53
Аллаһ пен расулына шақыру
сонда сіз Жаратушының қандай хабарларын жеткі-
зесіз?» – деп сұрайды. Аллаһ расулы: «Ислам дінін»,
– деп жауап бергенде, «Ислам діні деген не?» – деп
қайта сұрақ қояды. Пайғамбарымыз: «Жүзімді Аллаһқа
бұрдым, Одан басқа барлық нәрсені тәрк еттім» –
дейсің. Намаз оқып, зекет бересің. Бұған қоса мынаны
да біл:
мұсылмандардың қаны, мал-жаны бір-біріне
харам. Яғни ешқандай мұсылман басқа мұсылманды
орынсыз өлтіре алмайды. Мұсылман – мұсылманның
бауыры, бір-біріне көмекші. Кісі мұсылман болғаннан
кейін, Аллаһқа серік қосушы мүшріктерден
бойын
аулақ ұстамайынша, дұғасы қабыл болмайды.
Мұндай адамды оттан құтқаруға менің шамам жет-
пейді. Мынаны біліңдер: Раббым «Құлдарыма хақ
жолды насихаттадың ба?» – деп махшар күні
менен
сұрайды. Мен: «Насихаттадым», – деп жауап беремін.
Осы айтқандарымды естіген адам басқаларға жет-
кізсін. Барлығың жақсылап тыңдаңдар. Қиямет күні
Аллаһтың құзырына барғанда,
тілдерің буулы бола-
ды. Не істегендеріңді аяқ-қолдарың және басқа дене
мүшелерің әшкерелеп береді», – дейді.
Мұғауия ибн Хайда: «Дініміздің түп мәні осы ма,
ей, Аллаһтың елшісі?» – деп сұрайды. Аллаһ расулы:
«Сенің дінің – осы. Естігендеріңді жақсылап орындасаң,
сол саған жетеді», – деп жауап береді
81
.
Достарыңызбен бөлісу: