Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи



Pdf көрінісі
бет163/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

3. САхАбАлАРдың хАлиФА ЕТІП 
Әбу бӘКІРдІ САйлАуы ЖӘнЕ 
КЕлІСПЕушІлІККЕ Жол бЕРМЕуІ
Әбу убайданың Әбу бәкірдің халифалығы 
туралы айтқаны
Әбу Бәкір (р.а.) Әбу Убәйдаға: «Кел, халифалыққа 
сені тағайындайын. Өйткені мен расулаллаһтың «Әр 
үмбеттің бір сенімді адамы болады. Әй, Убәйда, бұл 
үмбеттің сенімді адамы – сенсің» дегенін естіген едім», 
– деп хабар жібереді. Әбу Убәйда болса, «Расулаллаһтың 
бізге имам етіп намаз оқытуды бұйырған адамының ал-
дына ешқашан шықпаймын», – деп жауап береді
365
.
османның (р.а.) көзқарасы
Хумран Осман ибн Аффанның 
(р.а.)
былай де-
генін риуаят етеді: «Әбу Бәкір –халифалыққа ең лайық 
адам. Өйткені ол – шыншыл, әділ адам, ол үңгірдегі екі 
адамның бірі, Аллаһ расулының һижрет еткен кездегі 
жолдасы»
366
.
Әбу бәкірдің халифалығы туралы Али мен 
Әбу Суфиян арасында болған әңгіме
Суәйд ибн Ғафла 
(р.а.)
жеткізеді: «Әбу Суфиян 
Али мен Аббастың 
(р.а.)
қасына барып: «Ей, Али! Ей, 
Аббас! Халифалық неге Құрайыш қауымының бір 
ауылға да толмайтын әулетінің қолында? Уаллаһи, 
егер қаласаңдар, Әбу Бәкірге қарсы қол жинауға 
келіссеңдер, Мәдинаның көшелерін аттысы бар, жаяуы 
бар жер қайыстырар әскерге толтырамын»-дейді. Али 
(р.а.)
: «Оған қарсы қол жинағаныңды қаламаймын. Егер 
365
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 5/854 (14117)
366
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 5/862 (14142)


371
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
біз Әбу Бәкірді халифалыққа лайық деп таппасақ, оны 
басшы етіп сайламас едік. Ей, Әбу Суфиян! Ислам – 
бір-біріне адал, жақсылыққа жаны құмар мүміндерден 
құрылған біртұтас үмбет. Мүміндер бір-бірінен алыста 
болғанымен ниеттері бір, бір-бірін жақтап, қорғайды
жақсы көреді. Ал мұнафықтар бір-біріне қаншалықты 
жақын болса да, бір-бірін алдап, аяғынан шалуға тыры-
сады», – дейді
367

Басқа бір риуаят бойынша, Али 
(р.а.)
былай деген 
екен: «Сен Ислам мен мұсылмандарға ұзақ уақыт бойы 
жаулық істеп келдің. Бірақ ол қастандығың Исламға 
да, мұсылмандарға да ешқандай зарар берген жоқ. Әбу 
Бәкірді халифалыққа біз лайық көрдік»
368
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет