Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Алидің (р.а.) Әбу бәкірге (р.а.) айтқаны



Pdf көрінісі
бет166/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

Алидің (р.а.) Әбу бәкірге (р.а.) айтқаны: 
«Қызметтен бас тартқаныңды 
қабылдамаймыз»
Зәйд ибн Али аталарынан риуаят етеді: «Әбу Бәкір 
(р.а.)
бір күні Пайғамбарымыздың 
(саллаллаһу аләйһи уә сәллам)
мінберіне шығып: «Араларыңда менің халифалық 
қызметімді қалайтын адам бар ма? Бар болса сер-
тін қайтарайын» деп, осы сөзді үш рет қайталады. Әр 
айтқанында Али орнынан тұрып: «Жоқ, уаллаһи, 
372
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 5/852 (14112)


376
Сахабалар салған сара жол
бұл қызметтен бас тартқаныңды қабылдамаймыз да, 
қаламаймыз да. Сені Аллаһ расулының өзі алдыңғы 
қатарға шығарды, кім кері тартады дейсің?» – деп жау-
ап берді»
373
.
Әбу бәкірдің халифалыққа сайланғаннан 
кейін, дүниелік істерден оқшауланып, 
оңашалануы
Рабия әулетінен бір адам айтады: «Әбу Бәкір 
(р.а.)
халифалық қызметке тағайындалғаннан кейін, уайымға 
салынып, дүниеден оқшауланып, оңашаланды. Әдетте 
әй-шайға қарамайтын Омар 
(р.а.)
оның қасына барғанда, 
Әбу Бәкір Омарға ренішпен: «Бұл сенің ісің», – деп, 
билік жүргізудің қиындығын айтып шағымданады. 
Сонда Омар: «Әй, Әбу Бәкір! Сен Аллаһтың расулының 
«Бір басшы күш-қайрат жұмсап ақиқатты тапса, оған 
екі сауап, талаптанып, күш салғанымен жаңылатын 
болса, бір сауап жазылады» –дегенін білмейсің бе?» 
деп оған басу айтады»
374
.
4. хАлиФАның өЗ оРнынА МұРАгЕР 
ТАғАйындАуы
Әбу бәкірдің төсек тартып жатқанда кімді 
билікке қалдыру жайында жолдастарымен 
кеңесуі
Әбу Сәләма ибн Абдуррахман және тағы басқалар 
риуаят етеді: «Әбу Бәкір 
(р.а.)
өзін науқас меңдегеннен 
кейін, бір күні Абдуррахман ибн Ауфты 
(р.а.)
шақыртып, 
одан: «Омар ибн Хаттабтың халифалығы туралы не 
ойлайсың?» – деп сұрайды. Ол: «Өзің жақсы білетін 
373
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 8/863 (14145)
374
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 5/851 (14110)


377
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
адамды менен сұрағаның қалай?» – дейді. Әбу Бәкір: 
«Сөйтсе де сен өз пікіріңді айт», – дейді. Абдуррах-
ман ибн Ауф: «Уаллаһи, ол халифалыққа лайық де-
ген адамдардың ең абзалы», – дейді. Кейін Әбу Бәкір 
Осман ибн Аффанды 
(р.а.) 
шақыртып: «Омар халифа 
болуға лайық па, жоқ па?» – деп сұрайды. Осман: «Оны 
сен менен жақсырақ білесің ғой», – дейді. Әбу Бәкір: 
«Сонда да сен өз ойыңды айт», – деп қоймаған соң Ос-
ман 
(р.а.):
«Мынаны ашық айтайын: менің білетінім, ол 
ішкі дүниесі таңғы шықтай мөлдіреп тұрған адам, ара-
мызда оған тең келер ешкім жоқ», – дейді. Әбу Бәкір: 
«Аллаһ саған мейірімін төксін, уаллаһи, егер одан бас 
тартар болсам, сені тағайындар едім», – дейді. Әбу 
Бәкір осы мәселе төңірегінде Саид ибн Зубәйрмен
Усәйд ибн Худайрмен, ансарлар мен мұһажырлардың 
ақсақалдарымен жеке-жеке ақылдасты. Усәйд ибн Ху-
дайр «Аллаһ куә, сенен кейінгі ең таңдаулымыз – Омар. 
Ол нені болмасын Аллаһ үшін жақсы көреді, Аллаһ 
үшін қуанады, Аллаһ үшін ашуланады, ол – өте әділетті 
адам. Бұл істі одан артық атқаратын адам бар деп ойла-
маймын», – дейді
375
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет