Аналитикалық талдау
2011-2015 жылдарға арналған Үржар ауданы аумағын дамыту бағдарламасына өзгертулермен толықтырулар енгізіліп, аудандық маслихат сессиясының 2015 жылғы 6 қарашасындағы № 37-437/V шешімімен бекітілді.
2015 жылы Бағдарламаны жүзеге асыру ауданның әлеуметтік, экономикалық және инфрақұрылымды дамыту арқылы тұрғындардың өмір сүру сапасын жоғарылатуға бағытталған.
Бағдарлама нәтижесіне қол жеткізу үшін 32 мақсатты индикаторлар және 64 тікелей нәтиже көрсеткіштері қарастырылған.
Оның ішінде 2015 жылдың қорытындысы бойынша 23 индикатор және 58 тікелей нәтиже көрсеткіштердің орындалуына қол жеткізіліп, 9 индикатор мен 6 тікелей нәтиже көрсеткіштері бойынша орындалуы қамтамасыз етілген жоқ.
1 БАҒЫТ: «Өнеркәсіпте, агроөнеркәсіп кешенінде, инвестицияларда, шағын және орта кәсіпкерлікте, сауда және қоршаған ортада жоғары өндіруші инновациялық технологияларды енгізу негізінде өңір экономикасын жеделдетіп дамыту»
1 мақсат. Диверсификациялау және бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз етіп отырған өнеркәсіптің басым секторларын дамыту
Мақсатты жүзеге асыру үшін 2 мақсатты индикатор және 1 көрсеткіш қарастырылған. Жыл қорытындысы бойынша мақсатты индикаторлар мен нәтиже көрсеткіші орындалмаған.
1. Жыл қорытындысы бойынша өндірілген өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі жоспары 104,0%, нақты орындалуы 102,2%. Өндеу өнеркәсіпте өндірілген өнімдер төмендеген, нақты индекс көлемі 92,4%.
2 «Өңдеу өнеркәсібі өндірген өнімнің нақты көлем индексі» жоспар 102,8%, орындалуы 92,4%. Тамақ өнімдерін өндіру көлемі төмендеген, нақты индекс көлемі 93,7%, оның ішінде өсімдік май 99,9%, қымыз 61,8%.
3. Өнеркәсіп өндірісі құрылымдағы өндеу өнеркәсібінің үлесі жоспар 90,0%, орындалуы 77,2% немесе 2977,7 млн. теңгені құрады. Өңірдегі өндеу өнеркәсібінің негізгі саласы – ол азық түлік өндірісі (98,4%). Өндеу өнеркәсібінің басқа салаларында өндірістің төмендеуі резина мен пластмас бұйымдарының 1,8 %-ға және өзге металдық өнімдерінің 7,1 %-ға азаюынан болған.
2 мақсат: Аймақтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отандық тамақ өнімдерінің азық-түлік тауарларының ішкі рыногындағы үлесін арттыру.
Бағдарламамен агроөнеркәсіп кешенін дамытуда көзделген 1 мақсатты индикатор мен 8 көрсеткіштер нәтижелері бойынша 2015 жылы 1 мақсатты индикатор мен 7 көрсеткіш орындалған, 1 көрсеткіш нәтижесі орындалмаған.
Мақсатты индикатор – ауылшаруашылық өнімдерінің нақты көлем индексі жоспар 102,5%, орындалғаны 105,0% немесе жоспарлы мағынадан 2,4 пайыздық пунктке артық. Индикатор орындалған.
Статистка агенттігінің алдын-ала беріп отырған мәліметіне сәйкес, көрсеткіштердің орындалуы төмендегідей:
1. Өсімдік шаруашылығының өнімінің нақты көлем индексінің жоспары 101,5%, нақты 104,7%. Көрсеткіш орындалған.
2. 2015 жылы өсімдік шаруашылығында өндірілген өнім көлемі 15,9 млрд. теңгені құрады, бір гектардан дәнді-дақылдар түсімділігі 14,7ц. Көрсеткіштің артық орындалуына ауылшаруашылық дақылдарын гербициттермен өндеу және лизингке 92 бірлік жаңа ауыл шаруашылық техникаларын сатып алу бойынша іс-шаралардың іске асырылуы жағымды әсер тигізген.
3. Мал шаруашылығының өнімінің нақты көлем индексінің жоспары 102,0% орындалғаны 105,3% немесе 14,2 млрд. теңге өндірілді.Көрсеткіш орындалды.
Осы саланың дамуын ыңталандыратын ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің мал шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен өнімділігін арттыруды, асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялау мемлекеттік қолдау болып табылады.
4. Жалпы ірі қара малының ішіндегі асыл тұқымды малдар үлесі жоспар 2,2%, нақты 3,5%. Аудан бойынша ірі қара малы саны 79970 бас болса, соның ішіндегі асыл тұқымды ІҚМ саны 2841 бас. Көрсеткіш орындалды.
5. Жалпы қой бастарының ішіндегі асыл тұқымды малдар үлесі жоспар 2,4%, орындалуы 2,9%. Аудан бойынша мүйізді ұсақ мал саны 236732 бас болса, соның ішіндегі асыл тұқымды қой саны 6780 бас. Көрсеткіш орындалды.
6. Жалпы жылқы бастарының ішіндегі, асыл тұқымды жылқылар үлесі жоспар 2,7%, нақты 2,5%. Аудан бойынша жылқылар саны 24473 бас болса, соның ішіндегі асыл тұқымды жылқылар саны 624 бас. Көрсеткіш орындалмаған.
7. «НУХ «КазАгро» АҚ арқылы жүзеге асырылатын жобалар саны жоспар 4, нақты 4. Көрсеткіш орындалды.
2015 жылы «НУХ «КазАгро» АҚ арқылы 12,0 млн. теңгеге "Арыстанбек-Үржар" ЖШС-нің сүт қабылдау пунктісі, 5,4 млн. теңгеге ЖК- Нығмет Қайролланың сүт қабылдау пунктісі іске асырылды, 207,5 млн. теңгеге "Сағади" ш/қ 200 бас сауын сиырларға арналған сүт тауарлық ферма құрылысының жобасына несие алу үшін өтініш берілген, "Алғабас" ш/қ мал бордақылау алаңына бұқаларды сатып алу үшін 85,6 млн. теңге несие алды.
8. Азық-түлік өнімдерінің НКИ жоспары 103,0%, орындалғаны 93,7% немесе өндірілген өнім көлемі 2 929,1 млн. теңге құрады. Көрсеткіш орындалмаған.
2014 жылмен салыстырғанда өсімдік майын өндіру көлемі 0,1 %-ға, қымыз 38,2 %-ға төмендеген.
3 мақсат. Туризм индустриясын тұрақты дамыту.
Мақсатты жүзеге асыру үшін 1 мақсатты индикатор және 2 тікелей нәтиже көрсеткіші қарастырылған. 2015 жылдың қорытынды статистикалық есептері ағымдағы жылдың наурыз-сәуір айларында әзірленуіне байланысты, нақты көрсеткіштерге күтілетін мәліметтер қолданылды.
1. Орналастыру орындары бойынша қызмет көрсетілген келушілер саны жоспар 126,215 мың адам, 2015 жылдың қорытындысы бойынша күтілетін көрсеткіш 126,215 мың адамды немесе 100,0% құрайды. Соның ішінде, резиденттер жоспар 125,0 мың адам, болжамды орындалуы 125,0 мың адам, резиденттер емес жоспар 1,215 мың адам, болжамды орындалуы 1,215 мың адам.
2. Орналастыру орындарының саны жоспар 80 бірлік
Туризмді дамыту шеңберінде 2015 жылы Алакөл көлі жағалауында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы 187,2 млн. теңгеге "Айгерім" демалыс базасының құрылысы мен кеңейту іс-шарасы іске асырылды (бассейн құрылысы мен демалыс үйлерінің кеңейту жұмыстары жүргізілді). Жеке кәсіпкерлердің есебінен 100,0 млн. теңгеге 7 демалыс үйлер пайдалануға берілді.
3. Орналастыру орындарымен көрсетілген қызмет көлемі жоспар 496 500,0 мың теңге, болжамды орындалуы 496 500,0 мың теңге.
4 Мақсат. Сауданың серпінді дамуы.
Мақсатты жүзеге асыруға 1 мақсатты индикатор қарастырылған. Жыл қорытындысы бойынша қарастырылған индикатор орындалған.
1. Бөлшек сауда айналымының нақты көлем индексінің жоспары 106,4 %, нақты орындалғаны 114,9% немесе 14 042,0 млн. теңге құрады.
5 мақсат. Шағын және орта кәсіпкерліктің қарқынды дамуы
Аталған мақсатты орындауға 1 мақсатты индикатор және 1 нәтиже көрсеткіші қарастырылған. Жыл қорытындысы бойынша қарастырылған индикатор мен нәтиже көрсеткіші орындалмаған.
Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындарының ішіндегі белсенді
кәсіпорындардың үлесінің жоспары 53,0 %, нақты орындалуы 50,0 %. Индикатор орындалмаған.
2015 жылы тіркелген 132 шағын кәсіпорындардың 66-ы белсенді кәсіпорындар.
Мақсатты индикатор көрсеткішінің толық орындалмауына 5 шағын кәсіпорынның қызметінің уақытша тоқтауы өзінің кері әсерін тигізді (ЖШС " Арал төбе Урджар", "Аймад транс", "Реал базис", " Торангы", "Юлона").
2. Тіркелген шағын бизнес субъектілерінің ішіндегі жұмыс істеп тұрған үлесі жоспар бойынша 80,6 %, нақты орындалуы 71,4 %. Көрсеткіштің орындалмауына ұсақ шаруа қожалықтарының іріленуі және Алакөл көлі демалыс аймағында маусымдық қызмет көрсетуші кәсіпкерлік нысандар өзінің кері әсерін тигізді.
2015 жылы мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті қолдау шаралары :
- Мемлекеттік бағдарламалар арқылы шағын кәсіпкерлік жобаларды іске асыру («Даму» қоры, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, лизингтік компаниялар, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы);
- «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 43 алушыларға 114,8 млн. теңге көлемінде шағын несиелар берілген.
- «Жұмыспен қамту жол картасы -2020» бағдарламасы шеңберінде 56 жеке кәсіпкерлер 124,5 млн. теңге, «Кәсіпкерлік» бағдарламасы бойынша 10 жеке кәсіпкерлерге 38,1 млн. теңге көлемінде несиелер берілген.
Мақсат 6: Бизнес-климатты жақсарту және өңір экономикасына инвестиция тарту
Мақсатты жүзеге асыруға 1 мақсатты индикатор және 1 көрсеткіш қарастырылған. Жыл қорытындысы бойынша мақсатты индикатор орындалмаған, нәтиже көрсеткіші орындалды.
1. Мақсатты индикатор «Негізгі капиталға жұмсалған инвестициянын нақты көлем индексі» жоспар 105,0 %, нақты орындалуы 94,2 % болды. 2015 жылы негізгі капиталға жұмсалған инвестиция көлемі 9 251,7 млн. теңгені құрады. Бюджет есебінен жұмсалған инвестиция көлемі 14,2%-ға немесе 723,6 млн. теңгеге кеміді.
2. Жан басына шаққандағы инвестиция көлемі (01.10.2015 ж халық саны – 78772 адам) 117,4 мың теңгені құрады немесе жоспарға қарағанда 2 есеге артты.
2 - СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТ. «Әлеуметтік саланы және адамдық басымдылықты дамыту, халық өмірі сапасының деңгейін жоғарлату, сапалы әлеуметтік қызметтердің барлық түрлерімен қамтамасыз ету»
1 Мақсат: Білім берудің сапасын, қолжетімділігін, тартымтылығын арттыру және балалардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру.
Мақсатты жүзеге асыруға 4 мақсатты индикатор және 9 нақты көрсеткіштер нәтижесі қарастырылған. 2015 жылдың қорытындысы бойынша 3 мақсатты индикатор орындалып, 1 индикатор орындалмаған, 9 нақты көрсеткіш нәтижелері ішінде 8 орындалып, 1 орындалмаған.
1. Мақсатты индикатор : «Алдағы жылмен салыстырғанда үш ауысымдағы және апатты мектептер санын азайту» жоспары 100,0 %, нақты орындалғаны 25,0 %. Индикатор орындалмаған.
2. Нақты көрсеткіштер нәтижесі: Үш ауысымды және апатты мектептердің орнына жаңадан іске қосылған нысандар саны жоспар бойынша 4 бірлік, нақты іске қосылғаны 1 бірлік. Көрсеткіш орындалмаған.
Аудан көлеміндегі 4 апатты жағдайдағы мектептердің (Жансугуров атындағы мектеп, Ауэзов атындағы мектеп, Бақты ОМ, Жарбұлақ ОМ) 2015 жылы тек Бақты мектебінің құрылыс жұмыстары аяқталды.
2015 жылы жоспар бойынша көрсеткіштің орындалмауына келесі шаралар ықпал етті : Үржар ауылындағы мектеп бойынша бірінші бас мердігермен (жосықсыз мердігер болып табылуына байланысты) келісім шарт бұзылды («Остспецстрой» ЖШС). Құрылыс жұмыстарын аяқтау мақсатында жалпы құны 505,0 млн. теңгеге «Алау» ЖШС-мен келісім-шарт жасалды. Құрылыстың аяқталу мерзімі 2016 жылдың тамыз айы.
Жаңа Тілек ауылында жаңадан салынып жатқан мектеп бойынша бас мердігер
«МД Құрылыс» ЖШС -іне орындалмаған жұмыс көлемі үшін – 127,2 млн. теңгеге, алдын-ала төленген қаржы – 69,7 млн. теңгеге және тұрақсыздық ақы (неустойка) 300,0 млн. теңгені өндіру алуға сот шешімі бар.
Қабанбай ауылындағы мектеп бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды, құрал-жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілмеуіне байланысты нысан қабылданбай отыр.
3.Мақсатты индикатор: «Мектеп бітірушілер арасында мектеп бағдарламасын жақсы (жақсы, өте жақсы) меңгерген оқушылар үлесі» :
- табиғи-математика тәртібімен көрсеткішінің жоспары 62,8 %, нақты орындалғаны 64,0 % (барлық 12362 оқушылардың ішінде 7915 оқушысы (жақсы, өте жақсы) табиғи-матиматикалық білім бағдарламаларын меңгерген);
- қоғамдық-гуманитарлық тәрібі көрсеткіші бойынша жоспар – 61,5 %, нақты орындалғаны – 62,4 % немесе 7720 оқушы;
4. Жоғары білімді ұстаздар үлесі бойынша жоспар – 60,0 %, нақтысы 90,4 %. Барлық 1924 ұстаздардың ішінде 1739 жоғарғы білімділер;
5. Халықаралық олипиадаларда және конкурстарда ғылыми жарыстарда жүлдегер атанған оқушылар жоспар бойынша 1 оқушы, нақтысы 2 оқушы;
6. 1 компьютерге оқушы саны жоспар бойынша 9 адам, нақтысы 9 адам немесе білім мекемелерінде 1376 бірлік компьютерлік техникалар бар;
7. Секундына 2 Мегабайттан кем емес мәліметтерді жіберу жылдамдығы кепілдігі бар Интернетке қосылған мектептердің үлесі, жоспар бойынша 59,6 %, нақты орындалуы 60,7 % (кеңжолақты интернетке қосылған мектеп саны - 31);
8. Жалпы қызметкерлердің ішіндегі ағымдағы жылы білім мекемелеріне жаңадан жұмысқа келген жас мамандардың үлесі, жоспар бойынша 1,0 %, нақтысы 1,0 % болды. Немесе жұмысқа 20 жас мамандар қабылданды.
9. Қосымша біліммен қамтылған балалар, жоспар бойынша 12,0 %, нақтысы 25,6 % құрады. Есепті жылы қосымша біліммен 3160 бала қамтылды. Оның ішінде : музыкалық мектепте – 245, шығармашылық үйінде – 120, спорт мектебінде – 1410 бала, жаздық «Үржарайым» балалар демалыс лагерінде 1385 бала қамтылған.
10. Мүмкіндіктері шектеулі балалар арасындағы инклюзивтік біліммен қамтылғандар, жоспар бойынша 19,0 %, нақты орындалуы 19,2 %. Аудандағы 333 мүмкіндіктері шектеулі балалардың инклюзивтік біліммен 64 баласы қамтылған.
11. Инклюзивті білім беру жағдайларын жасаған олардың жалпы санынан білім беру ұйымдарының үлесі, жоспар бойынша 15,3 %, нақты орындалуы 15,7 %. Аудандағы жалпы білім беретін 51 мектептердің ішінен 8 мектепте инклюзивтік біліммен 72 оқушы қамтылған.
12. 3-6 жас аралығындағы балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен, біліммен қамтылу үлесі 100,0%. 3-6 жас аралығындағы мектепке дейінгі балалар саны -2901, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар 2901 бала, оның ішінде : 1235 бала бала бақшаларда, 1666 бала мектеп ішіндегі шағын орталықтарда.
13. Мектепке дейінгі біліммен қамтуды қажет ететіндердің санын азайту үшін ашылған орындар үлесі, жоспар бойынша 4,3 %, орындалуы 4,4 %;
Көрсеткіштің орындалуына мектепке дейінгі біліммен қамту нысандары мен оларда қамтылған балалар саның артуы өзінің оң әсерін тигізді. 205 жылы мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны 175 орынға көбейіп, 3996 орынды құрады.
2 мақсат: Тұрғындардың денсаулығын жақсарту
Мақсатты жүзеге асыруға 1 мақсатты индикатор және 12 нақты көрсеткіштер нәтижесі қарастырылған. 2015 жылдың қорытындысы бойынша денсаулық саласында жоспарланған барлық индикаторлар мен нақты көрсеткіштер толығымен орындалды, немесе аталған салада көрсеткіштердің жақсарғанын білдіреді.
Мақсатты индикатор «1000 тұрғынға шаққандағы жалпы өлім көрсеткішінің төмендеуі» жоспар бойынша 9,5%, нақты орындалуы 8,5% немесе есепті жылы 682 адам қайтыс болды.
Нақты көрсеткіш нәтижелігі «Балалар өлімін төмендету» жоспар бойынша 11,6, нақтысы 10. 2015 жылы дүниеге келген 1190 сәбилердің ішінде 12 сәби шетінеген.
1000 тірі туған балаға бала өлімінің тұрақты түрде төмендеуі (0 ден 5 жасқа дейін тірі туған балаға) жоспар бойынша 13,2, нақтысы 12,6 немесе 15 сәби шетінеген.
Қан айналымы жүйесі сырқатынан өлімнің төмендеуі, (100 мың тұрғынға шаққанда) жоспар 213,0; нақтысы 104,0; жыл көлемінде 83 оқиға тіркелген.
Қатерлі ісік сырқатынан өлімнің төмендеуі, (100 мың тұрғынға шаққанда) жоспар 93,1; нақтысы 82,7; 66 оқиға тіркелген.
Туберкулез сырқатынан өлімнің төмендеуі, (100 мың тұрғынға шаққанда) жоспар 83,61; нақтысы 35; 28 оқиға тіркелген.
Туберкулез сырқат адамдардың емдерін қолдау мақсатында әлеуметтік пакеттермен қамтылу деңгейінің үлесін арттыру, жоспар бойынша 70,0%, нақты орындалу деңгейі 100,0%. 2015 жылы әлеуметтік көмек 87 сырқаттарға көрсетілді, оның ішінде : азық-түлікке 3429,0 мың теңге, жолақыға 783,0 мың теңге көлемінде қаржы бөлініп, әлеуметтік көмектер көрсетілді.
Дәрігер кадрлар санына тапшылығының төмендеуі көрсеткішінің жоспары 8 бірлік, орындалуы 6 бірлікті құрады. Дәрігер мамандарға деген тапшылық Мақаншы ауданаралық ауруханасында байқалды (лабораторлық диагностика, невропатолог, акушер гинеколог).
Аталған көрсеткіштің орындалуына «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы өзінің жағымды әсерін тигізді. Тек ғана 2015 жылы аталған бағдарлама шеңберінде денсаулық саласына 16 жас мамандар тартылып, оларға тұрғын үй сатып алуға 22 649,1 мың теңге көлемінде бюджеттік несие беріліп, 1 109,9 мың теңгеге көтерме жәрдемақылары төленіп берілді.
Жалпы мамандар арасындағы жалпы тәжірбиелі дәрігерлердің ұлғаю үлесі, жоспар бойынша 44,0 % орындалу деңгейі 47,4 % құрады. Үржар ауданы бойынша алғашқы санитарлық- дәрігерлік көмек көрсету саласындағы дәрігерлер саны – 59, оның ішінде жалпы тәжірибелі дәрігерлер саны 28;
Тұрғындардың жалпы санынан 30% кем емес скринингтік тексерулермен қамтылуы, жоспар бойынша 45,0%, орындалуы 45,0%.
2015 жылы скринингтік тексерулермен 35922 адам қамтылды. Бұл бағытта Ұлттық скринингтік бағдарламалардың 11 түрлері жүргізіліп, қатерлі ісік және жұқпалы емес ауруларды ерте кезеңде анықтау оларды сауықтыру және емдеу мақсатына бағытталуда. Аталған мақсатқа 3 скрининг бойынша : ас қорту және асқазан т.б. қатерлі ісік ауруларын ерте кезеңде анықтау мақсатына республикалық бюджеттен 13 294,2 мың теңге, жұқпалы ауруларды анықтауға жергілікті бюджеттен 20 106,2 мың теңге қаржы бөлінді.
Жүргізілген скрининг жұмыстарының нәтижесінде ересек адамдар мен балалар арасында 5327 ауру түрлері анықталды, 20 қант диабеті, 136 қатерлі ісікке дейінгі және өршу аурулары, жаңадан пайда болған қатерлі ісіктер 7 адамнан анықталды.
Нақты көрсеткіш нәтижелеріне сәйкес, ана өлімін төмендету, туберкулез ауруынан өлімді төмендету, ВИЧ инфекциясының жайылуын тоқтату көрсеткіштері бойынша 2015 жылы келеңсіз оқиғалар тіркелген жоқ.
Бағдарламаның іс-шара жоспарына сәйкес, 2015 жылы облыстық бюджеттен орталық ауруханаға жылу қазандығының және кір жуу нысандарының ғимараттарын салу үшін 162,3 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілді.
3 мақсат: Халықтың әлеуметтік жағынан әлжуаз топтарын атаулы қолдау. Жұмыс іздеу кезеңінде халықты әлеуметтік қорғаудың белсенді түрлерін қолдану және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.Көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру.
Мақсатты жүзеге асыруға 4 мақсатты индикатор және 4 нақты көрсеткіштер нәтижесі қарастырылған. 2015 жылдың қорытындысы бойынша жоспарланған барлық индикаторлар мен нақты көрсеткіштер толығымен орындалды.
Нысаналы индикаторлар: Жұмыс іздеп келген адамдар санынан жұмыспен қамтылған халық үлесі, жоспар бойынша 73,7 %, орындалуы 94,0 %, «Табыстары ең төменгі күнкөріс мөлшерінен төмен тұрғындар үлесі» жоспар бойынша 4,2 %, орындалуы 3,8 %, «Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетумен қамтылған тұлғалардың үлес салмағы (АӘҚ-ны қажет ететін тұлғалардың жалпы санынан)» жоспар бойынша 97,5 %, орындалуы 97,6 %, «Төлқұжаттандырылған нысандар санынан мүгедектердің қолжетімділігі қамтамасыз етілген әлеуметтік, көліктік инфрақұрылым нысандар саны» жоспар бойынша 28 бірлік орындалуы 28 бірлік.
Нақты көрсеткіштер нәтижелері:
Ашылған жұмыс орындарының саны жоспар бойынша 400 орын, нақты ашылғаны 897 орын. Артық орындалуы жүзеге асырылған «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы мен тіректі елді мекендерде іске асырылған жобалар есебінен.
Атаулы әлеуметтік көмек алушылары ішіндегі еңбекке жарамды тұрғындардың үлес салмағы, жоспар бойынша 24,0 %, нақты орындалғаны 22,3% немесе АӘК алушы 157 алушылардың ішінде 35 алушылар еңбекке қабілетті азаматтар. Көрсеткіш орындалды.
Жеке сектор субъектілері (оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар) ұсынатын арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған тұлғалар үлесі, жоспар бойынша 0,53%, орындалғаны 0,53%. 2015 жылы «Үржар мүгедектері» қоғамдық бірлестігі арқылы барлығы 41 мүгедектер әлеуметтік қызмет түрлерімен қамтылды. Көрсеткіш орындалды.
Кәсіби білім алғандар санынан, жұмысқа орналасқандар саны жоспар бойынша 50 адам орындалғаны 50 адам. Көрсеткіш орындалды.
Мақсат. Отандық мәдениетті сақтау және насихаттау
Мақсатты жүзеге асыруға 1 мақсатты индикатор және 1 нақты көрсеткіштер нәтижесі қарастырылып, жыл қорытындысы бойынша толықтай орындалды.
Әлеуметтік маңызы бар мәдени шаралар саны, жоспар – 99 бірлік, нақтысы 110 бірлікті құрады.
Мәдениет ұйымдарына келушілердің 1000 адамға шаққандағы орташа саны (кітапханалар, театрлар, мұражайлар) жоспары – 105,5 адам, нақтысы 106 адамды құрады. 2015 жылы клубтық мекемелер мен ауылдық кітапханаларға келушілер саны 8350 адамды құрады.
Жоспарлы деңгейге жетуге мәдениет мекемелерінің ғимараттарына жүргізілген ағымды жөндеу жұмыстары мен материалдық-техникалық базасын нығыйту өзінің оң әсерін берді.
2015 жылы мәдениет ошақтарының саны жаңадан ашылған 5 клубтер мен 2 кітапхана есебінен жалпы мәдениет мекемелерінің саны 26 бірлікке дейін жеткізілді.
Есепті жылы «Өңірлерді дамыту - 2020» бағдарламасы шеңберінде Елтай ауылдық клуб ғимаратына 12043,1 мың теңгеге және «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы аясында республикалық бюджет есебінен 21511,0 мың теңгеге Мақаншы ауылындағы мәдениет үйінің ғимаратына заман талабына сай жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2015 жылы аудандық бюджет есебінен Жоғарғы Егінсу ауылына ауылдық клуб ғимаратының құрылысына жобалық-сметалдық құжаттарын дайындауға 2832,1 мың теңге бөлініп, жұмыс жобасы әзірленіп жатыр.
Мақсат 5. Мемлекеттік тілді және тұрғындардың лингвистикалық капиталын дамыту
Мақсатты жүзеге асыруға 1 мақсатты индикатор және 1 нақты көрсеткіштер нәтижесі қарастырылып, жыл қорытындысы бойынша 2 көрсеткіш толықтай орындалды.
Мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар үлесі, жоспар бойынша 100,0 %, орындалуы 100,0 %.
Мемлекеттік органдардағы мемлекеттік тілдегі құжат айналымының үлесі, жоспар бойынша 100,0 %, орындалуы 100,0 %. Бұл бағытта мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі әр ай сайын жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік тілде құжат айналымына үнемі сараптамалар жасап отырады.
6 мақсат: Бұқаралық және жоғары жетістіктегі спортты дамыту
Мақсатты жүзеге асыруға 1 мақсатты индикатор және 2 нақты көрсеткіштер нәтижесі қарастырылып, жыл қорытындысы бойынша көрсеткіштер толықтай орындалды.
Жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын барлық жастағы тұрғындарды қамту, жоспар бойынша 19,5%, нақтысы 30,4 % немесе 23 990 адам қамтылды.
Спортпен және дене шынықтырумен айналысуға қолжетімді нысандардың саны, жоспар-248 бірлік, нақты бары – 248 бірлік. 2014 жылмен салыстырғанда спорт залдардың саны 1 бірлікке артты (Кішкенетау орта мектебі іске қосылды).
Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын балаларды және жасөспірімдерді қамтуды ұлғайту, жоспар бойынша 6,24%, нақтысы 10,7 %, Аудан көлеміндегі 12362 оқушылардың спорт мектебіндегі спорт секцияларына қатысушылар саны 1321 оқушыны құрады.
Спорт көрсеткіштерінің жоғарлауына аудан көлемінде атқарылған келесі іс-шаралар өзінің ықпалын тигізді : өңірде 21 спорт түрлері, оның ішінде : 1 қысқы, 8 жазғы олимпиядалық және 12 олимпиядалық емес спорт түрлері бар. «Үржар ауданының спорт мектебі» мемлекеттік мекемесінде 8 спорт түрлері бойынша жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда : еркін күрес, бокс, футбол, греко-рим күресі, шаңғы, волейбол, дзю-до, қазақша күрес.
Мақсат 7: Ұлттар бірлігін қамтамасыз ету және қазақстандық патриотизмді нығайту. Мемлекеттің азаматтық қоғам институттарымен өзара қарым-қатынасын жетілдіру арқылы мемлекеттілікті нығайту.
Мақсатты жүзеге асыруға 1 мақсатты индикатор және 4 нақты көрсеткіштер нәтижесі қарастырылып, жыл қорытындысы бойынша көрсеткіштер толықтай орындалды.
Патриоттық сана-сезімді, азаматтық жауапкершілікті арттыруға, белсенді қоғамдық ұстанымды қалыптастыруға бағытталған жастармен өзара іс-қимылдың тиімді үлгісін дайындау мақсатында 2015 жылға мақсатты индикаторлар мен көрсеткіш нәтижеліктеріне жету үшін қомақты жұмыстар жүргізілді.
1. Мақсатты индикатор. «Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын оңды бағалайтын тұрғындар үлесінің артуы» жоспар - 58,0%, нақты орындалуы 58,5%.
Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын жетілдіруде келесі шаралар өткізіледі: Форум, дөңгелек үстел, азаматтық секторды дамытуда – семинарлар өткізу. 4 дөңгелек үстел, 5 акция, отырыс, 2 форум, 6 азаматтық секторды дамыту мақсатында 6 кездесулер өткізілді. Анкеталық сауалнамамен 6400 адам қамтылды, оның ішінде : 3744 адам азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын оңды бағалайтындар немесе жыл қорытындысы бойынша 58,5%-ды құрады.
2. Мемлекеттік саясаттың жастарға 14 пен 29 жас аралығындағы тұрғындардың қанағаттанарлық деңгейі көрсеткішінің жоспары - 26,0%, орындалуы 27,3%.
3. Жастар ұйымдарына тартылған жастардың үлесі, көрсеткішінің жоспары 19,0%, нақты орындалуы 19,1%.
Үржар ауданы әкімінің 2013 жылғы 13 ақпандағы № 55 қаулысы негізінде ауданда «Үржар ауданының жастар орталығы» мекемесі ашылды. Жұмыстар «Жас Отан» ауылдық округтердегі жастар кеңесі және «Жас Ұлан» мекемелері арқылы жүргізілуде.
4.Отандық телехабармен тұрғындардың қамтылуы деңгейі көрсеткіші бойынша жоспар – 36,8%, нақты орындалуы 36,9%.
5. Отандық спутниктік сандық және кабелдік телехабарларға қосылған абоненттер саны, жоспар бойынша 7532 бірлік, нақтысы 7532 бірлікті құрады.
9 мақсат. Көшелерде, басқа да қоғамдық орындарда құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесін дамыту және заңсыз есірткі айналымымен қатысты қылмыстарды анықтау.
Мақсатты жүзеге асыруға 2 мақсатты индикатор және 3 нақты көрсеткіштер нәтижесі қарастырылып, жыл қорытындысы бойынша 2 индикатор орындалмай, тікелей көрсеткіштер нәтижелері орындалды.
Көшелерде, басқа да қоғамдық орындарда құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мақсатына жету үшін бірыңғай жұмыстар жүргізілді.
«Көшеде жасалған қылмыстардың үлес салмағы» көрсеткішінің жоспары 16,0 %, нақты орындалуы 21,3%. Ішкі істер органдарының атқарған іс-шараларына қарамастан қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар саны 2014 жылмен салыстырғанда 2015 жылы 1 оқиғаға көбейіп, 74 қылмысты құрады. Индикатор орындалған жоқ.
«Көшедегі тонау деңгейінің төмендеуі» көрсеткішінің жоспары 2,2%, нақты орындалу деңгейі 1,1%. Көрсеткіш орындалды.
«Көшедегі бұзақылық деңгейінің төмендеуі» көрсеткішінің жоспары 31,5%, нақты орындалу деңгейі 6,3%. Көрсеткіш орындалды.
«Жол-көлік оқиғасынан қаза тапқандар санын азайту» көрсеткішінің жоспары 16,0 %, нақты орындалу деңгейі 21,1 %. 2015 жылы 17 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Жарақат алғандар 82 адам, қайтыс болғандар 22 адам. Индикатор орындалған жоқ.
«Жол көлік оқиғаларының санын (10 мың автокөлікке) төмендету» көрсеткішінің жоспары 31,0 нақты орындалғаны 13,7 (2014 жылы жалпы 12412 автокөліктердің ішінде, 17 жол-көлік оқиғасы тіркелген ) Көрсеткіш орындалды.
Жол қозғалыс қауіпсіздігінің алдын-алуына елді мекендерде халықтардың көптеп жиналатын орындардың маңайына орнатылған жол белгілерінің артуы, аудан орталығы мен ірі елді мекендерде автокөлік құралдарының жоғары жылдамдықта жүрулерін шектеу мақсатында автокөлік жолдарына «полиция бөгеттері» қойылды. Сонымен қатар, жол көлік оқиғаларының төмендеуіне, жол полиция бөлімі арқылы, жол көлік тәртібін бұзушыларды анықтау мақсатында, ішкі істер бөлімінің басқа бөлім қызметкерлерінің тартылуы өз әсерін тигізді.
9 мақсат: Бейбітшілік және әскери уақыттағы табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар салдарының алдын алу, ауыртпашылығын төмендету және жедел жою, адамдардың өмірін құтқару бойынша шараларды ұйымдастыру және өткізу.
Мақсатты жүзеге асыруға 1 мақсатты индикатор және 1 нақты көрсеткіштер нәтижесі қарастырылып, жыл қорытындысы бойынша 2 көрсеткіште орындалды.
Мақсатты индикатор: «Төтенше жағдайда жедел қимыл күштерімен облыстың қалалары мен аудандарын барынша кең көлемде қамту» жоспары 79,0%, нақты орындалуы 79,0%.
Нақты көрсеткіш нәтижесі: «Тасқынның, өрттің, жер сілкінісінің алдын-алу инфрақұрылымдарынмен қамтамасыз ету деңгейі» жоспары 78,7 %, нақты орындалуы 77,8 %.
Тасқынның, өрттің, жер сілкінісінің алдын-алу инфрақұрылымдарынмен қамтамасыз ету деңгейі, көрсеткішінің орындалуына жалпы құны 17878,9 мың теңгеге 12 нысандардың жағалауларын бекіту бойынша атқарылған жұмыстар өзінің оң ықпалын тигізді.
Жыл көлемінде жоспарлы түрде жүзеге асырылатын іс-шаралар мен мақсаттарға қол жеткізу, аудандағы апатты-құтқару қызметтерінің материалдық-техникалық базаларын нығайту мақсатында қосымша іс-шаралар (Елді мекен тұрғындарының әртүрлі төтенше жағдайларда өздерін ұстау ережелері баспасөз құралдары арқылы насихаттау жұмыстары) жүргізілді.
3-ші НЕГІЗГІ БАҒЫТ.
Экономиканың жылдамдатылған индустриялизациясына және тұрғын үй-коммуналдық және көлік қызметтерін қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайтын инфрақұрылымдық кешенді жаңғырту.
1 мақсат. Құрылыс жұмыстарының көлемін ұлғайту
Мақсатты жүзеге асыруға 1 мақсатты индикатор және 1 нақты көрсеткіштер нәтижесі қарастырылған.
Мақсатты индикатор: «Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі» көрсеткішінің жоспары 107,0%, орындалуы 100,9%.Индикатор орындалған жоқ. 2015 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 6 806,7 млн. теңгені құрады.
Нақты нәтиже көрсеткіші: «Тұрғын ғимаратты қолданысқа енгізу, жалпы алаңның көлемі шаршы.метр» жоспар – 6500 шаршы метр, нақты іске қосылғаны 8 283 шаршы метр. Көрсеткіш орындалды.
Есепті жылы облыстық бюджет есебінен жалпы құны 2833,4 мың теңгеге Таскескен ауылында 2 пәтерлі тұрғын үй және Үржар ауылында жалпы құны 251 496,8 мың теңгеге 27 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Нәтижесінде, тұрғын үй кезегінде тұрған 31 отбасылар тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Бүгінгі күнге Үржар ауданы әкімдігінде тұрғын үй кезегінде тұрған адамдар саны 391-ге дейін төмендеді.
2 мақсат: Көлік инфрақұрылымын жақсарту.
Мақсатты жүзеге асыруға 1 мақсатты индикатор және 1 нақты көрсеткіштер нәтижесі қарастырылған. Жыл қорытындысы бойынша қарастырылған мақсатты индикатор мен нақты көрсеткіш нәтижесі орындалды.
1.»Жақсы және қанағаттанарлық жағдайда табылатын жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі» жоспар - 83,1%, орындалуы 83,2 %. Жергілікті маңызы бар 484 шақырым автокөлік жолдарының ішіндегі 402,5 шақырымы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар болып табылады.
Жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарының күрделі және орташа жөндеу жұмыстарының жоспары 12 шақырым, нақты жөндеуден өткен автокөлік жолдарының көлемі 15 шақырым. 2015 жылы жалпы ұзындыға 15 шақырым «Үржар-Қызыл ту- Бургон» автокөлік жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
3 мақсат. Аудан халқын сапалы және қолжетімді көлік қызметімен қамту
Мақсатты жүзеге асыруға 1 мақсатты индикатор және 1 нақты көрсеткіштер нәтижесі қарастырылған. Жыл қорытындысы бойынша қарастырылған мақсатты индикатор мен нақты көрсеткіш нәтижесі орындалды.
Жолаушы айналымының көлемінің жоспары 1,076 млн. жолаушы, нақты орындалғаны 2,411 млн. жолаушыны құрады.
Көліктердің барлық түрлерімен 239,1 мың адам тасымалданды немесе 2014 жылдың деңгейінен 1,3 есеге артық.
Жолаушы автокөлігі қатынасымен қамтылмаған елді мекендердің үлесі жоспарланған деңгейде сақталып 1,8 % -ды құрады, немесе 55 елді мекендердің ішінде тек 1 ғана елді мекен жолаушы автокөлік қатынасымен қамтылмаған.
2015 жылы ауданішілік маршруттарға 4,0 млн. теңге көлемінде субсидия қарастырылып, толықтай игерілді.
4 мақсат: Аудан тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсарту.
Мақсатты жүзеге асыруға 1 мақсатты индикатор және 1 нақты көрсеткіштер нәтижесі қарастырылған. Жыл қорытындысы бойынша қарастырылған мақсатты индикатор мен нақты көрсеткіш нәтижесі орындалды.
Нормативтік пайдаланумен қамтылған кондоминимум нысандарының үлесін арттыру көлемі 1,7%-ға жеткізілді, күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминимум нысандарының үлесі 50,0%-ға дейін төмендеді.
5 мақсат: Тұрғындардың орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қолжеткізу деңгейін арттыру.
Мақсатты жүзеге асыруға 1 мақсатты индикатор және 1 нақты көрсеткіштер нәтижесі қарастырылған. Жыл қорытындысы бойынша қарастырылған мақсатты индикатор мен нақты көрсеткіш нәтижесі орындалды.
Мақсатты индикатор. «Халықты орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз ету үлесі» 48,0%-ға жеткізілді, жоспар 48,0%.
Нақты нәтиже көрсеткіші : «Орталықтандырылған су құбырына қосылған елді мекендер саны» жоспары 21 елді мекен, нақтысы 21 елді мекен.
2015 жылы аудандық бюджет есебінен Сегізбай және Бестерек ауылдарында су құбырын жаңғырту жұмыстарының ЖСҚ дайындауға 12500,0 мың теңге қаржы бөлініп, игерілді.
6 мақсат: Өңірдің елді мекендерінде су бұру жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін үздіксіз және сапалы қамтамасыз ету.
Мақсатты жүзеге асыруға 1 мақсатты индикатор және 2 нақты көрсеткіштер нәтижесі қарастырылған. Жыл қорытындысы бойынша қарастырылған мақсатты индикатор мен нақты көрсеткіш нәтижесі орындалды.
Мақсатты индикатор : «Су бұру қызметімен қамтылған тұрғындар мөлшері» жоспары
2,0%, орындалуы 2,0% құрады немесе жалпы аудан тұрғындарының арасында 1589 адам су бұру қызмет түрін пайдаланады.
Нақты көрсеткіш нәтижесі : «Су бұру қызметімен қамтамасыз етілген елді мекендер саны» көрсеткішінің жоспары 1 бірлік, нақтысы 1 бірлік немесе су бұру қызметімен Үржар ауылы қамтылған.
«Толық биологиялық тазалаудан өткен сарқынды су» көрсеткішінің жоспары 9,7 мың куб. метр нақтысы 9,7 мың куб. Метр, Жұмыстарды Үржар ауданының КМК атқарды.
4 НЕГІЗГІ БАҒЫТ. Аумақтық құрылым
1 мақсат: Ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту негізін құру, ауыл тұрғындарының өмір сүруінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету.
Мақсатты жүзеге асыруға 1 мақсатты индикатор және 3 нақты көрсеткіштер нәтижесі қарастырылған.
1. Жедел ақпараттарға сәйкес, Өңірлік Даму Министрлігінің дайындаған есептеу методикасы бойынша ауылдық елді мекендерге жасалған сараптама нәтижесінде, даму әлеуеті жоғары елді мекендердің саны 13 ауылды құрады.
2. Ауылға білім беру мамандарын тарту көрсеткіші бойынша 7 адам жоспарланған, нақты 20 адам тартылды.
3. Ауылға денсаулық сақтау мамандарын тарту көрсеткіші бойынша 7 мамандарды тарту жоспарланған, нақты ауылдық елді мекендерге тартылған мамандар саны 16 адам. Ауылдық елді мекендерге денсаулық сала мамандарына деген сұраныстың арту себебінен көптеп тартылып отыр.
4. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге келген жас мамандарды әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етілгендердің үлес салмағын арттыру көрсеткішінің жоспары 100,0 % нақты орындалу деңгейі 100,0 %, 2015 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй сатып алуға 41537,1 мың теңге 15 жас маманға бюджеттік несиелер берілді. 14 жас мамандарға 1942,3 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақысы төленді.
2 мақсат: Шекаралық елді мекендердің экономикалық потенциялын және қамтамасыз ететін инфрақұрылымды дамыту
Нысаналы индикатор: Шекаралас аудандарда халықтық санының өсіміне қол жеткізілген жоқ. Аудандағы халық саны жылдан жылға төмендеуде, жедел мәліметтерге сәйкес 2015 жылы индикатор 98,9% -ды құрады, жоспар 100,1%. Индикатор орындалған жоқ.
Аудан көлемінен халықтың кету қарқынын төмендету, тұрғындардың өмір сүру деңгейін жақсарту мақсатында 2015 жылы келесі кешенді іс-шаралар жүргізілді: атап айтқанда, тірек ауылдарды, орталық елді мекендерді, аудан орталығын дамыту, «Ақбұлақ», «Агробизнес-2020», «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламалары жүзеге асырылды.
«Шекаралық елді мекендерде бала туу қарқыны» нақты нәтиже көрсеткіші бойынша жоспар 100,0%, орындалу деңгейі 97,9%. Жедел ақпараттарға сәйкес, 2015 жылы аудан көлемінде 1190 сәби дүниеге келсе, ал 2014 жылы 1215 сәби дүниеге келген. Көрсеткіш орындалған жоқ.
НЕГІЗГІ БАҒЫТ 5.
Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру.
Мақсат 1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингісінің сапасын жетілдіру мен ұйымдастыру.
Мақсатты жүзеге асыруға 1 мақсатты индикатор және 3 нақты көрсеткіштер нәтижесі қарастырылған.
Мақсатты индикатор: «Әлеуметтік маңызды қызметтерді көрсетуде халықтын қаңағаттану деңгейі» көрсеткішінің жоспары 70%, орындалуы 71,3%-ды құрады.
Аудан әкімі аппараты тарапынан ақпараттық-коммуникациялық технологияның тиімділігін арттыру, ақпарат саласында халыққа электрондық қызмет түрлерін ұсыну бойынша кешендік іс-шаралар үйымдастырылды.
«Жалпы құжат айналымы ішіндегі электрондық құжат айналымының үлесі» нақты нәтиже көрсеткіштерінің жоспары 85,0%, орындалу деңгейі 88,0%-ды құрады.
2015 жылы мерзімі бұзылған мемлекеттік қызметтер санын азайту, мемлекеттік қызмет түрлеріне түскен шағымдардың санын азайту көрсеткіштері бойынша 0. Көрсеткіш орындалды.
2015 жылғы бағдарламаны жүзеге асыру іс-шара жоспарында жалпы құны 6 341,6 млн. теңгенің 102 іс-шаралары қарастырылған, жүзеге асырылғаны 6 291,7 млн. теңге.
Оның ішінде : «Экономика» бағытына жалпы құны 1967,3 млн. теңгенің 33 іс-шаралары қарастырылған, жүзеге асқаны 2007,1 млн. теңге;
«Әлеуметтік сала» бағытына жалпы құны 3 290,4 млн. теңгенің 43 іс-шаралары қарастырылған, жүзеге асқаны 3 201,5 млн. теңге;
«Инфрақұрылым» бағытына жалпы құны 962,6 млн. теңгенің 12 іс-шаралары қарастырылған, жүзеге асқаны 967,1 млн. теңге;
«Аумақ құрылымы» бағытына жалпы құны 102,5 млн. теңгенің 5 іс-шаралары қарастырылған, жүзеге асқаны 97,5 млн. теңге;
«Мемлекеттік қызмет» бағытына жалпы құны 18,8 млн. теңгенің 9 іс-шаралары қарастырылған, жүзеге асқаны 18,5 млн. теңге;
Мемлекеттік қаржы бақылау тарапынан, 2015 жылы бағдарламаны жүзеге асыру бойынша бақылау іс-шаралары болған жоқ.
Үржар ауданы әкімінің орынбасары Қ.Сейтқанов
Үржар ауданының экономика және
қаржы бөлімінің басшысы В.Бойкова
Достарыңызбен бөлісу: |