Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи



Pdf көрінісі
бет15/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

Расулаллаһтың 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
 шеккен 
қиыншылықтарына Фатиманың (р.а.) 
қабырғасының қайысуы
Әбу Сағлаба әл-Хушәни (р.а.) былай дейді: 
«Расулаллаһ 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
кезекті бір жорығынан 
оралған еді. Келген бетте мешітке кіріп, екі рәкат на-
маз оқыды. Ол сапардан оралғанда, әдеті бойынша 
ешқайда бұрылмастан, бірден мешітке соғып, екі рәкат 
намаз оқыған соң, қызы Фатимаға барып, жағдайын 
сұрайтын. Содан кейін барып әйелдеріне назар аудара-
тын. Бұл жолы да сол әдетінен жаңылған жоқ, мешіт-
ке кіріп, намазын оқып шыққан соң, қызы Фатиманың 
үйіне тартты. Қызы оны есіктің аузында күтіп алды. 
Фатима әкесінің бетінен сүйгеннен кейін, еріксіз жы-
64
Табарани, әл-Муғжамул-кәбир 11/197 (11480)


37
Аллаһ пен расулына шақыру
лап жібереді. Аллаһтың расулы қызынан мұның мәнісін 
сұрағанда, Фатима: «Уа, Расулаллаһ! Реңің солып, 
киімдерің ескіріп кетіпті», – дейді өксігін баса алмай.
Ардақты елші (с.а.с.) «Қызым, жылама. Аллаһ 
әкеңді ұлық міндетпен жіберді, бұл дін жер бетіне тұтас 
тарайды. Ислам арқылы иман келтіргендер қадірлі 
адамдардың қатарына кіреді, ал қарсы шыққандар 
масқара болады», – дейді
65

Сахабалардың бірі Тәмим әд-Дари: «Сенгендердің 
қадірлі, ал сенбегендердің масқарасы шығатынын 
мен өзімнің туыстарымнан байқадым. Олардың ішін-
де Ислам дінін қабылдағандарының мерейі шалқып, 
жақсылыққа кенелді, зор құрметке қол жеткізді. Ал 
қасарысып күпірліктен қайтпағандардың масқарасы 
шығып, жизия салығын төлеуге мәжбүр болды»
66
, – 
деген.
2. РАСулАллАһТың иСлАМғА 
шАҚыРуыМЕн МұСылМАн болғАндАР
 Әбу бәкірдің (р.а.) мұсылман болуы
Айша (р.анһа) былай дейді: «Бір күні әкем Әбу 
Бәкір (р.а.) үйден шықты. Аллаһтың елшісіне кеткендігі 
белгілі еді. Екеуі бұрыннан бір-бірімен сырлас достар 
болатын, бір-бірін жақын танитын. Әбу Бәкір жолдасы-
на: «Әбулқасым, қауымыңның жиынына қатыспайтын 
болдың, сенің жоқтығың әрқашан байқалып жүр. 
Халық сені аталарымызды айыптайды деп кінәлауда», 
– дейді. Хазірет Мұхаммед 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
: «Мен 
65
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 1/506 (1448)
66
Ахмад ибн Ханбәл, Мүснәд 4/103 (16998)


38
Сахабалар салған сара жол
Аллаһтың расулымын. Сені бір Аллаһқа иман келтіруге 
шақырамын», – дейді.
Ол сөзін бітірер-бітірмес, әкем ойланып жат-
пастан, дереу мұсылмандықты қабылдайды. Бұған 
Расулаллаһтың қуанғаны соншалық – сол күні Меккеде 
одан бақытты ешкім жоқтай еді. 
Пайғамбарымыз бірде: «Кімді Исламға шақырсам 
да, міндетті түрде сәл кідіріп, алдымен ойланатын. 
Алайда Әбу Бәкір олай еткен жоқ», – дейді. Тіпті 
Расулаллаһ Әбу Бәкірдің бір сәт кідірместен иман кел-
тіргенін жоғары бағалап, бір күні: «Аллаһ мені сен-
дерге пайғамбар етіп жіберді. Мен осыны айтқанымда, 
барлығың мені өтірікші санап едіңдер. Ал Әбу Бәкір 
болса, «Сенің айтқаның шындық» деп бірден иман 
келтіріп, малын да, жанын да аямай, маған жан-
жақты көмек берді. Бұдан былай менің осы досымды 
ренжітпеңдер, жарай ма?» – деп екі қайтара, алдымен, 
қасындағыларға, сосын барша үмбетіне ескертеді
67
.
Әбу Бәкір (р.а.) Османға, Талха ибн Ұбайдуллаһқа, 
Зүбәйр ибн Әууам мен Сағыд ибн Әбу Уаққасқа (р.а.) 
барып, болған жайды айтады. Олар да дереу Ислам 
дінін қабылдайды. Ертеңіне Осман ибн Мазғун, Әбу 
Убайда ибн Жаррах, Абдуррахман ибн Ауф, Әбу 
Сәләма ибн Абдуләсәд, Әрқам ибн Әбул-Әрқам да (р.а.) 
мұсылмандықты қабылдайды
68
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет