Расулаллаһтың осман мен Талха ибн
ұбайдұллаһты исламға шақыруы
Осман ибн Аффан мен Талха ибн Ұбайдұллаһ
Зубәйр ибн Аууамның (р.анһум) артынан еріп,
Расулаллаһқа барады. Рақым пайғамбары (с.а.с.)
оларға Исламды түсіндірді, Құран оқыды. Исламдағы
құқықтар мен жауапкершіліктерді үйретті. Егер
88
Хайсами, Мәжмәуз-зәуәид 6/17 (9825)
63
Аллаһ пен расулына шақыру
мұсылмандықты қабылдаса, Аллаһтың қандай ізгілік-
тер беретінін айтты. Сол сәтте барлығы бірге иман
келтірді. Осман: «Уа, Расулаллаһ! Біз Мағын мен
Зәрқаның арасындағы бір жерде едік. Енді көзіміз іліне
бергенде, құлағымызға тосыннан «Ей, ұйқыдағылар!
Ояныңдар! Өйткені Меккеде Ахмет
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
пайғамбарлығын жариялады» деген дауыс жетті. Мек-
кеге келгенде, сенің пайғамбарлығыңды естідік»
89
,
– дейді. Османның (р.а.) мұсылман болуы Аллаһ
расулының Дарул-Әрқамға
90
баруынан бұрын орын
алған.
Аммар мен Сүхәйбтің мұсылман болуы
Аммар ибн Ясир (р.а.) Пайғамбарымыз отырған
Дарул-Әрқамның есігінің алдында Сүхәйб ибн Синанға
кезігіп: «Мұнда не істеп жүрсің?» – деп сұрайды. Ол:
«Ал өзің не істеп жүрсің?» – деп өзіне қарсы сауал
қояды. Аммар: «Мұхаммедтің сөздерін тыңдағым кел-
ді», – дейді. Сүхәйб: «Мен де сол үшін келдім», – дейді.
Екеуі бірге ішке кіреді. Аллаһ расулы (с.а.с.) оларға Ис-
ламды түсіндіреді. Екеуі де мұсылман болады. Екеуінің
Исламды қабылдауымен мұсылман ерлердің саны
отыздан асты
91
.
89
Ибн Сағыд, әт-Табақатул-кубра 3/55
90
Ислам тарихында «Дарул-Әрқам» (Әрқамның үйі) айрықша
маңызға ие. Оның үйі Қағбаның батысында, Сафа мен
Мәруа төбелеріне жақын орналасқан еді. Қажылық жасауға
келгендер сол орынға жиі келетін. Әрқам (р.а.) мұсылмандар
қиналған алғашқы уақыттарда өз үйін Исламның қызметіне
арнаған. Пайғамбарымыз бен сахабалар жасырын түрде сол
үйде бас қосатын.
91
Ибн Сағыд, әт-Табақатул-кубра 3/247
64
Сахабалар салған сара жол
Достарыңызбен бөлісу: |