Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Әсад ибн Зүрара мен Зәкуан ибн



Pdf көрінісі
бет29/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

Әсад ибн Зүрара мен Зәкуан ибн 
Абдуқайсты исламға шақыру
Мәдина тұрғыны Әсад ибн Зүрара мен Зәкуан 
әлдебір мәселеге байланысты жауапқа тартылған 
еді. Олар Ұтба ибн Рабияның төрелігіне жүгіну 
үшін, Меккеге барады. Сол жерден Аллаһтың ра-
сулы (с.а.с.) туралы естіп, тіке соған жолыққанды 
жөн көреді. Пайғамбарымыз оларға Исламды 
түсіндіреді. Құраннан аяттар оқиды. Екеуі сол жер-
де мұсылмандықты қабылдайды. Сөйтіп, олар Ұтбаға 
соқпай, бірден Мәдинаға қайтады. Бұл екі әйгілі саха-
ба Мәдинаға мұсылмандықты алғаш жеткізгендердің 
қатарында саналады
92

4. РАСулАллАһТың иСлАМғА 
шАҚыРуын ҚАбылдАМАғАндАР
Әбу Жәһіл
Мұғира ибн Шұғба былай дейді: «Аллаһ ел-
шісін (с.а.с.) алғаш рет Әбу Жәһілді мұсылман болуға 
шақырып тұрғанында көрдім. Әбу Жәһіл екеуміз Мек-
кеде бір көшеден өтіп бара жатып, Аллаһтың расулымен 
кездесіп қалдық. Пайғамбарымыз Әбу Жәһілге: «Әй, 
Әбул-Хакәм! Сені Аллаһқа және расулына, Құранға се-
нуге шақырамын», – деді. Әбу Жәһіл: «Ей, Мұхаммед! 
Тәңірлерімізге тіл тигізуден бас тартасың ба? Сенің 
айтқандарыңа куәгер болғанымызды қалайсың ба? 
Айтқандарыңның рас екенін білсем, әлдеқашан саған
бағынар едім ғой», – дейді. 
Расулаллаһ қасымыздан кеткеннен кейін, Әбу 
Жәһіл маған: «Несіне өтірік айтайын, Мұхаммедтің 
92
Ибн Сағыд, әт-Табақатул-кубра 3/608


65
Аллаһ пен расулына шақыру
айтқандарының шындық екенін білемін. Бірақ бір 
нәрсе мені қинайды: Оның бабаларының бірі – Бәну 
Құсай: «Қағбаның кілті бізде болады», – деді, келістік. 
«Қажыларға су ұсыну міндетін біз орындаймыз», – 
деді, оны да қабылдадық. «Соғыс пен келісімге келу 
талқыланатын, неке қиылатын мәжілісті біз жүргіземіз», 
– деді, оны да құптадық. Тіпті «Ту көтеріп, қол бастауға 
біз лайықпыз», – деді, оған да ештеңе деген жоқпыз. 
Енді «Нәби де бізден шықты», – дейді. «Жоқ, бұған 
басымды кесіп алса да, көне алмаймын», – деді
93



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет