Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи



Pdf көрінісі
бет150/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

11. ӘйЕлдЕР МЕн бАлАлАРдың 
һиЖРЕТІ
Расулаллаһ пен Әбу бәкір 
отбасыларының һижреті
Айша 
(р.а.)
айтады: «Пайғамбарымыз 
(с.а.с.)
һижрет 
еткен кезде, бізді және қыздарын Меккеде қалдырды. 
Мәдинаға әбден орнығып алғаннан кейін, екі азат 
құлы Зәйд ибн Хариса мен Әбу Рафиді бізге жіберді. 
Мініс көлігін алсын деп, оларға бес жүз дирхам ақша 
ұстатты. Олар ақша мен екі түйені Аллаһ расулының 
есебінен Әбу Бәкірден алды. Әбу Бәкір 
(р.а.)
екі немесе 
үш түйемен бірге Абдуллаһ ибн Урайқытты да олардың 
тобына қосып, анам Үммі Румманды, мені және сіңлім 
Әсманы ала кетсін деп, баласы Абдуллаһқа хат жол-
дады. Үшеуі Құдәйд деген жерге жеткенде, Зәйд ибн 
Хариса сол бес жүз дирхамға үш түйе сатып алады. 
Сөйтіп, Меккеге барар жолда Талха ибн Ұбайдуллаһты 
кездестіреді. Ол да һижрет етуге ниет білдіреді. Оны да 
қастарына қосып алады. 
Зәйд пен Әбу Рафи Фатима, Үммі Гүлсім және 
Сәуда бинти Зәманы ертіп алды. Сонымен қатар, Зәйд 
Үммі Әймән мен баласы Усаманы да ертіп, Меккеден 
шығады. Жол бойы жұбымыз жазылған жоқ. Бәйда 
деген жерге жеткенімізде, анам екеуміз отырған түйе 
бір нәрседен үркіп, құйын-перен шаба жөнелді. Анам 
қорқып жылай бастады. Түйеміз Хәрша қыратының ете-
гіне жеткенде, бір-ақ тоқтады. Біз Аллаһтың қалауымен 
аман қалдық. Мен қалаға Әбу Бәкірдің отбасымен бірге 
кірдім. Аллаһ расулының үй іші олардың маңынан алыс 
кеткен жоқ. Аллаһ расулы ол кезде мешітінің маңынан 


343
Һижрет
шағын бөлмелер салып жатқан болатын. Отбасын осы 
баспаналарға орналастырды. Қаншама күн осы істің 
біткенін күттік
336

Пайғамбарымыздың қызы Зейнептің 
һижреті
Зейнеп 
(р.а.)
айтады: «Һижрет етуге дайындалып 
жүрген кезімде, Утбаның қызы Хинд кездесіп қалып: 
«Ей, Мұхаммедтің қызы! Естуімше, сен әкеңнің қасына 
бармақ көрінесің, солай ма?» – деп сұрады. «Жоқ, олай 
емес», – десем де, Хинд: «Сіңлім, жасырма. Қандай 
нәрсе керек болса да айт, меселіңді қайтармаймын. Ме-
нен еш нәрсе жасырма. Ер-азаматтардың арасындағы 
араздық әйелдердің арасына кірмеуі керек», – деді. 
Уаллаһи, ол бұл сөзін шын көңілімен айтқан еді. Ал мен 
болсам, қорқып, һижретке дайындалып жатқанымды 
бәрібір жасырып қалдым». 
Ибн Ысхақ айтады: «Зейнеп жолға тас түйін 
дайындалғаннан кейін, қайнысы Кинана ибн Рәби 
оған бір түйе берді. Зейнеп түйесіне мінеді. Кинана 
садағы мен жебесін сайлап, күндіз Меккеден шығады. 
Құрайыштың еркектері ақылдасып, Зейнептің соңына 
түседі де, Зитууа деген жерде оларды қуып жетеді. Ал-
дымен, Хәббар ибн Әсуад әл-Фихри қуып жетіп, най-
засымен Зейнептің түйесін түрткілейді. Түйе үркіп, 
Зейнепті құлатып түсіреді. Айтуларынша, ол кез-
де Зейнептің аяғы ауыр болған, қорыққаннан бала-
сын түсіріп алады. Кинана тізерлеп, жебелерін жерге 
тізіп, жақындаған адамды оққа байлайтынын айтып 
ескертеді. Сонда ғана барып олар сескеніп кері шегі-
336
Ибн Абдулбәрр, әл-Истиаб 4/450


344
Сахабалар салған сара жол
неді. Сәлден кейін Құрайыштық жамағаттың ішінен 
Әбу Суфиянның «Ау, батыр! Оғыңды таста, сенімен 
сөйлесейік» деп мәмілеге шақырған даусы естіледі. 
Әбу Суфиян төбесінен төніп: «Мұхаммедтің бізге 
жасағандарын, басымызға әкелген қасіреттерін көре 
тұра, тапа-тал түсте, елдің көзінше Меккеден оның 
қызын алып кетіпсің. Бұл қылығыңды көрген ел біз 
туралы не ойлайды. Бізді дәрменсіз бейшара екен де-
мей ме? Әкесі үшін оны жазаға тарту, өш алу бізге жа-
распайды. Бірақ сен әйелді кері қайтар, ел арасындағы 
сыбыс пен сыпсың сөз басылып, бәсеңдеп, ол әйелді 
қайтара алғанымызға көзі жетіп, сенімге ие болған соң 
жасырын түрде оны алып, әкесіне апарарсың», – дейді. 
Ол айтқанындай жасайды
337

Айша 
(р.а.)
анамыз бұл оқиға жайлы былай 
әңгімелейді: «Расулаллаһ 
(с.а.с.)
Меккеден кеткен-
нен кейін, қызы Зейнеп 
(р.а.)
те қайнысы Кинанамен 
бірге жолға шығады. Құрайыштар оның ізіне түседі. 
Хаббар ибн Әсуад оларды қуып жетіп, найзасын 
шошаңдатып Зейнептің түйесін шабынан түртеді. 
Мөңкіген түйеден Зейнеп аударылып қалады. Аяғы 
ауыр Зейнеп ішіндегі баласын түсіріп алып, жаны қатты 
қиналады. Осы оқиғаға байланысты Хашимұлдары 
мен Үмәйяұлдарының арасында үлкен дау туындай-
ды. Үмәйяұлдары: «Зейнеп бізге тиесілі, өйткені ол – 
біздің көкеміздің баласы Әбул-Астың әйелі», – дейді. 
Пайғамбарымыздың қызы бұл кезде Утбаның қызы 
Хиндтің жанында болатын. Хинд Зейнепке: «Осы дау-
дамайдың бәрі сенің әкеңнің кесірінен туындады», 
– деп ренжиді. Кейін Аллаһ расулы Зейнепті әкелуге 
337
Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/330


345
Һижрет
Харисаның баласы Зәйдті жұмсайды. Зәйдті аттанды-
рып тұрып Пайғамбарымыз 
(с.а.с.):
«Мына жүзігімді 
Зейнепке бер. Сонда сені менің жібергеніме сенеді», 
– дейді. Зәйд жолда мал жайып жүрген бір шопанға 
кезігеді. Одан: «Кімнің шопанысың?» – деп сұрайды. 
Әбул-Астың шопаны екенін білгеннен кейін, «Мына 
мал кімдікі?» – деп сұрайды. «Бұлар Мұхаммедтің 
қызы Зейнептікі», – дейді ол. Олар аяңдап әудем жер 
жүргеннен кейін: «Бері қара, саған бір аманат тапсыр-
сам, ешкімге көрсетпестен, иесінің қолына табыс етесің 
бе?» – деп шопанның тамырын басып көреді. Шопан 
келіскен соң, Зәйд жүзікті шопанға ұстатады. Ол оны 
Зейнепке апарып береді. Зейнеп шопаннан оны кім 
бергенін, ол адамның қайда екенін сұрап біледі. Зейнеп 
басқа ештеңе айтпастан кешті күтеді. Қараңғы түскен 
соң, Зәйдке жолығу үшін үйден шығады. Зәйд атқа 
қамшы басуға дайын отыр екен. Зейнеп Зәйд арқылы 
әкесіне аман-есен жетеді. Аллаһ расулы әрдайым «Зей-
неп қыздарымның ең қайырлысы. Ол мен үшін көп азап 
шекті» дегенді аузынан тастамайтын
338



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет