Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


он адамдық топқа қолбасшы сайлану



Pdf көрінісі
бет179/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

он адамдық топқа қолбасшы сайлану
«Түстер қаласының кіре берісінде алғашқы 
отты мен жақтым. Әбу Мұса әл-Әшғариға оқ тиіп, 
жарақаттанған болатын. Мұсылман қолы қаланы 
бағындырған кезде, Әбу Мұса мені он адамдық топқа 
қолбасшы етіп тағайындады»,
399
– дейді Шихаб әл-
Анбари.
Сапарда біреудің имам болуы
Омар (р.а.) былай деген: «Сапарға шыққан 
адамдардың саны үш адамға жетсе, араларынан біре-
уін имам сайласын. Ол Аллаһ расулының өз қолымен 
тағайындаған имам дәрежесінде болады»
400
.
9. КІМдЕР бАСшы болуы КЕРЕК?
Жамағат арасында Құранды ең жақсы 
білетін адамның басшылыққа лайық бо-
луы
Әбу Һұрайрадан (р.а.) риуаят етілген: «Бір 
жолы Расулаллаһ 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
жер қайыстырар 
қалың қолды жорыққа жіберіп тұрып, сарбаздардың 
барлығына біртіндеп Құран оқытты. Әркім білгенін-
ше оқыды. Сонда Расулаллаһ араларындағы жасы ең 
кішілерінің қасына барып: «Ей, пәленше, сен қаншасын 
жаттадың?» – деп сұрады. Ол: «Мына-мыналарды және 
«Бақара» сүресін жатқа білемін», – дейді. Аллаһ расу-
398
Ибн Хажар, әл-Исабә 2/278
399
Ибн Хажар, әл-Исабә 2/109
400
Әбу Дәуіт, Сүнән 2/42 (2608)


401
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
лы: – Шынымен «Бақара» сүресін жатқа білесің бе?» 
– дегенде, ол: «Иә», – деп жауап берді. Расулаллаһ: 
«Олай болса бар! Олардың қолбасшысы сенсің», – деді. 
Жасақтың ішінен біреуі «Уаллаһи, менің «Бақара» 
сүресін үйренбеген себебім оған лайық амал жасай ал-
маудан қорыққаным еді, басқа себебі жоқ», – деді. Сон-
да Аллаһ расулы: «Құранды үйреніңдер және оқыңдар. 
Құран үйреніп, оқыған адам хош иіс аңқыған мес 
сияқты. Құранды жаттап, бірақ оқымай жатқан адам 
аузы байлаулы хош иіс толы мес сияқты», – деді»
401
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет