Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


 уАСилА ибн ӘСКАның һиЖРЕТІ



Pdf көрінісі
бет149/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

9. уАСилА ибн ӘСКАның һиЖРЕТІ
Уасила ибн Әска 
(р.а.)
айтады: «Исламға кіру ниеті-
мен үйімнен шықтым. Пайғамбарға 
(с.а.с.)
барғанымда 
ол намаз оқып жатыр екен. Мен де соңғы сапқа намазға 
тұрдым. Солармен бірге намаз оқыдым. Аллаһ расулы 
намазын бітірген соң, қасыма келіп: «Қандай қалауың 
бар?» – деп сұрады. «Исламға кіргім келеді», – дедім. 
331
Ибн Хажар, әл-Исабә 2/212


340
Сахабалар салған сара жол
«Һижрет жасайсың ба? Сен үшін қайырлы болады», – 
деді. «Иә», – дедім. «Һижрет «бадияны» ма, әлде һижрет 
«батияны» қалайсың ба?» – деп сұрады. Мен: «Қайсысы 
жақсы?» – деп сұрадым. Ол: «Һижрет бадия. Өйткені, 
осы һижретке ниет еткен адам Аллаһ расулының 
қасында қалады. Ал һижрет батияда Расулаллаһтан 
жырақта, түбінде кір жуып, кіндік кескен жеріне қайтып 
оралады», – дегеннен кейін, «Қиын кезде болсын, жай 
уақытта болсын, қайғы мен қуанышты бірге бөлісіп, 
өзгелерге артықшылық жасалғанда да мойынсұнасың», 
– деді. «Иә, қабылдаймын», – дедім мен. Ол қолын 
созды, мен де қолымды создым. «Шамаң жеткенін-
ше», – деді. Мен де: «Шамам жеткенінше», – дедім. Со-
сын ол менің қолымды қысты
332
.
10. САФуАн ибн уМӘйя МЕн КЕйбІР 
АдАМдАРғА һиЖРЕТ ТуРАлы 
АйТылғАн СөЗдЕР
Ибн Аббас 
(р.а.)
айтады: «Меккенің терістігін-
де тұратын Сафуан ибн Умәйя «Һижрет парыз бола 
тұра, орындамаған адамның діні жоқ» дегенді естіп
«Мәдинаға һижрет етпейінше үйіме оралмаймын», – 
деп, мұсылмандардың екінші отанына айналған шаһарға 
тартып отырады. Ол әкем Аббастың үйіне түсті. Сосын 
Пайғамбарымызбен 
(с.а.с.)
жолыққанда, Аллаһ расулы 
одан: «Әй, Әбу Уәхб, бұл жерге келуіңе не себеп бол-
ды?» – деп сұрайды. «Һижрет етпеген адамның діні 
жоқ» дегенді естіп, осыны сұрауға келдім», – деп жа-
уап береді ол. Пайғамбарымыз: «Әбу Уәхб, Меккеде-
гі үйіңе қайт. Үйлеріңде болыңдар. Һижрет аяқталды, 
332
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 16/949 (46304)


341
Һижрет
алайда ниет пен жиһад мәңгі, жиһадқа шақырғанда кел-
мей қалмаңдар», – дейді
333

Тауыс айтады: «Біреулер Сафуан ибн Умәйяға 
«Һижрет етпегендер құрдымға кетеді» дегенді айтқанда, 
ол Аллаһ расулына барып, мұның себебін сұрап біл-
мейінше, басын жумауға ант ішеді. Түйесіне мініп, 
Мәдинаға қарай жолға шығады. Пайғамбарымыздың 
мешітінің алдында Пайғамбарымызбен кездесіп: «Уа, 
расулаллаһ! «Һижрет етпегендер құрдымға кетеді» де-
генді естідім. Осының себебін сенен сұрап білмейінше, 
басымды жумауға ант іштім», – дейді. 
Аллаһ расулы: «Сафуан Ислам туралы естіп, оны 
шын көңілден қабылдапты. Мекке жеңісінен кейін 
һижрет аяқталды. Бірақ ниет пен жиһад мәңгілік. 
Жиһадқа шақырылғанда келіңдер», – дейді
334

Ата ибн Әбу Рәбах айтады: «Убәйд ибн Умәйр 
әл-Ләйсимен бірге Айшаға 
(р.а.)
барып, оған һижретке 
қатысты сұрақтар қойғанымызда, Айша анамыз былай 
деп жауап берді: «Бұдан былай һижрет жоқ. Бұрын 
мүміндер қандайда бір жамандыққа ұшыраймын-ау 
деп қауіптенгендіктен, діні үшін Аллаһ пен расулының 
разылығына бөленуді үміт етіп һижрет ететін. Ал қазір 
Аллаһ Исламның мерейін үстем қылды. Қазір мүміндер 
қалаған жерінде Раббысына ғибадат жасай алады, алай-
да ниет пен жиһад мәңгілік сақталып қала бермек», – 
деді
335
.
333
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 16/952 (46312)
334
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 5/615 (13441)
335
Бұхари, Сахих 4/ 1567 (4058)


342
Сахабалар салған сара жол


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет