77
Аллаһ пен расулына шақыру
қорғауларыңды сұраймын. Егер менің мерейім үстем
түссе, ары қарай қолдап-қолдамау өз еріктеріңізде», –
дейді. Көпшілік: «Ойың орамды, тілге шешен екенсің!
Бірақ біз ата-бабаларымыздың жолымен жүреміз», –
дейді. Алайда жастар жағы: «Уа, жұртым!
Басқалар
сендердің алдарыңды орап кетпей тұрғанда, сен-
дер олардан бұрын қимылдап, Аллаһқа бағыныңдар.
Христиандар мен яһудилер
бір пайғамбар шығатын
уақыттың жеткенін айтып жүр», – дейді. Сол кезде
араларынан көзі қитар біреу шығып «Тоқтаңдар! Мені
тыңдаңдар. Мұхаммедті өз туыстары жарылқамағанда,
қайдағы бір сендер қолдау көрсетпексіңдер ме? Бұл
бүкіл арабтармен жауласу дегенді білдіреді. Жоқ, бұлай
жасамаңдар», – дейді.
Аллаһ елшісі (с.а.с.) ол жерден де салы суға кетіп,
жабырқап оралады. Пайғамбарымыз кеткен соң, кин-
дилер
өз тайпаларына барып, болған жағдайды елге
естіртеді. Яһудилердің бірі: «Сендер бастарыңа қонған
бақыт құсын өз қолдарыңмен ұшырып отырсыңдар.
Ол адамға бағынсаңдар, арабтардың алды боласыңдар.
Біз оның сипаттарын кітабымыздан оқығанбыз»,
– дейді. Яһуди Пайғамбарымыздың сипаттарын
айтқанда, Расулаллаһты көргендер: «Бұл
адам дәл
осы сенің айтқаныңдай», – дейді. Яһуди сөзін былай
жалғастырады: «Біз соңғы пайғамбардың Меккеден
шығатынын білетінбіз.
Көшіп барып қоныстанатын
жері – Йәсриб (Мәдина)», – дейді.
Бұл тайпа өз араларында келесі жылғы қажылық
кезінде Аллаһтың расулымен жолығуға уағдаласады.
Көсемдері сол жылы олардың бұл сапарына бөгет жа-
сап, нәтижесінде ешкім қажылыққа бара алмай қалады.
Кейін біз сөз етіп отырған яһуди қайтыс болады. Демі
78
Сахабалар салған сара жол
үзілерде,
Мұхаммед Мұстафаны
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
мойындап, иман келтіргендігін жұрттың бәрі өз аузы-
нан естиді
102
.
Достарыңызбен бөлісу: