Түрік қағанатының саяси тарихы, жер аумағы
«Түрік» этнонимі бірінші рет кездеседі: 542 жылы қытай жылнамаларында.
545 жылы түрік қолбасшысына бейбіт қарым-қатынас орнату үшін келген: Қытай елшісі.
552 жылға дейін түріктер Жужан қағандығына тәуелді болып, салық ретінде темір төлеген.
552 жылы Жужан қағаны Анағұйды жеңіп, «елхан» деген атақ алған, Түрік қағанатының негізін салушы: Бумын қаған.
552 жылы Бумыннан жеңіліс тапқан Жужан қағаны: Анағұй.
Бумын Түрік қағанатының билеушісі болды: Жужан қағанын жеңгеннен кейін.
Қазақстанда ірге тепкен алғашқы феодалдық мемлекет: Түрік қағанаты (552 – 603 ж.)
552 жылы Бумын қаза болғаннан кейін Түрік қағаны болған: Қара–Еске.
Қара-Еске қаған аварларды (жужандарды) екінші рет жеңді: Букрат тауларында (Орхонның жоғарғы жағында).
552–554 жылдары (553 жылы) жужандар мүлде бас көтерместей болып жеңілді:Мұқан қағанның кезінде.
Түріктер Ұлы Даланың шығыстағы қожасына айналды:Жужан қағанатын біржола жеңгеннен кейін.
VI ғасырда 10 түмен қол бастап, түріктердің Батыс жорығын бастаған Бумын қағанның інісі: Иштеми.
v 555 жылы түріктер жол бойы ешбір тегеурінді қарсылық көрмей, Арал теңізіне дейін жетті.
Орта Азияда түріктерге қатты қарсылық көрсеткен: Эфталиттер.
VI ғасырдың ортасында Түрік қағанаты жаулап алған эфталиттердің өмір сүрген жері: Каспий теңізінен Солтүстік Үндістан мен Шығыс Түркістанға дейінгі жер.
561–563 жылдары түріктердің эфталиттерге қарсы одақ құрған елі: Иран.
Түрік қағанатының эфталиттермен соғыс жылдары: 563–567 жылдар.
10 түмен қол бастаған Иштемидің бағындарған елі:Соғдылықтар (ху елі).
R 568 жылы Константинопольге барған Түрік қағанатының елшілігін басқарған: соғды көпесі Маниах.
568 жылы Түрік қағанаты Византия мемлекетімен әскери одақ құрды: Иранға қарсы.
Түрік қағанатының үстемдігі Солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің солтүстік жағалауына дейін жеткен кезең: VI ғасырдың 70-жылдары.
v Қытай, Иран, Византия сияқты ірі мемлекеттермен терезесі тең түсіп, оларға өзінің саяси жағынан ықпалын жүргізген күшті мемлекеттің біріне айналды.
570–580 жылдары Түрік қағанатының шығыстағы саяси ықпалының күшті болғанын көрсететін жағдай: Қытай мемлекеттерінің түріктерге салық төлеуі.
Қытай елінің билеушілері Түрік қағанатына жібек матамен салық төлеп отырды: Мұқан қағаның кезінде.
v Қытайлардың бір жағының өзі түріктерге жылына 100 мың тең жібек матасын төлеген.
Түрік қағанатында Мұқан қағаннан кейін билікке келді: Тобо (Арслан).
Достарыңызбен бөлісу: |