Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи



Pdf көрінісі
бет181/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

10. САхАбАлАРдың бАСшылыҚ 
ҚыЗМЕТТЕн ҚАшуы
Аллаһ расулының Миқдат ибн Әсуадқа 
айтқандары 
Әнәс (р.а.) айтады: «Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм)
Миқдат ибн әл-Әсуадты бір аймаққа басшы етіп 
жібереді. Алайда біраз уақыт өткен соң, ол Аллаһ расу-
лына қайтып келеді. Одан: 
– Ел басқарған қалай екен? – деп сұрайды. 
– Халықтың кейде мені әулиедей көріп, кейде түкке 
алғысыз ететінін байқадым. Тіпті өзімнен күмәндана 
бастадым, – дейді. Пайғамбарымыз: 
– Иә, ел басқару оңай емес, – дейді.
404
Хайсами, Мәжмәуз-зәуәид 5/371 (9040)


404
Сахабалар салған сара жол
– Сені хақ дінмен жіберген Аллаһқа ант етемін, 
бұдан кейін ешқашан ел басқармаймын, – дейді. 
Миқдатқа: «Алдымызға шығып, имам бол», – деген-
де, бұл жауапкершіліктен де қашқақтайтын
405
. Тағы 
бір риуаятта Миқдат ибн Әсуад (р.а.) былай деген: 
«Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
мені бір әскери 
жасаққа қолбасшы етіп жорыққа аттандырды. Қайтып 
оралғаннан кейін, менен: «Қалай екен?» – деп сұрағанда, 
«Жанымдағыларды қызметшілерім екен деп қаламын. 
Уаллаһи, бұдан былай екі адамнан тұратын топты да 
басқармаймын» , – дедім үзілді-кесілді»
406
.
Әбу бәкірдің ел басқаруға қатысты наси-
хаттары
Рафи әт-Тайи айтады: «Бір жорықта Әбу Бәкірге 
(р.а.) жолсерік болған едім. Қайтып келген соң: «Ей, 
Әбу Бәкір! Маған айтарың бар ма?» – дедім. Ол: «Парыз 
намаздарды уақытында оқы, шын пейіліңмен зекетіңді 
бер, рамазан оразасын тұт, қажылықты орында. Ислам-
да һижреттің қайырлы екенін ұмытпа. Һижрет кезін-
де жиһад ету де абзал. Алайда ел басқаруға ұмтылма! 
Қазір адамдар ат-тонын ала қашатын басшылық 
қызметі уақыт өтпей сәнге айналады. Билік ел басқаруға 
лайық емес адамдардың қолына өтеді. Қияметте ең көп 
сұралатын, азабы ауыр есепке басқарушылар тартыла-
ды. Қатардағы адамдардың есебі оңай, көп қиындық 
көрмейді, ал басшылар саналы түрде де, байқамай да 
мүміндерге қиянат жасап қоюы мүмкін. Мүміндерге 
қиянат жасаса, Аллаһқа берген уәдесін бұзған болады. 
Өйткені мүміндер – Аллаһтың көршілері, Аллаһтың 
405
Хайсами, Мәжмәуз-зәуәид 5/364 (9024)
406
Табарани, әл-Муғжамул-кәбир 20/258 (609)


405
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
нағыз құлдары. Аллаһқа ант етемін, сендер көршілеріңнің 
малына зауал келгенде қалай уайымдасаңдар, Аллаһ 
өзінің көршісі болған мүміндердің жәбір көруіне одан 
да қатты қамығып, қайғырады»
407
.
Рафи айтады: «Осыдан бір жыл өткеннен кейін, Әбу 
Бәкірдің халифа сайланғанын естідім. Естідім де, Әбу 
Бәкірді әдейілеп іздеп бардым. «Есімім – Рафи, пәлен 
деген жерлерде сен тапсырған тексеру қызметтерін 
атқарған болатынмын», – дедім. «Иә, таныдым», – деді 
ол. «Сен маған ел басқармауға кеңес берген едің, ал өзің 
ең жоғары басшылыққа – халифалыққа сайланыпсың», 
– дедім. «Иә, реті осылай болды. Алайда кім Мұхаммед 
үмбетіне Аллаһтың кітабымен үкім бермесе, оған 
Аллаһтың қарғысы жаусын!» – деді
408



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет