Алып Ер Тұңға- түркі мемлекетін басқарған көсем


Тақырыбы: Алып Ер Тұңғаның батырлығы. Идеясы



бет2/3
Дата27.02.2023
өлшемі29,3 Kb.
#170298
1   2   3
Байланысты:
Алып Ер Тұңға тттт
0-дік срезге талдау
Тақырыбы: Алып Ер Тұңғаның батырлығы.
Идеясы: Тұран елін сыртқы жаудан қорғау, түркі жұртын ішкі ынтымақ-бірлікке үндеу, туған жердің абырой-даңқын арттыру.
Тарихи құндылығы: Тұран мен Иран арасындағы қақтығыс.
Көркемдік құндылығы: Алып Ер Тұңғаның батырлығын баяндай отырып, Тұран елінің абыройын арттыру.


«Алып Ер Тұңғаны жоқтау» жыры
«Атамұра» баспасы

Шеңгелін ажал салды ма,


Ер Тұңғаны алды ма,
Сұм дүние артта қалды ма...
Қайғылы жүрек жыртылды-ау.

Сұм ажал бүгін жылатты,


Құрығын салып құлатты,
Бектердің бегін сұлатты.
Қыршын да ғұмыр қырқылды-ау.

Өмірдің күні зырлайды,


Адамның күшін ұрлайды,
Ғұмыр да мәңгі тұрмайды,
Құтылмас ешкім ажалдан.

Тәңірім торын құрғанда,


Тұтылмай адам тұрған ба,
Кертілер алып шыңдар да,
Тағдырдың оғы қадалған.

Ажалмен тәңірім сынаған,


Тұра алар қарсы кім оған,
Құздар да одан құлаған,
Құтылып ешкім кетпедің.

Аш арландай аларып,


Қадалғаннан қан алып,
Нұрлы жүздер қабарып,
Тұр қайғыға қамалып
Жауға шабар бектерім.
Ерлікті қаза сынады,
Бектерім жасын бұлады,
Бөрідей ұлып жылады,
Жоқтады жыртып жағасын.

Көңілімді қайғы жандырды,


Жазылмас жара қалдырды,
Кешегі күнге зар қылды,
Кеткенді қайдан табасың?

Жалғанның туып заманы,


Жауыздар қаптап барады,
Ашылды сұмның араны,
Сиреді қайран бектерім.

Біліктілер қалмады,


Заман оны жалмады,
Сүрінді бектің тарланы,
Салды жанға жараны.

Ажал жұтып ағаны,


Жауыз жайлап барады,
Жақсының өшіп жанары,
Дүние азып барады.
Аударған: Фариза Оңғарсынова
«Мектеп» баспасы
Алып Ер Тұңға өлді ме?
Опасыз дүние қалды ма?
Заман өшін алды ма?
Енді жүрек жыртылар…

Бектер аты болдырып,


Қайғы оларды солдырып,
Меңді жүзі сарғайып,
Запыран рең сүртілер

Бөрідей жұрт ұлысып,


Айқайын жаға жыртысып,
Өкірген үнін өшіртіп,
Жылаған көзден жас өрер.

Көңілім ішті жандырды,


Жазылған жарар жаңғарды.
Көшкен күндер көзге ұрды,
Күн-түн демей ізділер

Тағдыр кезiн келтiрдi ,


Ұры тұзағын iлдiрдi .
Бектердiн бегiн ап кеттi .
Қашса калай құтылар .

Тағдырдың күнін тербетер .


Пенденін күшiн меңдетер .
Пәнидi жұрттан тазартар .
Кашсаң тағы артылар .

Тербетер салты мұндай - ақ .


Бұдан да баска сыр көп – ақ.
Заман атса кезеп - ақ.
Таулардың басы күйрелер .

Оғын атса дәл кезеп ,


Кiм тоқтатар көлбеу кеп .
Тауды атса көздеп кеп ,
Шың шатқалы қақырар .

Замана түгел күйреді .


Бiлiмдi жаксы сейредi .
Жаман - жәутiк түптеді .
Ізгi бектер шетінер .

Бiлiмдi батыр жүнжіді .


Замана аты жаншыды .
Iзгiлер тәнi жидедi .
Жерге тиiп сүртiл ер .




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет