361
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
де күшейіп, бірде әлсірейді. Елдің құлдырауының
көрінісі – кедейлік пен жоқшылық. Жоқшылық белең
алып, пақыр адам өзіне көмек беретін жан таппайтын
қиын күндер туады. Ал, бай бағланы тойымсыз, ашкөз
келеді. Кедей–адам қиналғанын айтып бауырына
қанша мұң шаққанымен, одан ешбір қайыр көрмейді.
Қайыршы апталап, айлап қол жайып, қайыр сұраса да,
жарытып ас ішпейді. Азғындық пен арсыздық әбден
асқынғанда, жерден алапат дауыс шығады. Адамдар
бұл дауыс тек өз аймағынан ғана шықты деп ойлайды.
Сосын жерді Аллаһтың қалауымен белгілі бір уақыт
меңіреу тыныштық басады. Осы тыныштықтан кейін
жер қойнауындағылар сыртқа шығарылады».
«Ей, Әбу Абдуррахман, жер қойнауындағылар де-
генде нені меңзедің?» – деп сұрағандарға, Абдуллаһ
ибн Мәсғұд: «Алтын және күмісті. Бірақ сол күннен
бастап қияметке дейін алтын мен күмістен ешқандай
пайда келмейді»
356
.
Достарыңызбен бөлісу: