Алиаскаров думан тоқтарұлы қазақстан моноқалаларының инновациялық даму үрдістерін географияда оқытудың әдістемелік негіздері


-  Оңтүстік-шығыс Азия географтары  қауымдастығы  EUROGEO (European  Association of Geographers)  -



Pdf көрінісі
бет6/62
Дата13.12.2022
өлшемі6,67 Mb.
#162633
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Байланысты:
Aliaskarov D.T
1574347730325 (1)

Оңтүстік-шығыс Азия географтары 
қауымдастығы 
EUROGEO (European 
Association of Geographers) 

Еуропа географтары қауымдастығы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



КІРІСПЕ 
 
Зерттеудің өзектілігі. 
Қазіргі таңда елімізде білім беруді дамыту және оны 
технологияландыру, бәсекеге қабілетті кәсіби мамандар даярлау, яғни адам 
капиталының дамуында жетекші қызмет атқаратын салаларды дамытуға 
мемлекеттің стратегиялық жоспарлары мен бағдарламаларында ерекше көңіл 
бөлінеді. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 
«Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 
атты Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің алдына әлемнің дамыған отыз 
мемлекетінің қатарына кіру стратегиялық мақсатын қойып отыр. Даму 
стратегиясында айқындалған басым бағыттың бірі – білім беру саласы.
Жолдауда Елбасы: «Біз дамыған, бәсекеге қабілетті, жоғары білімді ел 
болуымыз қажет, атап айтқанда қол жетімді және сапалы білім беруді дамытуға 
көп көңіл бөлуіміз керек. Осының барлығы біздің жастарымызды жоғары 
білімді және бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді» - деп атап көрсетті 

1

.
Дамыған әлем елдерінің қатарына қосылуға бастайтын, нақты іс-шаралар 
кешеніне негізделген, қазіргі заманғы мемлекеттің негізгі қазығы - Елбасы 
ұсынған бес институционалдық реформа мен содан туындайтын «100 нақты 
қадам» Ұлт жоспары екендігі белгілі. Ұлт жоспарының 76, 77, 78, 79 –
қадамдарында бәсекеге қабілетті маман даярлау, адам капиталын дамыту, жас 
ұрпаққа сапалы білім беру және оның тетіктерін барынша жетілдіру мәселесі 
көтеріледі. Яғни, құжаттың түпкі мақсаттарының бірі - педагогикалық білім 
беруді заман талабына сай жаңғыртуды көздейді 

2


2017 жылдың басындағы Қазақстан халқына арналған «Қазақстанның 
үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауының басты 
басымдықтарының бірі ретінде де адам капиталы сапасын жақсартуға мән 
берілген. Адам капиталының дамуына негіз болатын білім беру мен денсаулық 
сақтау жүйелерін қалыптастырмай Үшінші жаңғыруды жүзеге асыру да еш 
мүмкін емес. Бұл ретте жаһандық жаңа қатерлерге қарсы адами капиталды да 
сапалы дамыту қажет. Ал адами капиталдың өзегі – білім, бұл - болашақ 
дамудың кепілі. Білім арқылы бәсекеге түсу, білім арқылы озу - қай жағынан 
алғанда маңызды міндет. Өйткені ғылым дамымай дүние дамымайды. Бұл ретте 
қазақстандық білім берудің басты міндеті - білім беруді экономикалық өсудің 
жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Сонымен қатар, Жолдауда оқыту 
бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын 
дамытуға бағыттау, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыру, 
ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керектігіне мән беріледі 

3

.
 
XXI ғасыр – жаһандық өзгерістерге толы ақпараттық технологиялар 
ғасыры. Бұл ғасырда білім беру жүйесі де жаңаша бағытта, яғни инновациялық 
жетістіктерге негізделіп дамитыны белгілі. Осы ретте, еліміздің де ұстанып 
отырған саясаты, білім берудің әлемдік трендтеріне сәйкес дамуын қамтамасыз 
ету. Яғни, бұл білім беру ісінде, оның ішінде географиялық білім беруде жаңа 
міндеттер жүктейді. 
2016 жылы Пекинде өткен Халықаралық географиялық конгресс 
отырысында бекітілген Географиялық білім берудің халықаралық Хартиясында 



заманауи географиялық білім беру мәселесіне ерекше мән беріледі. Бұл құжатта 
географиялық білімдер «әлемде тығыз өзара байланысқан адамдар үшін ХХІ 
ғасырдағы білімдердің қайнар көзі және өмірлік мәні бар пән» ретінде 
сипатталады 

4, с.8-10

. Яғни, ғылыми жолмен жинақталған білім жүйесі, 
инновациялық 
әдістер 
және 
қуатты 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялар, әсіресе ГАЖ-технологиялар географиялық білім берудің 
дамуына негіз болады. 
Қазіргі дүниеде адами ресурстардың дамуы мен экономиканы аумақтық 
тиімді ұйымдастыру мәселелері қалалармен тығыз байланысты. Адамзат 
дамуының аса маңызды жетістіктері шоғырланып отырған қалалар өзінің 
маңында қалыптасқан елді мекендер шоғырының ғана емес, аймақтың, елдің 
әлеуметтік-экономикалық жағдайына үлкен ықпал етіп отыр 

5, б. 3

. Осыған 
байланысты географиялық білім беру жүйесінде қалалардың инновациялық 
дамуын зерттеу маңызды рөл атқарады. 
Урбандалған 
аумақтардың 
инновациялық 
даму 
мәселелерін 
зерттеушілердің алғашқы тобына J.A. Schumpeter, M. Porter, B. Lundvall, 
A.Rutkowska-Gurak, B. Twiss, Ch. Landry, Ch. Fang және т.б. ғалымдардың 
еңбектерін жатқызуға болады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы кеңістігінде 
және елімізде инновациялық дамудың теориялық аспектілерін зерделеуге
А.Н. Анчишкин, А.Н. Богатырев, П.А. Андреев, Р.А. Фатхутдинов, К.В. Балдин, 
А.В. Барышева, Е.М. Мазница, Ю.В. Яковец, Т.А. Тумина, Я.Ә. Әубәкіров,
Е.З. Сүлейменов, К. Сағадиев, Р.А. Алшанов 

12-22

сияқты ғалымдардың 
еңбектері арналған. Ал, моноқалалардың қалыптасуы мен даму ерекшеліктерін 
айқындау мәселелерімен А.А. Қошанов, Л.Т. Тайжанов, Н. Аманбеков,
Т. Мұхамбетов, Н.Қ. Нұрланова, А.А. Киреева, С.Х. Берішев, Н.Ж. Бірімбетова 

23-27

және т.б. ғалымдар айналысқан. Бұл зерттеулердің басым көпшілігі 
экономикалық сипат алған. Бұл зерттеулердің басым көпшілігі экономикалық 
сипат алған. Басқа елдермен салыстырғанда, моноқалалар дамуының 
географиялық, инновациялық аспектілері, әзірше, біздің елімізде аз зерттелуде. 
Бұл салада тек Ә.С. Бейсенова, К.Д. Каймулдинова секілді отандық 
ғалымдардың іргелі зерттеу жобалары бойынша жарияланған ғылыми 
еңбектерін атауға болады 

5, 28-32

. Бұл өз кезегінде моноқалалардың 
инновациялық даму үрдістерін жіті зерделеуге, алынған ғылыми нәтижелерді 
геоэкономикалық білім беру ісінде пайдаланудың қажеттігіне назар аударуды 
талап етеді.
Жалпы әлемдік тәжірибеде шағын қалалардың сәтті даму жетістіктерінен 
гөрі, шешілмеген мәселелері басымырақ. Шағын қалалар экономикасының 
бірбейінді болуы, бір немесе бірнеше қала құраушы кәсіпорынның қызметіне 
тәуелділігі - бұл қалаларды 
«моноқала»
деп атауға негіз болды. 
Моноқалалардың басқа көпфункционалды экономикасы бар қалалармен 
салыстырғанда 
өзгешелігі 
сыртқы 
ортаның 
өзгеруіне, 
мемлекеттік 
мақсаттардың өзгеруіне, экономика салаларының жағдайына, сыртқы 
нарықтағы коньюктураның, тауарға деген сұраныстың құбылмалы болуы, 
төлем шарттарының қадағалануына, т.б. өзгерістерге көбірек тәуелді 

28, б. 5





Қазіргі таңда моноқалалар мәселесі жаһандық ауқымдағы мәселелер 
қатарында. Ал, Қазақстанда бұл қалалардың мәселесі 1990 жылдардың 
ортасынан басталған нарықтық экономикаға көшу кезеңінен басталады. 2008 
жылы басталған қаржы-экономикалық дағдарыс бұл мәселені күн тәртібіндегі 
өзектілігін арттыра түсті. Осы мәселені шешу үшін, моноқалаларды орта және 
ұзақ мерзімді перспективада орнықты әлеуметтік-экономикалық дамыту 
мақсатында мақсатында 2012-2020 жылдарға арналған «Моноқалаларды 
дамыту бағдарламасы» қабылданды. Бағдарламада еліміздің 27 қаласы 
қамтылды, бұл қалалардың функционалдық қызметтері шикізат өндіруге және 
өңдеуге негізделген 

33

.
Бағдарламалық құжатта моноқалалардағы инфрақұрылымды жетілдіру
кәсіпкерлікті қолдау және т.б. әлеуметтік-экономикалық маңызы бар салаларды 
дамытуға көңіл бөлінген. Дегенмен қала дамуына негіз болатын географиялық 
орны, табиғи-ресурстық әлеуеті және кеңістіктік артықшылығын тиімді 
пайдалану мәселелері қарастырылмаған. Бұл өз кезегінде, қала дамуының 
географиялық аспектілерін жіті зерттеуді қажет етеді. Осы орайда, еліміздің ірі 
өндірістік орталықтары ретінде қалыптасқан, білім беру, мәдениет ошақтары 
шоғырланған, табиғи ресурстар мен өндіріс объектілерінің жиынтығы болып 
табылатын, Қазақстан моноқалаларының, оның ішінде Текелі мен Жезқазған 
қалаларының инновациялық даму үрдістерін зерттеудің маңызы арта түспек. 
Бұл біздің зерттеу жұмысымыздың теориялық маңыздылығына негіз болады. 
Ал, ғылыми зерттеу барысында алынған нәтижелерді «Қалалар географиясы» 
курсының білім мазмұнына ендіру, географиялық білім беру үрдісінде жаңа 
инновациялық ГАЖ-технологиялары көмегімен пайдаланып оқыту мәселелері 
зерттеу жұмысының географиялық білім берудегі
 өзектілігін
айқындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет