44
Сахабалар салған сара жол
междеуге дайын тұратын. Мен ел көзінен тасалау бір
жерде өзіне жолығып:
– Сіз кімсіз? – деп сұрадым.
– Аллаһтың расулымын, – деді ол.
– Аллаһтың расулы деген кім? – деп сұрадым.
– Расул – Аллаһтың бұйрықтарын жеткізуші елші
деген сөз, – деп түсіндірді.
– Сонда сізді елші етіп жіберген Аллаһ тағаланың
өзі ме? – деп сұрадым.
– Иә, мені Аллаһ жіберді, –
деді ол
– Олай болса, нені уағыздайсыз? –дедім.
– Аллаһ жалғыз, Одан басқаға табынуға болмайды,
меңіреу пұттар қиратылады және ағайын-жұрттың құқы
қорғалады, орынсыз қан төгілмейді, жол қауіпсіздігі
қамтамасыз етіледі, – деді.
– Бұл сөзіңізге қосыламын.
Бар айтқандарыңыз
көкейіме қонады! Сізге сенемін. Бұған дейін осы
айтқандарыңызды кімдер қабылдады? – дедім.
– Әбу Бәкір мен құлы Біләл Хабаши, – деп жауап
берді ол.
Менің ниетімді білген соң, «Қазір жағдай ауыр,
маған
ергеніңді біреу-міреу естісе, басыңа әңгір-таяқ
орнайды. Әзірше отбасыңа орал. Мен Исламды ашық
түрде уағыздап, ақиқаттың жеңгенін көрген кезіңде
келерсің», – деді.
Мен
мұсылман болып, үйіме оралдым. Уақыты
жеткенде Аллаһтың елшісі ақиқатты ашық түрде жа-
риялап, Мәдинаға һижрет жасады. Өз басым әрдайым
мұсылмандар туралы хабардар болып жүрдім.
Мәдинадан он шақты адамнан құралған бір топ кел-
генін көргенімде, сөзімді астарлап олардан: «Сендерге
көшіп барған меккелік кісінің жағдайы нешік?» – деп
45
Аллаһ пен расулына шақыру
сұрадым. «Қауымы
ақыр соңында оны өлтірмекші
болған еді, бірақ Аллаһ бұған жол бермеді. Несін
айтасың, кейінгі уақытта иман келтіру үшін ел оған
топ-тобымен ағылуда», – деді.
Амр ибн Абаса мұны ести сала,
дереу Мәдинаға
аттанады. Пайғамбарға жолығып: «Уа, Расулаллаһ!
Мені таныдыңыз ба?» – деп сұрайды. Ардақты елші
(с.а.с.): «Иә, сен әлгі Меккеде маған келіп мойынсұнбақ
болған адам емессің бе?» – деген кезде, Амр ибн Абаса:
«Уа, Пайғамбарым! Содан бергі аралықта мен естімеген
иләһи хабарлардан құлағдар етсеңіз», – дейді
73
.
Достарыңызбен бөлісу: