59
Аллаһ пен расулына шақыру
Расулаллаһ дұғаны оқып, кері қайтқанда, артынан
біреудің еріп келе жатқанын сезеді. «Бұл кім?» – деп
дауыстайды. Әлгі адам: «Бәшір», – дейді. Расулаллаһ
оған «Аллаһтың «Егер олар болмағанда, жер беті ішін-
дегілерімен бірге жойылып кетер еді» деп сипаттаған
Рабия тайпасы арасынан сені таңдап, Исламға қосуына
ризалық білдірмейсің бе? Аллаһқа
мақтау айтуың ке-
рек емес пе?» – дейді. Бәшір: «Иә», – дейді. Расулаллаһ:
«Маған неге еріп келесің?» – деп сұрайды. «Түнде
қаланың сыртына шығасың, бір жерде құлап қалмасын
немесе жәндіктер шағып алмасын деп, артыңнан еріп
келемін»
85
, – деп елжірей жауап береді Бәшір.
баладауия тайпасынан бір адамның
Достарыңызбен бөлісу: