43
Аллаһ пен расулына шақыру
әрі теңдесі жоқ Аллаһқа құлшылық жасауға, Лат пен
Узза деген пұттардан бас тартуға шақырамын», – дей-
ді.
Али: «Бұл – менің бұрын естімеген нәрсем.
Өздігімнен шешім қабылдай алмаймын, әкеммен
ақылдасайын», – дейді. Пайғамбарымыз дінді ашық
уағыздауға әлі бұйрық алмағандықтан, бұны Әбу
Тәліптің естігенін қаламай: «Әй, Али! Бізге әлі біраз
күте тұру керек. Сол себепті бұл туралы әзірге ешкімге
жақ ашпағаның жөн», – деп ескертеді. Али сол түні кір-
пік ілмеді. Таңертең Ақиық елшіге барып: «Кеше маған
қандай ұсыныс жасаған едіңіз?» – деп сұрайды.
Пайғамбарымыз: «Аллаһтан басқа тәңір жоқ екені-
не, Аллаһтың жалғыз әрі теңдессіз екеніне куәлік
етесің. Лат пен Уззаға ешқашан табынбай, Аллаһқа
серік қосудан аулақ боласың», – дейді.
Алидің өзі де бұған іштей әзір еді, дереу сол жерде
Ислам дінін қабылдады. Мұсылмандығын біраз уақыт
жасырып жүреді
72
. Кейіннен Әбу Тәліп олардың намаз
оқып жатқанын көреді, бірақ ештеңе демейді.
Достарыңызбен бөлісу: