтерін зерттеудегі теориялық және тәжірибелік әдістемелік негіздері, қағидалары көрсетілген.
Диссертацияның пәні ретінде ғалым – педагог мамандардың еңбектері, ғылыми мақалалары және мектеп пәні оқулықтарды талдай отырып, оларды жүйелеп, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың физиканы оқыту әдістемесіне қосуды анықтағаны осы саладағы олқылықтардың орнын толтырады деген ойдамыз.
Зерттеудегі мақсат пен міндеттер өз шешімін дұрыс тапқан деп есептейміз, себебі автор педагогтардың ғылыми зерттеулері негізінде жазылған енбектердегі ғылыми мәселелердің шешілуіне талдау жасап кезеңдермен, белгілі мәселелермен байланыстыра талдай біліп, жүйелей алғандығы айқын көрініп тұр.
Зерттеу жұмысында интерактивтік дидактикалық материалдар қашықтықта білім алушылар оқу/оқыту идеяларын ұстанғандықтан оларға тигізер септігі зор. Өзіндік білім алу өзін-өзі мен басқа адамдарды танудың тиімді құралы болып табылады, дүниетаным қалыптастырып, тұлғаның өзіндік дамуы мен басқалардың іс-әрекеттері мен олардың себептерін түсінуге ықпал жасайды. Магистрлік диссертацияда зерттелген мәселелер осы тақырыптың көлеміндегі мәселелерді шешуге өз септігін тигізеді деп есептейміз. Өйткені автор зерттеп отырған мәселелер өте күрделі екендігінде дау жоқ. Сондықтан «Физика пәнінен білім алушыларды критериалды бағалауға арналған интерактивтік дидактикалық материалдарды дайындау және қолдану» тақырыбындағы магистрлік диссертациялық жұмысы толық аяқталған деп бағалауға болады.
Зерттеу жұмысының нәтижесінде жасалған қорытындылар диссертациялық жұмыстың аяқталғандығын ғылыми тұжырымдайды.
Диссертациялық жұмыс жоғарғы білім беруден кейінгі білім беру талаптарына сәйкес дербес жазылған диссертация ретінде бағаланады.
Барлық тараулармен, қолданылған әдебиеттер тізімі диссертациялық жұмыстарға сай жазылған деген пікірдеміз.
Магистрант Болатбек Талғаттың диссертациялық ғылыми зерттеу жұмысы «7М07110401 –« Көлік, көліктік техника және технологиялар» мамандығы бойынша оқу – үрдісінде пайдалануға болады деп санаймыз.
Сонымен қорыта келе, сын пікір жазып отырған осы жұмыс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігінің магистрлік жұмыстарға қойылатын талаптарына сай жазылған деп есептеуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет