375
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
сен біздің ең қайырлымызсың», – дейді бәрі бірауыздан.
Сонда Әбу Бәкір:
«Уа, жамағат! Адамдардың кейбірі өз еркі-
мен, кейбірі амалсыздан Ислам дінін қабылдап,
мұсылман болды. Олар Аллаһ тағаланың панасында.
Сондықтан Жаратқанның сендерге жүктеген міндет-
терін адал атқарыңдар. Ақыретте әрбір істеріңе жа-
уап беретіндеріңді ұмытпаңдар. Менің де әрдайым
азғырып, адастыруға тырысатын нәпсім мен шайтаным
бар. Сондықтан да ашулы кезімде маған жоламауға
тырысыңдар. Әйтпесе, сендерді ренжітіп қоюым
мүмкін.
Уа, жарандар! Құлдарыңның дүниені қайдан
әкелгенін қадағалап, мән беріңдер. Өйткені, хараммен
ауыздықтанған тән жұмаққа кіре алмайды. Жақсылап
тыңдаңдар, мені және менің іс-әрекеттерімді әрдайым
қадағалаңдар. Дұрыс және әділетті әрекет жасасам,
маған көмектесіңдер. Ақиқаттан ауытқитын болсам,
мені түзетіңдер. Аллаһқа мойынсұнған кезімде маған
мойынсұныңдар. Аллаһқа қарсы келетін болсам, маған
бағынбаңдар»
372
.
Достарыңызбен бөлісу: