Қалас жамалов философия


ХІХ ғасыр қоғамдық ойында әлеуметтік болмыс өзгерісі үдерістері бейнеленді



бет54/62
Дата03.10.2022
өлшемі417,48 Kb.
#151479
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   62
Байланысты:
филос.учебн.
КИС 2-курс ОМ каз-конвертирован, Реферат на тему Разговорный стиль речи , Срсп9.Педзерттеу.М.Адилям
ХІХ ғасыр қоғамдық ойында әлеуметтік болмыс өзгерісі үдерістері бейнеленді. ХҮІІІ ғасыр екінші жартысынан Ресей империясының ел өміріне айтарлықтай әсерін тигізе бастауының салдарлары болды. 1786 жылы Игельстром кіші жүздің атақты адамдарының балалары үшін мектептер мен мешіттер салуға ұсыныс жасап, оған үкіметке сенімді молдаларды жібергенде көшпенділерге Ресей империясының тигізетін әсер, ықпалының күмәнсіз күшейерін айтады. Кіші жүзде ислам дінін негізінен Бұхара мен Орта Азиядан келген молдалар тарататындықтан, өздеріне берілген сенімді татар молдаларын оларға қарсы қою отарлау әкімшілігінің мақсат-мүдделеріне сай келетінін мәлімдейді. Ресей империясының исламды дәріптеушілігінен және оны таратуға күш салуынан халықты рухани тәуелділікке ұшыратуға деген ынтасы көрініс табады. 1788 жылы Орынбор қаласында діни оқу орын ашылып, дін таратушы татарлардың миссионерлік қызметі мақұлданып, мешіттер салу мен діни әдебиет шығару жұмыстары қаржыландырылады. Бірақ, ХІХ ғасыр ортасында көшпенділер үшін білім, ислам діні туралы ережелердің жобасын жасаушылар, молдалардың қазақ балаларына исламшыл рух қалыптастыратынын, қазақтар өміріне тигізетін ислам әсерінің өздеріне тиімсіздігін, ұлттық бірлік мүмкіндігіне туындайтын қауіпті көреді. Отарлау әкімшілігі, молдалар ықпалына шек қоятын мезгілдің жеткенін түсініп, мұсылман дінінің беделін әлсіретуді көздеп, 1861 жылы 21 қазанда Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарының басқарылуы туралы Уақытша ережеде қазақтардың дінге байланысты мәселелері отаршыл әкімшілікке толық бағындырылады. Молдалар тек жарлықпен тағайындалып, мешіт салу отарлау әкімшілігі рұқсатымен жүргізіледі.
Тарихи дәуірде мектеп, медреселер төте оқу – жәдит тәртібіне көшіп, дін сабақтарымен қатар тарих, орыс тілі пәндері оқытылып, діни кітаптар, ақын-жазушылардың шығармаларымен бірге, жаратылыстану ғылымдарына ден қою, мұсылманша сауатты, жаңа көзқарастағы ұлт зиялыларының көбейіп, халықтың қоғам дамуына деген сауатын ашып, оянуларына ықпалдарын тигізді. Осыдан, ислам діні өкілдерінің насихаты араласқан ХХ ғасыр басындағы азаттық үшін күрес жолының бірі “діни” сипатқа ие болады.
Тарихи дәуір құжаттары, отарлау саясатын “сәтті” жүзеге асыра беру үшін патша үкіметіне мамандар дайындау қажет болғанын көрсетеді. Өз мақсатына тиімді билік жүйесін қалыптастыратын, “бұратаналардың” өз орталарынан шыққан сауатты интеллигенция өкілдеріне деген сұраныс елдің ішкі объективтік дамуынан туындап, ол күн тәртібіне қойылады. Мектеп ашудың негізгі шарты орыс тілін оқыту және үкіметке ниеті түзу орыс тілін меңгерген оқытушылардың болуы. Ауылдық жерлерде араб әріптерін ығыстырып, орысша сауат ашатын мектептер ашылуы қарсылыққа кезігеді. Демек, ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ даласында білім беру мәселелері екі түрлі бағытта: біріншісі, мұсылманша /араб алфавиті/ және екіншісі, орысша /кирилица/ сауат ашумен жүзеге асырылады. ХХ ғасыр басындағы зиялы қауым өкілдері осы мектептерден білім алған, рухани жетілген жандар болды.
Ізденуші осы тарауда көшпенді қоғам қайшылықты өмірінің маңызды саласының бірі – жесір дауы, неке саласындағы жол - жоралғылар болғанына, онда қандас туыстар арасында жеті атаға дейін қыз алысуға тиым салғанына, қан араластыруға жол бергендер өлім жазасына кесілгеніне, бірақ жаза туыстардың келісімімен басқа шаралармен ауыстырылғанына, мұндай қылмыстардың өзге ру адамдары қарауына берілмегеніне назар аударады.
Ел өмірінде шешуші орын алып, қоғамдық қатынастарды реттеуге жол ашқан неке жүйелі, күрделі әлеуметтік қайшылықтар шешімдерінің: а/. Ішкі ру аралық; б/. Мемлекет аралық қатынастар бастауында тұрғанынан оған үлкен мән беріледі. Неке тарихы қазақтың ежелден ержеткен балаларына қоғамның әлеуметтік өмірінде алатын орны өзімен деңгейлес, басқа ру кісісі қызын айттырғанын баяндайды және дау-жанжалға ұласқан қайшылықты тартыстарды шешуде неке қатынастарының пайдалылығын, ру басыларының бір - бірімен құда болуы текетірескен әлеуметтік күштердің өзара ымыраға келуіне себеп болғанын көрсетеді. Сонымен қатар, неке мәселелері болашақ шаңырақ көтеретіндердің еркінсіз жүзеге асырылып, қалың малдың төленіп қойылуы әлеуметтік теңсіздік мәселелерін туындатты: “қазақтың халқын бұзып, малының түбіне жеткен бәленің ең зорының бірі жесір дауы... Еріксіз қосылған еркек пен әйелдің арасында сүйіспеншілік болмай, көрген күндері опасыз болды. Қалың малды қайтара алмаса, қашқан қатын қайтарылып, байына келмекші. Адамшылық қасиеті аяққа басылады, зорлық, қорлық дегеннің шегі болмайды. Мінез - құлық бұзылады”.
Әмеңгерлікте ағалары не әкесінің інілері дүние салса, қалған туыстары марқұмның әйелдеріне үйленетінін әдет - ғұрыптың жесір әйел құқын қорғап отырғанын, күйеуінің оған қамқорлық жасап, қорғауға тиістілігін, жесір әйел, жетім сәбилердің тағдыр тәлкегіне ұшырап, далада қалмағанына назар аударылады. Шешуі күрделі, әлеуметтік жағдайы төмен әйел мәселесін көтеріп, оларды қорғайтын ереже баптарын қарастырған Абай бұл мәселе төңірегінде ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық пікірді түпкілікті өзгертпесе де, қалың мал, әмеңгерлік мәселелеріне гуманистік көзқарасын көрсетеді. Ол өзі жасаған ереженің 31-бабында әйел өзінің көңіл қосқан адамымен қашып, билер үкіміне жүгінетін болса, онда билер қарсы жақтарды келісімге шақырады. Бұрынғы күйеуі әйелді қайта алатын болса, алып қашқан жақ құн төлейтін, егер алмаса, өз еркімен қосылған адамымен билер кескен шешімді орындап, жол - жоралғыларын жасап кететін болған. 42–бапта ерлі - зайыптылар арасындағы айырмашылық екі мүшелден артық болса, әйелдің ажырасуға құқылығы көрсетілген. 46 – бапта қалың малы алынған, бірақ қайтыс болған қалыңдықтың орнына сіңлісін, оның келісімінсіз берудің міндетті еместігі айтылады. 47 – бапта күйеуі қайтыс болған әйелдің әмеңгерлік жолымен оның ет жақыны болмаған жағдайда, кез – келген туысына күйеуге шығуының міндетті еместігі мойындалады.
Әйелі жақсы болмай, ердің оңбайтындығын, ерге бақыт келтіретін де, абырой әперетін де әйел екендігін, қайшылықты тұрмысқа, әлеуметтік теңсіздікке қарамай, Ұмай ана, Айша бибі, Домалақ ана, Бегім ана, Қарашаш, Ұлпан, Қосай ана сияқты ажарына ақылы сай арулар істерімен дәлелдеп, аттары аңыздарға айналды. Жалпы, қазақ әйелдері теңсіздікте болды десек те, олар әр түрлі тарихи кезең перзенттері ретінде, халқына игілікті істерін көрсете отырып, ел мақтаны болып, ер жүгін көтере білгендеріне ақ бас тарих куә. Ауыз әдебиетіндегі Еңлік пен Кебек, Естай мен Қорлан, Қалқаман мен Мамыр және т.б. ғашықтық жырлары мен ХХ ғасырдың басында жарық көрген М. Дулатовтың “Бақытсыз Жамал”, С. Көбеевтің “Қалың мал”, С. Торайғыровтың “Қамар сұлу” романдарында әлеуметтік келеңсіздіктермен қатар неке қатынастарындағы өмір қайшылықтары маңызды мәселе ретінде көтеріледі. Теңіне қосыла алмаған қыздардың сыңсу, қоштасу өлеңдері заман қатыгездігі мен олардың ауыр тағдырлары жайлы мәліметтер береді. Зиялылар бұл мәселені 1917 жылы 21-26 – шілде аралығында Орынбор қаласында өткен бірінші бүкілқазақ съезінде талқылап, “Әйелдер саяси құқықта ерлермен тең”, “күйеуге тию еркі әйелдің өзінде”, “тұл қатын сүйгеніне тисін, әмеңгерім деп зорлық қылу болмасын”, “жеті атаға келмеген жерден қазақ қыз алмасын”, “қалың малдың жоғалуы” туралы қабылданған шешімдерінің тарихи мәнінің үлкен болғаны даусыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет