Алеуметтик педагогика indd


Әлеуметтік педагогикадағы қалып және қалыптан ауытқу



Pdf көрінісі
бет71/103
Дата26.03.2024
өлшемі3,85 Mb.
#200307
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   103
Байланысты:
Atemova-Aleumettik-ped

3.1 Әлеуметтік педагогикадағы қалып және қалыптан ауытқу 
3.1.1 Әлеуметтік-педагогикалық қалып туралы түсінік, оның 
қоғамдық категория ретіндегі мәні
3.1.2. Әлеуметтік-педагогикалық қалыптан ауытқу түсінігі 
және қалыптан ауытқудың себептері
3.1.3 Әлеуметтік-педагогикалық қалыптан ауытқудың түрлері, 
олардың өзара ықпалы
3.1.4. Әлеуметтік-педагогикалық ауытқуы бар балалардың 
белгілері мен ауытқу құбылыстарының алдын алу жолдары
Қандай қоғамда болмасын, тіпті дамудың қандай сатысында бол-
са да өзіне ерекше назар аударуды қажет ететін адамдар кездеседі. 
Олар – дене немесе психологиялық, әлеуметтік жағынан ауытқулары 
бар адамдар. Ондай адамдар қашанда басқа адамдар тобынан 
ерекшеленіп тұрады және олардың қасиеттері мен іс-әрекеттерін 
қалыпты жағдайға сәйкес келмейді деп айтуға болады. 
Қалып (норма) ұғымы медицина, психология, педагогика және 
физиология ғылымыдарында кеңінен қолданылады. «Қалып» 
ұғымының мәніне сипаттама берудің қиындығы оның терминдік 
түсінігінде ғана емес, мазмұнында да болып отыр. Сонымен қатар, 
адамдардың мінез-құлқының нормалары да заман ағымына қарай 
өзгеріп қабылданып отырады. Олай болса, «қалып» түсінігі шындық 
болмысты сипаттайтын объективті реалдылықтың қандай да бір орта 
статистикалық көрсеткішін көрсететін шартты бейнелері болып табы-
лады. Әлеуметтік педагогикадағы «қалып» және «ауытқу» ұғымдары 
баланың әлеуметтік мінез-құлқы мен дамуы процесін сипаттау 


195
үшін қолданылады. Ауытқу негативті немесе позитивті сипатқа ие 
болуы мүмкін. Мысалы, баланың қалыптан ауытқуы кейде оның 
ақыл-ойы жағынан кемістігі болып саналса, кейде ол талантты бо-
луымен айқындалады. Мінез-құлықтағы алкоголизм, нашақорлық, 
қылмыс жасау және т.б. қалыптан ауытқулар тұлғаның әлеуметтік 
қалыптасу процесіне және жалпы қоғамның дамуына кері әсерін 
тигізеді. Мінез-құлықтағы позитивті ауытқулар, яғни әлеуметтік 
шығармашылықтың барлық формаларына жататын экономикалық 
қабілеттілік, ғылыми және көркем шығармашылық және сол секілді
қасиеттер керісінше әлеуметтік жүйенің дамуына, ескі қалыпты 
жағдайлардың орнына жаңа талаптарды алып келеді.
Шартты түрде қалыптан ауытқу құбылысын төрт түрге бөлуге 
болады. Олар: денедегі ауытқу, психикалық ауытқу, педагогикалық 
ауытқу, әлеуметтік ауытқу.
1. 
Денедегі қалыптан ауытқу құбылысы
адамдардың ден-
саулығындағы кемшіліктерге байланысты болып, медициналық 
көрсеткіштермен айқындалады. Медицинада әрбір жас ерекшелігіне 
сай адамдардың денінің саулығын сипаттайтын өзіндік көрсеткіштері 
(салмағы, бойы, көкірек көлемі, және т.б.) айқындалған. Әйтсе де, 
бүгінгі күні қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік қиындықтардың салдары-
нан барлық балалар дене жағынан сау болып дүниеге келе бермейді, 
іштей денсаулығындағы ақаулармен өмірге келетіндер көп. 
Денсаулықтағы ауытқулар тұқымқуалаушылық фактордың салда-
рынан немесе экологиялық құбылыстардың, ауыз су тапшылығынан, 
отбасының әлеуметтік тұрмыстық жағдайының төмендігінен және 
т.б. ықпалынан болуы мүмкін.
Денсаулығы мен дамуы жағынан ауытқуы бар адамдардың мына-
дай түрлерін атап көрсетуге болады:
– 
дерт
– психикалық немесе физиологиялық функциясында 
аномальдық құбылыстың болуы, қандай да бір іс-әрекетті орындауда 
қиындық туғызатын аномальдық құрылым элементтерінің кездесуі;
– 
мүмкіндігі шектелген
– адам қимылында қалыпты болған 
әрекеттерді жасауда қабілеттіліктің болмауы немесе шектелуі;
– 
мүгедектік
– жас ерекшелік, жыныстық және әлеуметтік фак-
торлардан туындайтын қандай да бір нормативтік рөлдерді орын-
дауды шектейтін немесе кедергі келтіретін нақтылы адамның 
мүмкіндігінің шектелуі немесе дефектісінің кез келген салдары;
Осы тұста, қоғамда «денсаулық мүмкіндіктері шектеулі адамдар» 
түсінігі қолданылады. Оларға білім алу үшін арнайы туғызылған 


196
жағдайсыз өздігінен білім стандартын меңгеруге кедергі болатын 
дене бітімінде, психикасында ақаулары бар балалар жатады. Со-
нымен қатар, әлеуметтік педагогикада «кемістік» түсініктері де 
жиі қолданылады. Ғалым М. А. Галагузова оларға: дене жағынан 
кемістік, психикалық кемістік, күрделі және ауыр кемістіктерді 
жатқызады.
Дене жағынан кемістігі бар балаларға дамуында немесе дене 
мүшесінің дұрыс қызметінде кемістігі бар балалар жатады. 
Психикалық кемістікке оқуда қиындық туғызатын баланың 
психикалық дамуында кемістігі болғанда, яғни соның салдары-
нан сөзінде, эмоциялық-басқару мүшесінде, ойлау қабілетінде, 
психикалық дамуында кешеуілдік байқалатын балаларды жат-
қызамыз.
Күрделі кемістік деп баланың дене дамуында да, психикалық да-
муында да кемістігі болған жағдайды түсінеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет