46
Сахабалар салған сара жол
Халидтің анасы баласының көрген бұл түсін
Расулаллаһқа
жеткізген кезде, оның «Әй, Халид! Ол
нұр – менмін, ал мен – Аллаһтың расулымын» дегенін
және Пайғамбарымыздың ұсынуымен баласының де-
реу мұсылман болғандығын айтқан
74
.
Халид ибн Саидтің көрген түсі басқа қырынан да
баяндалады. Халид ибн Саид түсінде
тілі жалаңдап,
көкке шапши лапылдаған бір оттың қасында тұрғанын,
әкесінің оны сол отқа итермелегенін, Расулаллаһтың
оны оттан қорғамақ болғанын көреді. Ақ тер, көк тер
шошып оянып: «Аллаһқа ант етемін, бұл түс тегін емес»,
– дейді. Әбу Бәкірге жолығып, түсін баян еткенде, Әбу
Бәкір «Аллаһ қайырлы етсін! Бұл – Аллаһтың хақ елшісі.
Оған мойынсұнуға асық. Көресің, жақында Ислам дінін
қабылдайсың. Түсіңде сені оттан қорғаған – Ислам. Ал,
әкең иман келтірмей, отқа түседі», – деп жориды. Ха-
лид ибн Саид Әжиәд ауданында Пайғамбарымызбен
кездесіп: «Уа, Мұхаммед! Бізге нені уағыздайсың?» –
деп сұрайды.
«Сендерді жалғыз, теңдесі мен ұқсасы жоқ Аллаһқа
және Мұхаммедтің оның
құлы әрі елшісі екендігі-
не сенуге шақырамын. Өздеріне құлшылық жасалып
жатқанын да білмейтін, пайдасы да, зияны да тимейтін,
көрмейтін, естімейтін, тастан жасалған меңіреу пұттарға
табынудан түбегейлі бас тартуға шақырамын», – дейді
ол. Халид ибн Саид оған: «Аллаһтан басқа тәңір жоқ
және сенің Аллаһтың елшісі екеніңе куәлік етемін», –
дейді. Бұған Пайғамбарымыз айрықша қуанады.
Мұсылман болған хабары қатал мінезді әкесіне
жеткеннен бастап, Халид
оның көзіне көрінбегенді
жөн көріп, Меккені сырттай айналасоқтап жүреді.
74
Хаким, Мүстәдрәк 3/277 (5082)
47
Аллаһ пен расулына шақыру
Сахабалар Хабашстанға екінші рет көшкенде,
Халид
алғашқылардың бірі болып ереді.
Халидтің (р.а.) әкесі Саид ибн әл-Ас ибн әл-Үмәйя
оны тауып әкелуді мұсылман емес балаларының бірі мен
құлы Рафиғқа тапсырады. Олар Халидті тауып алып,
әкелерінің алдына сүйрегендей ғып апарады. Әкесі: «Өз
қауымына қарсы шығып, тәңірлерін тілдеп, ата-бабала-
рын қорлағанын көре тұра, Мұхаммедтің айтқандарына
иланғаның не?» – деп, қолындағы таяқпен бір-ақ
ұрып Халидтің басын жарады. Ал Халид ибн Саид:
«Мұхаммедтің айтқандарының бәрі ақиқат», – дейді.
Әкесі ашудан булығып: «Ақымақ, көзіме көрінбей кет,
енді саған бұл үйден дәм татырмаймын», – дейді. Халид
(р.а.): «Сен бермесең де ризығымды Аллаһ береді», де-
ген кезде, әкесі оны үйден қуып шығады да, басқа бала-
ларына Халидпен сөйлесуге тыйым салады. Сөйлескен
адамға да дәл осылай жасайтынын айтып қорқытады.
Халид тура Расулаллаһқа тартады. Расулаллаһ оны
қасынан тастамай ертіп жүретін
болады
75
.
Халидтің әкесі Саид ибн әл-Ас ибн әл-Үмәйя бірде
науқастанып жатып: «Аллаһ осы аурудан айықтырса,
(Расулаллаһты меңзеп) Әбу Кәбшәнің баласының
тәңірісіне мына Меккеде енді ешкім табынбайтын бо-
лады», – дейді. Сонда Халид: «Аллаһ тағалам! Бұны
ниетіне жеткізбе», – деп тілейді.
Әкесі сол аурудан
айықпастан, ақырында көз жұмады
76
.
Достарыңызбен бөлісу: