Алгоритмнің түрлері. Алгоритмді жазу әдістері. Алгоритм модельдері
Алгоритмдік конструкциялар:
Сызықты
тармақты
қайталану
рекурсивті
1969 жылы В. Дейкстр өзінің «деректер структурасы және алгоритмдер» статьясында кез келген алгоритмді жазу үшін негізгі 3 конструкцияның – сызықты, тармақты, қайталану - жеткілікті екенін дәлелдеген. Сызықты алгоритмді тізбекті алгоритм деп те айтады.
Анықтама. Р алгоритмі тізбекті алгоритмдік конструкциямен қарастырылады, егер Р алгоритмінің әрбір қадамы бір рет орындалса, және әрбір i-ші қадамнан соң (i+1)-ші қадам орындалып, i-ші қадам соңғы қадам болмаса.
Достарыңызбен бөлісу: |