Дәріс жоспары:
Алгоритм – математиканың арнайы бөлімі.
Джордж Бульдің математикалық логикасы.
Логика мен алгоритмнің байланысы.
Әртүрлі оқиғаларға алгоритм құру әдістері.
Тьюринг машинасына мысалдар.
Тьюринг машинасының математикалық сипаттамасы.
Алгоритм анықтамасын дәлдеу.
Пост машинасы.
Пост машинасы мен Тьюринг машинасын салыстыру.
Алгоритмнің қатаң анықтамасы алгоритмдердің математикалық теориясында тікелей қолданылады. Онда алгоритмнің жалпы қасиеттері, алгоритмдік шешілудің дәлелдемесі қарастырылады. Ал практикада алгоритмді құру қатаң анықталмаған.
Алгоритмді орындаушы – алгоритмнің сипаттамасын дұрыс түсініп, тарата алатын субъект немесе әрекеттер тізбегін орындай алатын құрылғы.
Әрекеттерді орындауға арналған нұсқау әлдебір тілдің араласуымен әрбір орындаушыға түсіндіріледі. Бұл тілдің қызметші сөздері , әрекетті түсіндіретін немесе бейнелейтін командалары, оларды біріктірудің синтаксистік ережесі болады. Командалар тізімі орындаушының командалар жүйесі (СКИ) деп аталады. Дискретті ақпаратты өңдеуде қолданылатын элементарлы әрекеттер бір таңбаны басқамен алмастыру болып табылады. Кешенді әрекеттерді орындаушы абстрактілі және шын мәніндегі құрылғы болуы мүмкін.
Процессордың әрекеттерін ақиқат элементарлы деп – машиналық команда деп, ал олардың белгіленуін – машиналық код деп атайды. Алғашқы – төменгі деңгейдегі код – ассемблер коды – құрылғыдан тәуелді ішкі тіл деп аталады.
Элементарлы әрекеттерді күрделі командаларға біріктіру бұл деңгейде әлі жүрмейді. Ассемблердің жалпы командалар саны процессор командаларының санымен тең, бірақ машиналық кодтардың символды қалпы қолданылады –мнемоника – бұл қолданушыға екілік кодтан тиімді.
Мнемониканы машиналық кодқа ассемблер тілі орындайды.
Элементарлы әрекеттерді біріктіру командалары жоғары деңгейдегі программаларда пайда болды. Тіл трансляторы берілген команданы элеменарлы қадамдарға аударады.
Одан гөрі элементарлы командаларды интеграцилауды қолданьалы программалар орындайды. ОКЖ – і мәзір, перне, терезе т.б. интерфейсті басқару командаларынан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |