62
Сахабалар салған сара жол
3. ЖұП-ЖұбыМЕн иСлАМғА
шАҚыРылғАндАР
Әбу Суфиян мен оның әйелі хинд
Мұғауия былай дейді: «Бір күні әкем Әбу Суфи-
ян
атына ер салып, артына анам Хиндті мінгестіріп,
жолға шықты. Ол
кезде мен жас жігіт болатынмын,
есегіммен олардың алдында жүріп отырдым. Бір кез-
де Пайғамбардың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
даусын естідік.
Әкем маған: «Мұғауия, сен түс, Мұхаммед мінсін»,
– деді. Мен түстім, Расулаллаһ
есекке мініп, алды-
мызда аяңдап жүріп отырды. Сосын бізге қарап: «Ей,
Әбу Суфиян! Ей, Хинд! Күмәнсіз, өлесіңдер,
сосын
қайта тірілесіңдер. Жақсы адам жұмаққа, жаман адам
тозаққа барады. Мен сендерге шындықты айтып отыр-
мын. Бұл ақиқатты алғаш рет сендердің жұбыңа айтып
тұрмын», – деді. Содан соң «Фуссилат» сүресін басы-
нан бастап он бірінші аятына дейін оқыды. Әкем оған:
«Айтып болдың ба?» – деді. Аллаһ расулы: «Иә», –
деді де, есектен түсті. Анам әкеме: «Осы сиқыршыға
бола баламды есектен түсіріп, оны мінгізгенің не?»
– деген кезде, әкем: «Жоқ, Мұхаммед сиқыршы да,
өтірікші де емес», – деді
88
.
Достарыңызбен бөлісу: