Расулаллаһтың хакәм ибн Қайсанды
исламға шақыруда танытқан
сабырлылығы
Миқдат ибн Амр (р.а.) былай дейді: «Хакәм ибн
Қайсанды тұтқындаған болатынмын. Қолбасшымыз
оны өлтірмек болды. Мен: «Мұны Расулаллаһқа
апарайық», – дедім. Расулаллаһ оны көргенде, иман
келтіргенін қалап, уағыз айтты. Миқдат ибн Амр (р.а.):
«Уа, Расулаллаһ, несіне әуреленесің? Бұл кісі бәрібір
Исламды қабылдамайды. Одан да маған бер, басын
шауып, жанын жаһаннамға жіберейін» дейді. Рақым
пайғамбары (с.а.с.) Миқдат ибн Амрдың бұл сөзін
естімегендей сыңай танытады. Ақыр соңында Хакәм
ибн Қайсан Исламды қабылдады. Миқдат ибн Амр
Хакәмнің мұсылман болғанын көріп, әуелгі айтқан
сөздеріне ұялып: «Әр істің бізге беймәлім тұсын жақсы
білетін Расулаллаһқа қалай ғана қарсылық білдірдім
екен?» деп өкініш білдіреді.
62
Бәйхақи, Сүнән 8/207 (16665)
35
Аллаһ пен расулына шақыру
Кейіннен Хакәм Аллаһ жолында соғысып, Бири
Мәғунада шейіт болды. Расулаллаһ
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
оған қатты риза кейіп танытты»
63
.
хамзаны шейіт еткен уахшидің мұсылман
болуы
Уахши Хамзаны (р.а.) шейіт еткеннен кейін, Мекке-
ге оралды. Мекке алынғаннан кейін, Таифке қашпақшы
болды. Таифтықтардың да Исламды қабылдау үшін
Расулаллаһқа бара жатқанын көргенде, барар жер, ба-
сар тауының қалмағанын аңғарады.
Пайғамбарымыз Уахшиді Исламға шақырып, ха-
бар жібереді. Уахши: «Уа, Расулаллаһ! Мені қалайша
Исламға шақырасың? Аллаһқа серік қосқандар, Аллаһ
қадірлі еткен жандарды өлтіргендер, зинақорлық
жасағандар күнәларының азабын шегеді. Қияметте, сол
бір ұлы есепке тартылу күні олардың жазалары есе-
леніп, мәңгі азап пен масқаралыққа тап болады. Мен
осының бәрін жасадым. Менің әлі де мәңгілік азаптан
құтылар мүмкіндігім бар ма?» – дейді. Осыған орай,
Аллаһ мына аятты түсіреді:
«Алайда кері қайтып,
иман келтіргендер, жақсы және дұрыс іс істегендер
осы айтылғандардан тысқары болады. Аллаһ олардың
жамандықтарын жақсылыққа, күнәларын сауапқа
айналдырады. Өйткені Аллаһ кешірімді, мейірімді»
(«Фұрқан», 25/70).
Сонда Уахши: «Әй, Мұхаммед! Иман келтіріп, із-
гілік істеу менің қолымнан келе қояр ма екен? Менің
бұған көзім жетіңкіремейді», – дейді.
Сонда Пайғамбарымыз оған мына аятты жібереді:
«Бір нәрсе ақиқат: Аллаһ өзіне серік қосқанды кешір
-
63
Ибн Сағыд, әт-Табақатул-кубра 4/137
36
Сахабалар салған сара жол
мейді, одан басқа барлық күнәларды кешіреді»
(«Ниса»,
4/48).
Уахши: «Уа, Мұхаммед! Бұл туралы сен не дейсің?
Кешіру Аллаһтың еркіне байланысты. Мені кешіре
ме, кешірмей ме, білмеймін», – дейді. Сонда мына аят
түседі: «
Ей, нәби! Сен мынаны насихатта: «Ей, көп күнә
істеп, өздеріне қиянат жасауда алдына жан салмаған
құлдарым! Аллаһтың рақымдылығынан үміт үзбеңдер.
Аллаһ қаласа, барлық күнәларды кешіреді. Өйткені Ол
асқан кешірімді әрі тым рақымды»
(«Зүмәр», 39/53).
Уахши өзі күткен жауабын алған еді. Бірден тәубаға
келді. Осыны білген кейбіреулер: «Уа, Аллаһтың ел-
шісі! Біз де Уахшидің жасағандарын жасаған едік. Бізді
де кешіре ме?» – деп сұрайды. Пайғамбарымыз: «Иә,
тәубаға келсеңдер, барлығыңды да кешіреді», – дей-
ді
64
.
Достарыңызбен бөлісу: |