Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи



Pdf көрінісі
бет26/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

мұсылман болуы
Баладауия тайпасынан біреу Мәдинаға барып
базарға соғады. Ешкінің құнына саудаласып тұрған 
әлдебір адамдардың үстінен түседі. Оқиғаны одан ары 
әлгі адам былай жалғастырады:
«Алушы сатушыдан бағаны біраз түсіруді сұрады. 
Сол кезде кенеттен маңдайы кең, қасы жіңішке, келісті 
келген, иіні жүдеу біреу шыға келіп, бізге сәлем бер-
ді. Мен: «Хашимұлдары арасынан халықты адасты-
рып жүрген біреу шықты деуші еді. Мынау сол бол-
масын», – деп ойладым. Онымен біз де амандастық. 
Алушы оған: «Я, Расулаллаһ! Сатушыға айт, мынаның 
бағасын түсіріп берсін», – деді. Ардақты елші (с.а.с.):
«Мүлік егесі – Аллаһ. Алайда иелік ету сендердің 
құзырларыңда. Мен қиямет күні Аллаһтың құзырына 
барғанда, ешкімнің «дүниеме көз алартты, намы-
сыма тиді» деп айтқанын қаламаймын. Аллаһ мына 
85
Әбу Нуайм, Хилия 2/26


60
Сахабалар салған сара жол
жағдайларда: саудада, қарызын төлегенде, алашағын 
аларда қиындық тудырмаған адамға рақымдылық жа-
сасын», – деді. 
Ол осылай дұға етті де, өз жөніне кетіп қалды. Мен 
«Не болса да бұл кісіге барып жолығайын, айтқандарын 
тыңдайын. Тілінен бал аққан сөзге шешен екен» деп 
ойладым. Артынан қуып жетіп: 
– Уа, Мұхаммед! – дедім. Бүкіл денесімен маған 
бұрылып: 
– Не қалайсың?» – деп сұрады. Мен: 
– Жұрттың «адамдарды азғырушы, жамандыққа 
итермелеуші, ата-бабаларының табынған нәрселерін 
жоққа шығарушы» деп айыптап жүрген адамы сенсің 
бе? – деп сұрадым. 
– Иә, – деп жауап берді. 
– Елді неге үндейсің? – деп сұрадым мен. Ол: 
– Аллаһтың құлдарын Аллаһқа сенуге үндеймін, – 
деді. 
– Басқа не айтасың?
– Аллаһтан басқа тәңір жоқ екеніне және менің 
Аллаһтың елшісі екеніме, маған түсірген аяттарға 
сенуіңді, Лат пен Уззаны жоққа шығаруыңды, намазды 
дұрыс оқуыңды, малыңнан зекет беруді ескертемін.
– Зекет деген не?
– Байлардың кедей-пақырларға беретін үлесі.
– Сен елді тек ізгілікке ғана бастайды екенсің! – 
дедім. Осыдан соң оны жақыннан таныған едім. 
Ол менен: 
– Мені жақсы түсіндің бе? – деп сұрады. Мен: 
– Иә, Расулаллаһ, – дедім. Пайғамбарымыз: 


61
Аллаһ пен расулына шақыру
– Онда Аллаһтан басқа тәңір жоқ екеніне, менің 
Аллаһтың елшісі екеніме және маған түсірілген уахиға 
иман келтірдің бе? – деді. Мен: 
– Иә, келтірдім, – дедім.
Маған сенсеңіз, бұрын одан жек көретін адамым 
жоқ еді. Осы сәттен бастап, ол маған туған ата-анамнан, 
өз балаларым мен бүкіл адамзаттан да артық көрінді».
Әлгі кісі кейіннен айналадағы алыс-жақын 
адамдардың барлығын Исламға шақырды. Көбісі 
мұсылмандықты қабылдады да. Пайғамбарымыз оның 
бұл ісіне ризалық танытып, басынан сипап, ілтипат 
көрсетті
86



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет