Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Зүлжәушәннің мұсылман болуы



Pdf көрінісі
бет24/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

Зүлжәушәннің мұсылман болуы 
Зүлжәушән Бәдір соғысынан кейін Пайғам-
барымызға бір тай жетектеп апарып: – Мына тайды сіз-
ге әкелдім, – дейді. 
Аллаһ елшісі (с.а.с.): – Оның маған керегі жоқ. 
Алайда, қаласаң, Бәдірде олжаға алынған сауыттарға 
ауыстырайық, – дейді. 
Зүлжәушән: – Ауыздығымен алысқан мұндай 
тұлпарды сауыттарға ауыстырғым келмейді, – дейді. 
Расулаллаһ: – Мақұл, бірақ маған сенің тайың қажет 
емес. Зүлжәушән, сен оны қоя тұр, мен саған бір нәрсе 
айтайын. Исламға кіріп, алғашқылардың қатарында 
болғың келмей ме? – дейді. 
Зүлжәушән: – Жоқ, – деп жауап береді. 
Рақым пайғамбары (с.а.с.): – Неліктен? – деп 
сұрайды. Ол: 
– Өз қауымың соңыңнан шырақ алып түскенін 
білемін. Айтқан сөзіңді теріске шығарып, араларынан 
сені аластағанын да білемін, – дейді. 
– Олардың Бәдірде қалай жеңіліс тапқаны ту-
ралы білесің бе? – деп сұрайды Пайғамбарымыз. 
Зүлжәушән: 
– Иә, – деп жауап береді. Пайғамбарымыз: 
– Онда сол туралы толық баяндап берейік, – де-
генде, Зүлжәушән: – Бәдір емес, Қағбаны бағындырып, 
сол жерге қоныстансаң, айтқандарыңды қабылдаймын, 
– дейді. Расулаллаһ: 
– Аман болсаң, оны да көрерсің, – дейді. 
Осы әңгімеден кейін Расулаллаһ 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
Біләл Хабашиға: «Мына адамның дорбасына Мәдина 
құрмаларынан толтырып салып бер», – дейді. 


58
Сахабалар салған сара жол
Зүлжәушән кетіп бара жатқанда, Расулаллаһ 
қасындағыларға: «Біліп қойыңдар, мына адам Бәни 
Амир батырларының ең айтулыларының бірі», – дейді. 
Зүлжәушән Мекке бағындырылғанға дейін мұсыл-
мандықты қабылдамайды. Пайғамбарымыз Меккені 
алғанда, Зүлжәушән: «Қап, әттеген-ай, Расулаллаһ 
«Кел, мұсылман бол» деген кезде, тілін алғанда ғой, 
қазір одан Хираны сұрар едім. Олжаны сол жерден алар 
едім», – деп өкінеді
84



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет