83
Аллаһ пен расулына шақыру
еді, «Шәйбан ибн Сағлабаұлдарынанбыз», –
деген
жауап естіді. Әбу Бәкір Аллаһтың расулына: «Әке-
шешем жолыңда садақа кетсін, уа, Аллаһтың елшісі!
Қауымдарының ішінде бұлардан асқан қадірлілері
жоқ», – дейді.
Мәфруқ ибн Амр, Хани ибн Қабиса, Мүсәнна ибн
Хариса және Нұғман ибн Шәрик секілді қауымның
зиялылары да сол жерде екен. Олардан Әбу Бәкірге
ең жақын отырғаны – екі өрім шашы көкірегіне түсіп
тұрған, сөзге шешендігімен танылған Мәфруқ ибн Амр
болатын. Әбу Бәкір одан:
– Қаншасыңдар? – деп сұрайды. Ол:
– Мыңнан көппіз, – деп жауап береді.
– Күштерің қалай? – деп сұрайды Әбу Бәкір.
Мәфруқ ибн Амр:
– Еш аянып қалмаймыз, – дейді. Әбу Бәкір:
– Дұшпандарыңмен
соғысқанда қалай болатын
еді? – деп сұрайды. Мәфруқ:
– Шайқасқанда тегеурініміз қатты. Тұлпарымыз
үшін жанымыз садаға, ал қаруды сауынды түйелерден
артық көреміз. Әрине, мұның бәрін беретін бір Аллаһ.
Кейде жеңіліс табамыз, кейде жұлдызымыз оңынан
туып, мерейіміз үстем түседі. Сен Құрайыштан емессің
бе? – дейді. Әбу Бәкір: – Аллаһ расулы туралы хабардар
шығарсыңдар? Міне, мына кісі сол, – дейді. Мәфруқ:
– Иә, естідік. Аллаһтың пайғамбарымын деп жүр
ғой, – дейді де, пайғамбарға:
– Ей, Құрайыштық! Бізді неге шақырасың? – дейді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) отырған кезде, Әбу Бәкір киімі-
мен оны қалқалап, көлеңкелейді. Пайғамбарымыз:
– Сендерді бір Аллаһтан басқа тәңір жоқ екеніне,
менің Аллаһтың пайғамбары екеніме сенуге, қолдауға,
84
Сахабалар салған сара жол
бұйырылған міндетімді толық орындағанға дейін маған
көмектесуге шақырамын. Құрайыш Аллаһтың дініне
қарсы соғысу үшін бір-біріне көмектесіп, Аллаһтың
пайғамбарын өтірікшіге балады, қателікке жол берді.
Аллаһ еш нәрсеге мұқтаж емес және барлық мақтау
Соған лайық, – дейді. Мәфруқ: – Тағы не айтасың? –
дейді. Аллаһ расулы мына аятты оқиды:
«Келіңдер,
Раббыларыңның сендерге нені харам еткенін мен сен
-
дерге оқып берейін: Оған серік қоспаңдар, әке-шешеге
мейірімділік танытыңдар, кедейліктен қорқып,
балаларыңды өлтірмеңдер, өйткені сендердің де,
олардың да ризығын беретін – Бізбіз. Жамандықтарға,
зинақорлыққа жоламаңдар. Нақақтан-нақақ кісі
өлтірмеңдер. Міне, ақылға саларсыңдар деп, Аллаһ сен
-
дерге осыларды бұйырады. Балиғатқа толғанға дейін
жетімнің малына тимеңдер. Таразыдан жемеңдер. Біз
ешкімге шамасы келмейтін жүк артып, қиянат жаса
-
маймыз. Туыстарың болса да, туралықты айтыңдар.
Аллаһқа берген келісімді бұзбаңдар. Міне, ойлансын
деп, Аллаһ сендерге осыларды бұйырды. Сондай-ақ
«Міне, менің тұп-тура жолым. Осыны ұстаныңдар.
Аллаһтың жолынан адастыратын басқа жолдарды
ұстанбаңдар. Жамандықтардан сақтанарсыңдар
деп, Аллаһ сендерге осыларды бұйырды» де»
(Әнғам,
6/151-153).
– Тағы қандай айтарың бар? Бұл айтқандарың
үйреншікті насихатқа ұқсамайды екен, әйтпесе осыған
дейін
естір едік, – дейді Мәфруқ.
Аллаһ расулы (с.а.с.) тағы мына аятты оқыды:
«Аллаһ әділдікті, игілікті, жақсы амалды және
туыстарының мұң-мұқтажын ескеруді бұйырады.
Ұятсыздыққа, жаман істерге, зұлымдық пен
85
Аллаһ пен расулына шақыру
жауыздыққа тыйым салады. Ойланарсыңдар деп сен
-
дерге үгіт айтады»
(Нахл, 16/90).
– Ей, Құрайыштық! Сен нағыз жақсы іске, ізгілікке
шақырдың.
Айтқаныңды терістеп, саған қарсы шыққан
қауымың адасып жүр, – дейді Мәфруқ.
Сосын Хани ибн Қабисаның да сөзге араласқанын
қалап: «Мынау тұрған – Хани ибн Қабиса – біздің
ақсақалымыз әрі рухани абызымыз», – дейді. Хани:
– Ей, Құрайыштық! Сөздеріңді тыңдадым,
айтқандарыңды қолдаймын. Аяқасты болған мына
жиында ата-баба жолын тәрк етіп, дініңе бірден кіруіміз
қателікке ұрындыра ма деп қорқамын. Қателіктің
барлығы – асығыстықтан туады. Артымызда тұрған
қауымымыз бар, олардың келісімін алмау орынды бол-
мас. Сен де, біз де өз қабырғамызбен кеңесейік, сосын
барып
бір шешімге келейік, – дейді.
Мүсәнна ибн Харисаның де сөзге араласқанын
қалағандай «Мынау – Мүсәнна. Сыйлы кісіміз әрі
шайқастарда қол бастайтын батырымыз, – дейді.
Мүсәнна:
– Сөздеріңді тыңдадым. Айтқандарың көңіліме
жақты, ғажап екен. Мен де Хани ибн Қабисаның
айтқанына қосыламын. Шыны керек,
біз Йәмәмә мен
Сәмауа деп аталатын екі судың арасын қоныстанған
қауымбыз, – дейді. Расулаллаһ (с.а.с.):
– Бұл екі су туралы айтпағыңыз не? – деп сұрайды.
Мүсәннә:
– Бірі – құрлықтың биік қыраты мен араб жері,
екіншісі – парсылардың жері, Кисраның өзендері. Біз ол
жерге алғаш қоныстанған кезде, Кисра бізден ешқандай
дау тудырмауға, кісі өлтіргендерді паналатпауға уәде
алды. Сенің бұл дініңді патшалар ұнатпайтын секілді.
86
Сахабалар салған сара жол
Араб жерінде туындаған мәселеге келсек, бұған кешірім
беріледі. Ал парсы жерінде ондай адамға кешірім беріл-
мейді. Осыған орай, егер араб жерінде саған көмек бе-
руімізді қаласаң, бұл тілегіңді орындаймыз, – дейді.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
– Жақсы айттыңыз, шындықты жақсы жеткіздіңіз.
Өйткені жағдайды жан-жақты
таразыламаған адам
Аллаһтың дінін игере алмайды, – дейді. Содан соң Әус
пен Хазраждың мәжілістеріне бардық. Біз сол жерде
отырғанда, олар Аллаһ расулына (с.а.с.) серт берді. Али
(р.а.): «Әус пен хазраждықтар өте турашыл әрі сабыр-
лы адамдар еді», – дейді
106
.
Достарыңызбен бөлісу: