«Уа, Раббым! Мына өңірді бейбіт те берекелі
ете гөр. Мені және әулетімді пұттарға табынудан
аулақ ет. Раббым! Шынында, адамдардың көпшілігі
107
Хаким, Мүстәдрәк 2/683 (4255)
89
Аллаһ пен расулына шақыру
пұттарға табынып, адасып жүр. Енді осыдан кейін
кім маған бағынса, ол менен. Кім маған қарсы келсе,
оны Өзіңнің рақымдылығыңа тапсырдым. Күмәнсіз,
Сен ерекше мейірімді, кешірімдісің. Уа, біздің Раб
-
бымыз! Мен ұрпағымның бір бөлігін сенің қасиетті
үйіңнің жанына, егін өспейтін шөлейтті жерге ор
-
наластырдым. Раббымыз! Намазды тиісінше оқысын
деп осылай жасадым. Раббым! Адамдардың көңілін
соларға бұр, оларды ризықтандыр, Саған шүкіршілік
етсін. Раббымыз! Біз жасырсақ та, жасырмасақ та,
жасаған барлық іс-әрекетіміз өзіңе аян. Жер мен көкте
Аллаһ білмейтін еш нәрсе жоқ. Барлық мақтау мен
мадақ қартайған шағымда маған Исмаил мен Ысқақты
берген Аллаһқа тән. Күмәнсіз, Аллаһ дұғаларды қабыл
етеді. Раббым! Мені және ұрпағымды намазын толық
оқитын құлдарыңнан ете гөр! Дұғамды қабыл ет,
Раббым! Раббым! Мені, анамды, әкемді және барлық
мүміндерді қиямет күні кешіре гөр! Залымдардың
істеген істерінен Аллаһ хабарсыз деп әсте ойлама.
Аллаһ олардың жазасын қорқыныштан көздері ша
-
расынан шығатын күнге қалдыруда. Бұл күні олар
қолдан келер қайран жоқ, көздері атыздай болып тек
жүгіре береді. Азап келетін күнді адамдардың есі
-
не сал. Сол күні залымдар: «Раббымыз! Бізге аз ғана
уақыт бер, Саған бағынып, пайғамбардың жолымен
жүрейік» дейді. Бұрын ешқашан өлместей, мәңгі тірі
қалатындығына ант еткен сендер емес пе едіңдер?
Сендерден бұрын өздеріне зұлымдық жасағандардың
ізін бастыңдар. Оларға не жасағанымыз да сен
-
дерге айқын. Сендерге мысалдар келтіріп, ақиқатты
түсіндірдік. Олар өздеріне тұзақ құрды. Алайда құрған
тұзақтары тау қопарарлықтай болса да, Аллаһ ай
-
90
Сахабалар салған сара жол
лаларын асыртпайды. Аллаһ пайғамбарларына берген
уәдесінен таяды деп әсте ойлама. Аллаһ, әрине, аса
үстем, күнәһарлардың сазайын беруге құдіреті же
-
теді. Сондай бір күн туады: жер басқа жерге, көктер
басқа көктерге айналады. Барлық адамдар қабірлерінен
шығып, аса үстем Аллаһтың құзырына шығады. Сол
күні күнәһар кәпірлердің бір-бірімен қосақталғанын
көресің. Көйлектері қара май болып, жүздерін от ша
-
лады. Аллаһ әрбір адамды істеген еңбегінің жемісін
беру үшін тірілтеді. Аллаһ есепті тез жүргізеді. Міне,
бұл – осылар арқылы адамдар ескертілсін, Аллаһтың
жалғыз тәңір екенін білсін, ақыл-ойы толық, ар-ожда
-
ны таза адамдар ойланып, сабақ алсын деп түсірілген
Құранның айқын уағызы»
(Ибраһим, 14/ 35-52).
Олар Аллаһ расулының (с.а.с.) сөздерін ұйып
тыңдайды, саналарына сәуле түсіп, иман келтіреді.
Расулаллаһ олармен тілдесіп тұрғанда, көкесі Аббас сол
жерден өтіп бара жатқан болатын. Пайғамбарымызды
даусынан танып, одан: «Қасыңдағылар кімдер?» – деп
сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз:
«Көке, мен дінді уағыздап тұрған бұлар – Мәдина
тұрғындары: Әустіктер мен Хазраждықтар. Келісіп,
тіпті мені өздерімен бірге елдеріне әкететін болды», –
дейді.
Аббас атынан түсіп: «Әй, Әус пен Хазраж
қауымы! Бұл – менің немере інім. Ең жақсы көретін
адамым. Сендер оған сеніп, өздеріңмен бірге алып ке-
туге нақты шешім қабылдаған болсаңдар, Мұхаммедті
ренжітпейтіндіктеріңе және алдамайтындықтарыңа
уәде берулеріңді сұраймын. Көршілеріміз –
дұшпандығы бәрімізге белгілі яһудилер, пайғамбарға
қастандық жасамайтындығына көзім жетпейді», – дей-
91
Аллаһ пен расулына шақыру
ді. Аббастың (р.а.) Сағыд пен жолдастарына сенім-
сіздік танытқанына ренжіген Әсәд ибн Зүрара (р.а.):
«Уа, Расулаллаһ, рұқсат етсең, сені ренжітпейтінімізді,
екі сөзге келместен айтқаныңды тыңдайтынымызды,
пайғамбарлығыңа сенгендігімізді көкеңе білдірейік», –
дейді. Расулаллаһ: «Мейлі, ешкімнің көңіліне келмей-
тіндей жауап беріңдер» дейді. Сонда Әсәд ибн Зүрара
Пайғамбарымызға қарап: «Уа, Аллаһтың елшісі! Әр
істің жеңіл жағы да, ауыр жағы да болады. Қазір сен бізді
аса ауыр іске шақырып отырсың. Өз дінімізді тастауға,
жаңа дінді мойындауға шақырдың. Бұл өте салмағы
зілбатпан ұсыныс, алайда біз ештеңеге қарамастан
келістік. Бізді дінсіздермен арамыздағы байланысы-
мызды үзуге шақырдың. Бұл қиын шарт, әйтсе де осы
ұсынысыңды да қабылдадық. Біз ешкім көз сұғып
қарауға дәті бармайтын құтты мекенде қуатты әрі іргелі
ел болып тұрған кезде, өз қауымы тастап кеткен, біз-
ден шықпаған адамның бізді басқарғанын қаладың. Бұл
өте ауыр да қиын ұсыныс болғанына қарамастан, көзді
шарт жұмып қабылдадық. Бұлардың барлығы бірдей
халыққа ұнай бермейді. Бұл тек Аллаһтың разылығы
мен рақымына бөленгісі келген, болашағының
жарқын болғанын күткен адамдарға ғана ұнайды. Осы
мәселелердің барлығында саған шын көңілмен иман кел-
тіріп, айтқандарыңды жүрекпен қабыл еттік. Саған серт
береміз. Раббымызға бағынатынымызды білдіреміз.
Раббымыз бізді қолдасын. Жанымыз да, тәніміз де сені-
мен бірге. Өз өмірімізді, бала-шағаларымызды қауіп-
қатерден қалай қорғасақ, сені де солай қорғаймыз. Бұл
уәдемізді орындайтын болсақ, Аллаһ үшін орындаймыз.
Уәдемізде тұрмасақ, опасыз болғанымыз. Лайықты
жазамызды алып, қасірет шегерміз. Уа, Расулаллаһ!
92
Сахабалар салған сара жол
Міне, біздің саған көрсететін, қолымыздан келетін бар
қолдауымыз – осы. Сыйынуға лайық құдірет бір Аллаһ
қана», – дейді.
Әсәд ибн Зүрара (р.а.) осылай деген соң, Аббас ибн
Абдулмұтталибке қарап: «Ей, пайғамбардың алдында
бізбен сөз таластырған адам! Саған келетін болсақ,
(шын ниетіңді, әрине, Аллаһ біледі) Аллаһ расулының
сенің немере інің екенін, оны бәрінен артық көретініңді
айттың. Біз алыс-жақын туыстарымызбен байланысы-
мызды үзуге бел байладық. Мұхаммедтің Аллаһтың
пайғамбары екеніне куәлік етеміз. Хақ тағала оны өзі
жіберген. Ол өтірікші емес. Айтқан сөздері пенденің
сөздерінен мүлдем ерекше. Бізден серт алмайынша,
көңіліңнің тыншымайтынын айттың. Аллаһ расулына
осындай серт бергенімізді кім-кімге де қаймықпай айта
аламыз», – дейді.
Сосын Аллаһ елшісіне: «Уа, Расулаллаһ!
Қалағаныңды ал, Раббың үшін қалаған шартыңды айт,
бұйрықтарыңды екі етпейміз», – дейді»
108
.
Достарыңызбен бөлісу: |