Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


САхАбАлАРдың ЕРЕКшЕлІКТЕРІ



Pdf көрінісі
бет11/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

4. САхАбАлАРдың ЕРЕКшЕлІКТЕРІ
Аллаһтың өз расулына нәсіп еткен және сол үшін 
таңдаған сахабалары үмбеттің ең қайырлы тұлғалары 
болып табылады. Құран кәрімде Мұхаммедтің 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
үмбетінің ең қайырлы үмбет екен-
дігі айтылған: 
«Ей, Мұхаммедтің үмбеті! Сендерді 
адамдардың игілігі үшін ең қайырлы үмбет еттім. 
Жақсылықты таратып, жамандықтың алдын алуға 
тырысарсыңдар, өйткені Аллаһқа сенесіңдер. Кітап 
38
Мүслим, Сахих 4/1818 (2332)
39
Ахмад, Мүснәд 2/350 (8588)
40
Ибн Сағыд, әт-Табақатул-кубра 1/100
41
Мүслим, Сахих 1/336 (457)
42
Пайғамбар жинағы 2/86
43
Ибн Мажә, Сүнән 1/429 (1349)


23
Сахабалар салған сара жол
иелері (әһлі-кітап) де осыған иман келтіргенде, әрине, 
өздері үшін қайырлы болар еді. Араларында иман 
келтіргендері болғанымен, көпшілігі діннен шыққан 
күнәһарлар»
(«Әли Имран», 3/110).
Бізге жеткен дерек бойынша, халифа кезінде Омар 
(р.а.) осы аятты түсіндіріп тұрып былай деген: «Аллаһ 
тағала қаласа, аятта айтылған «сендер едіңдер» деген 
сөздің орнына «сендерсіңдер» деген сөзді қолданып, 
үмбет ретінде барлық адамды осы аяттың мазмұнына 
сыйғызар еді. Алайда «сендер едіңдер» деген сөз арқылы 
аятта тек сахабалар туралы айтылып тұрғандығы 
байқалады. Сондықтан да кім соларға ұқсап, солардың 
жасағанын жасайтын болса, таңдаулы, ең қайырлы 
үмбет болу құрметін иеленеді».
Тағы бір риуаятта Омар (р.а.) бір қажылық кезінде 
кейбір жағымсыз қылықтарды байқап, аталмыш аятты 
оқып, былай дейді: «Уа, халайық! Оқылған осы аятта 
айтылған үмбет болуды қалаған адам Аллаһтың сон-
дай үмбетке қойған талаптарын орындасын». Осылай-
ша, ол үмбетіне жақсылықты бұйырып, жамандықтан 
тыю мәселесінде болсын, басқа мәселелерде бол-
сын, сахабалардан үлгі алуын және соларға ұқсауын 
насихаттаған
44

Хақ тағала құлдарына рақымдылық жа-
сап, Мұхаммедті 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
таңдап, оны 
пайғамбарлыққа лайық көрді. Артынша пайғамбарға 
лайықты сахабаларды таңдап, ең жоғары деңгейде наси-
хатталуы үшін Ислам дінінің алғашқы көмекшілерін со-
лардан жасақтады. Сондықтан да Аллаһтың құзырында 
44
әл-Хинди, әл-Кәнзул-уммал 2/492 (4289)


24
Сахабалар салған сара жол
бұл мұсылмандардың дұрыс деп тапқандары дұрыс, 
бұрыс деп тапқандары бұрыс болып табылады
45

Абдуллаһ ибн Омар (р.а.) сахабаларды былай 
сипаттайды: «Тура жолды ұстанғысы келетіндер 
өздерінен бұрынғылардың жолын ұстансын. Сахабалар 
– осы үмбеттің ең қайырлылары, ілімі мол, көңілдері 
ақ, риясыз адамдар. Олар бәрінен үстем, ақиқатқа 
мейірім қылып, мерейі тасыған қауым, өйткені Аллаһ 
оларды таңдаулы пайғамбары үшін іріктеп, дінді сол 
қадірлі қауыммен насихаттады. Ендеше, сендер де 
солардың жолын ұстаныңдар. Өйткені олар басқа емес, 
Мұхаммедтің 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
сахабалары. Сахабалар 
– нағыз тура жолмен жүргендер»
46
.
Пайғамбарымызбен 
көп 
араласып, 
ғұлама 
деңгейіне жеткен Абдуллаһ ибн Мәсғуд табиғиндерге 
(сахабаларды көргендер) мынаны ескерткен: «Сендер 
табиғин ретінде, бәлкім, сахабалардан артық ораза 
тұтып, артық намаз оқып, олардан көп шаршауларың 
мүмкін. Алайда олар сендерден де қайырлы». Мұның 
себебін сұрағандарға: «Өйткені олар дүниелік 
нәрселерге құмартпай, ақыретке көп мән беретін», – 
дейді
47
. Ол кезде сахабаның қайсысынан сұрасаңдар да, 
сол жауапты естір едіңдер
48

Бір күні Али (р.а.) намазын оқып бітіріп, сәлем 
бергеннен кейін, ішкі сырын былай ақтарады: «Мен 
Расулаллаһтың сахабаларын көрдім, таныдым. Қазір 
олар секілді ешкім жоқ. Олардың (көп намаз оқып, сәжде 
45
Әбу Нуайм, Хилия 1/375
46
Әбу Нуайм, Хилия 1/305-306
47
Әбу Нуайм, Хилия 1/136
48
Әбу Нуайм, Хилия 1/307


25
Сахабалар салған сара жол
жасаудан) жүздері бозарып, шаштары ұйпаланып, бет-
терін, көздерін шаң басатын. Таң атқанша, не Құран, 
не намаз оқитын. Аллаһтың аты аталғанда, толқып-
тебірененіп кететін. Көздерінен сорғалаған жастан 
киімдері дымқылданатын. Меніңше, бүгінде адамдар 
түндерін бейқам өткізіп жүр»
49

Осыны айтқаннан кейін Али тұрып кетеді. 
Аллаһтың пасық дұшпаны Ибн Мүлжәм шейіт еткенге 
дейін, Алидың (р.а.) күлгенін ешкім байқамаған.
49
Ибн Кәсир, әл-Бидая 8/6


26


27


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет