388
Сахабалар салған сара жол
Ол да дүние салғанша, осы күйімнен танған жоқпын.
Ол да маған риза болып аттанды о дүниеге. Аллаһқа
шүкіршілік, мұны да бақыт санаймын.
Сендерді басқару міндеті маған тапсырылғанда,
«Бұл халифалық
өзіне берілмей тұрғанда, бізге
қатал қарайтын еді, халифалық қолына өткеннен
кейін, төбемізге әңгір-таяқ ойнатып жүрмей ме?
деп ойлағандарыңды да білемін. Менің қандай адам
екенімді жақсы білесіңдер. Мені тауға да, тасқа да
салып сынап та көрдіңдер. Менің білуімше, сендер
де пайғамбарларыңның сүннеті мен жүрген жолын
білесіңдер. Көзі тірісінде «Расулаллаһтан сұрайтынымды
сұрап қалғанымда ғой» деп өкінетіндей мәселе жоқ мен-
де. Өйткені мен одан өзімді толғандырған, білгім кел-
ген кез келген мәселенің мән-жайын біліп алғанмын.
Мынаны біліп қойыңдар!
Әлсіз мұсылмандарға ті-
зесін батырып, қиянат жасаушыларға қолданатын
жазаны күшейтемін. Сонымен қатар, абыройлы,
жамандықтардан сақтанатын, Аллаһтың бұйрықтарына
мойынсұнатын адамдарға басымды иемін. Араларыңда
біреумен қандай да бір мәселе бойынша келіспей
қалсам, даугердің қалаған қазысына барып, жүгінуден
тартынбаймын. Сондықтан да
араларыңда кез келген
біреуіңмен арамда қандайда бір мәселе туындайтын
болса, тартынбасын, өз құқығын талап етсін.
Әй, Аллаһтың құлдары! Аллаһқа қарсы шығудан
сақтаныңдар. Маған қайырлы істерде кедергі келтірмей,
керісінше, қолдау көрсетіңдер. Жақсылықты бұйырып,
жамандықтан тыю, Аллаһтың жүктеген басқару ісінде
әділ әрекет жасауым үшін маған көмектесіңдер!»
383
383
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 5/879 (14184)
389
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
Мұхаммед ибн Зәйд
(р.а.)
айтады: Бір күні Али, Ос-
ман, Зүбәйр, Талха, Абдуррахман ибн Ауф және Сағыд
(р.а.)
бас қосады. Араларында Омармен еркін сөйлесетін
адам Абдуррахман ибн Ауф болатын. Оған: «Абдуррах-
ман, халықтың атынан мүміндердің әмірімен сөйлессең
қайтеді, оған «Кейде алдыңа
барған мұқтаж кісілер
мысың басып кеткендіктен, сенен ығып, мұң-мұқтажын
айта алмай кері қайтып кетеді екен» деп айтсаң жақсы
болар еді», – дейді. Абдуррахман ибн Ауф Омарға
әйгілі сахабалардың әйдік ескертпесін жұқалап жет-
кізгенде, ол: «Әй, Абдуррахман, Аллаһ үшін айт, осы-
ны айтуға сені Али, Осман, Талха, Зубәйр және Сағыд
жіберді ме?» – деп сұрайды. Абдуррахман ибн Ауф:
«Аллаһ куә, солар жіберді», – дейді. Омар: «Абдуррах-
ман, бастапқыда халыққа мейлінше жылы қарадым, тіп-
ті осы асқан кішіпейілділігімнен Аллаһтан қорықтым.
Сосын оларға қатал қарауға мәжбүр болдым. Енді осы
қаталдығымнан Хақ тағаладан қорқа бастадым. Бұдан
құтылудың жолын көрсетші маған?» – деп сұрайды.
Омардың бұл жауабынан кейін Абдуррахман көзінен
жас парлап орнынан тұрады. Сыртқа шығып бара жа-
тып: «Сенен кейін бұл қауымның жағдайы қалай болар
екен?!» – деп күбірлейді
384
.
Шағбидің
риуаяты бойынша, Омар
(р.а.)
бы-
лай деген: «Уаллаһи, Аллаһ ризалығы үшін жүрегім
соншалықты
елжіреп,
жұмсарады.
Сондай-ақ,
Аллаһ ризалығы үшін кейде тастан да қатты болып
қатаяды»
385
.
384
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 12/788 (35770)
385
Әбу Нуайм, Хилия 1/51