Алгоритмдер жєне деректер структурасы



бет27/41
Дата05.09.2020
өлшемі0,89 Mb.
#77252
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41
Байланысты:
5bacf48a-311c-11e3-8846-f6d299da70eeУМК-алг (1)

Дәріс жоспары:

  1. Программа. Программа түрлері.

  2. Программалау тілдері.

  3. Программалау әдістері.

Есептеу техникасының аппараттық және программалық жабдықтардан тұратыны белгілі. Аппараттық жабдықтарға компьютердің барлық негізгі және шеткері құрылғыларын жатқызамыз. Ал программалық жабдыққа компьютердің барлық жұмысын басқаратын, қолданушы мен компьютер арасында байланыс орнататын, ақпаратты өңдеудің барлық аспектілерін қарастыратын программалық жүйені жатқызамыз.

Программа – компьютерге түсінікті алгоритмдік тілде жазылған реттелген нұсқаулар немесе командалар тізбегі.

Программаның мақсаты:


  1. аппараттық жабдықты басқару

  2. компьютердің қолданушымен байланысын орнату

  3. қолданушының мәселелерін шешу

  4. ақпаратты өңдеу

Программалар атқаратын қызметтеріне байланысты бірнеше топқа бөлінеді:

  1. базалық деңгейдегі программалар тобы –БИОС деп аталатын компьютердің ішкі күйлерін басқаруды қадағалайтын программалар.

  2. системалық деңгейдегі программалар тобы – программалар арасындағы байланысты орнатып, посредник қызметін атқаратын программалар, олар 1-ші және 3-ші программалар тобын біріктіреді, оларға сүйеу болады және сүйеніш бола алады.

  3. қызметшілік деңгейдегі программалар тобы – компьютер жүйесін автоматтандыру, тексеру, белгілі бір күйге келтіруді орындайтын программалар.

  4. қолданбалы деңгейдегі программалар тобы – белгілі бір салаға байланысты мәселелерді шешуге қолданылатын программалар.

Компьютерге орнатылған программаның жұмыс істеу режимі интерфейс деп аталады.

Интерфейс типтері:



  1. қолданушы интерфейсі – графикалық, графикалық емес деп бөлінеді. (толық экранды, көрнекі, диалогты, т.б.)

  2. аппараты – программалық интерфейс – арасында байланыс орнатушы программа

  3. программалық интерфейс - әртүрлі программалар арасындағы байланыс орнатушы программа

Системалық программалар. Олардың түрлері.


Программалардың ішіндегі ең мазмұны ауқымдысы системалық программалар. Оның анықтамасы, қызметі жоғарыда келтірілген. Түрлеріне тоқталсақ:

  1. Драйверлер

  2. Қабықша – программалар

  3. Операциялық қабықшалар

  4. Утилиттар

  5. Желілік программалар

Драйверлер – бұл программалар дискілік операциялық жүйенің енгізу-шығару құрылғыларын басқару, оперативті жадыны басқару, жаңа шеткері құрылғыларды қосу қызметтерін атқаратын программалар тобы.

Қабықшалар – компьютермен көрнекі түрде тіл табысуға көмектесетін, файлдар мен каталогтар жүйесін басқару қызметін атқаратын программалар. (NC, WC, DN, WN)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет