Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Пайғамбарымыздың Кағыбұлдарын



Pdf көрінісі
бет36/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

Пайғамбарымыздың Кағыбұлдарын 
исламға шақыруы
Абдуррахман 
әл-Амири 
өз 
қауымының 
ақсақалдарынан естігендерін былай жеткізеді: 
«Укказ жәрмеңкесінде Аллаһ расулы бізге келіп 
кім екенімізді сұрады: 
– Амир ибн Сасағаұлдарынанбыз. 
– Қай Амирұлдары? 
– Кағыб ибн Рабияұлдары. 
– Көмек пен қолдау сұрағандарды қорғап-
қолдайтындай күштерің бар ма? – деп сұрайды 
Пайғамбарымыз. 
– Біздің жағымызда болған адамға ешкім тиісе ал-
майды, – дейді олар. 
– Мен Аллаһтың расулымын. Раббымның 
бұйрықтарын уағыздауым үшін сендерден жәрдем 
сұрап келдім. Ешқайсыңды қыстап, қинамаймын да, – 
дейді Пайғамбарымыз. Олар сонда Пайғамбарымызға: 
– Құрайыштың қай тайпасынансың? – дейді. 
– Абдулмұтталибұлдарынан.
– Абду Мәнәбұлдарымен байланысың қалай? 
Олармен ара-қатынасың жақсы ма? – деп сұрайды 
олар.
– Олар мені өтірікшіге балап, ит қосып қуды, – 
дейді Аллаһ расулы (с.а.с.). Сасағаұлдары: 
102
Әбу Нуайм, Дәләил 1/259


79
Аллаһ пен расулына шақыру
– Біз сені қумаймыз, бірақ пайғамбарлығыңды 
мойындамаймыз. Алайда, дініңді уағыздауыңа 
көмектесеміз, – дейді. 
Бұдан кейін Расулаллаһ 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
солардың 
қасында болады. Сасағаұлдары өз шаруасымен айналы-
сып сауда жасап жатқанда, Бүжра ибн Қайс әл-Құшайри 
деген біреу келіп: 
– Мына қастарыңдағы адам кім? Танымадым ғой, 
– деп сұрайды. 
– Мұхаммед ибн Абдуллаһ әл-Құрайши, – дейді 
олар. 
– Бұл кісі сендердің қастарында не бітіріп жүр? 
– Бізге өзінің Аллаһтың елшісі екендігін айтып, 
дінін уағыздау үшін қолдау көрсетуімізді өтінді, – дей-
ді. 
– Сендер оған не деп жауап бердіңдер? 
– Жарайды, кел. Елімізге апарамыз, сені қорғаймыз, 
– дедік. Бұны естігенде Бүжра қатты ашуланып: 
– Мына жәрмеңкеден дәл сендер сияқты ессізді 
көрмедім. Егер Мұхаммедке қолдау білдірсеңдер, жап-
пай халықтың наразылығына ұшырайсыңдар, бүкіл 
арабтар сендермен жауласып шыға келеді. Өз қауымы 
оны сендерден жақсы біледі. Егер Мұхаммедтен бір 
жақсылық күтетін болса, өздері-ақ баяғыда қанаттыға 
қақтырмай қорғар еді. Туған жұрты сыйғызбай арала-
рынан қуған адамның айтқанына сеніп, оны паналатып, 
көмектеспекшісіңдер ме? Не істеп отырғандарыңды 
білесіңдер ме?! – деп дүрсе қоя береді. Сосын 
Расулаллаһқа (с.а.с.) қарап: 
– Тұр, өз қауымыңа бар. Мыналардың 
қамқорлығында болмағаныңда саған көресіні көрсетер 
едім, – деп кіжінеді. 


80
Сахабалар салған сара жол
Расулаллаһ ләм-мим демей түйесіне мінеді. Бүжра 
Пайғамбарымыздан құтылуға асыққандай түйенің 
бүйірін әдейі қаттырақ түртіп қалады. Мұндай оқыс 
әрекет, шалт қимылдан түйе мөңкіген кезде, қамсыз-
қаперсіз отырған Пайғамбарымыз ауып түседі. Мек-
кеде Исламды қабылдаған әйелдердің бірі Амр ибн 
Құрттың қызы Дубаға сол жақтағы туысқандарына 
қыдырып келген-ді. Пайғамбарымызға жасалған 
қиянатты көріп шошыған ол: «Әй, Амирұлдары! Мен 
үшін енді Амирұлдары жоқ! Өңшең ез, қоян жүрек не-
мелер! Көз алдарыңда Аллаһтың расулына не жасалып 
жатқанын көре тұра, ешқайсысың оған көмектесуге 
жарамадыңдар!» – деп айғай салады. 
Мына сөзге шыдамаған Дубағаның көкесінің бала-
ларынан үш адам тұрып, Бүжра мен оған көмектескен 
екі адамға қарай тұра ұмтылады. Қолына түскендерін 
жерге алып ұрып, соққының астына алады. Сонда Аллаһ 
расулы (с.а.с.): «Аллаһ тағалам! Мыналарға қайыр мен 
береке бер, ал аналарға лағынет жаудыр!» – деп дұға 
етеді. 
Расулаллаһқа көмектескен сол үш адам мұсылман 
болып, дін жолында шейіт болды. Ал қалған үшеуі ра-
сында да лағынетке ұшырады»
103



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет