Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Ауф ибн Мәлік пен халид ибн уәлид



Pdf көрінісі
бет184/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

Ауф ибн Мәлік пен халид ибн уәлид 
арасында болған оқиға
Ауф ибн Мәлік әл-Әшғари (р.а.) айтады: «Зәйд ибн 
Хариса қолбасшылық еткен шайқаста мұсылмандар 
арасында мен де бар болатынмын. Осы майдан үшін 
жасақталған, Йеменнен келген қосымша күштің 
қатарындағы біреумен жолдас болдым. Оның қылыштан 
басқа қаруы, әрі мүлік-мүккәмәлі жоқ болатын. Жолда 
мұсылмандардың бірі түйе сойды. Йемендік жолдасым 
оның терісінің бір пұшпағын алып, одан қалқан сияқты 
бір бұйым жасады. Қайта атқа қондық. Грек әскерімен 
бетпе-бет келдік. Гректерден ер-тұрманы алтынмен 
апталған атқа мініп, қолына да алтынмен әбзелденген 
қару ұстап атой салған біреу мұсылмандарды қынадай 
қыра бастады. Әлгі Йемендік жолдасым тастың та-
сасына тығылып алып, ұрымтал соққымен әлгі грек 
сарбазының атының аяғын шауып түсірді. Омақасып 
құлаған грек сарбазын өлтіріп, аты мен қаруын иемден-
ді. Аллаһ мұсылмандарға жеңіс нәсіп еткеннен кейін, 
Халид ибн Уәлид (р.а.) йемендік жауынгерге хабар жі-
беріп, өлген адамның заттарын алдыртты. Мұны есті-
ген мен ешқайда бұрылмай, кідірмей, салып-ұрып Ха-
лидке бардым. «Халид! Аллаһ расулының өлтірілген 
адамның жеке бұйымдары өлтірген адамға тиесілі бо-
латыны туралы үкімін білмейсің бе?» – дедім. Халид 
ибн Уәлид: «Иә, білемін. Алайда, бұлар өте құнды зат-
тар және ол үшін көптік етеді», – деді. «Халид, не олар-
ды әлгі адамның өзіне бересің, не болмаса Мәдинаға 
оралғанда, Аллаһ расулына бұл әрекетіңді жеткізіп ба-
рамын», – дедім. Халид айтқаныма көнбеді. Мәдинаға 
оралғаннан кейін, әдеттегінше, Расулаллаһқа не істеп, 
не қойғанымыз жайлы есеп бердік. Мен йемендік жол-


410
Сахабалар салған сара жол
дасым мен Халидтің арасында болған жайтті айттым. 
Аллаһ расулы: «Халид! Сенің олай жасауыңа не себеп 
болды?» – деп сұрады. Халид: «Уа, Расулаллаһ! Өлген 
адамның заттары көп болатын, сондықтан да алып 
қойдым», – деді. Расулаллаһ: «Халид, алғандарыңды 
қайтарып бер», – деп бұйырды. Мен: «Халид, міне 
көрдің бе? Мен саған айтқан жоқпын ба?», – дедім. Аллаһ 
расулы: «Не болды?» – деп сұрағанда мен болған жайт-
ты айттым. Аллаһ расулы ашуланып: «Халид, оларды 
қайтарып бермейсің. Қолбасшыларым мен менің ара-
ма килікпесеңдер болмай ма? Соғыстың қиындығын 
олар шегеді, ал қаймағын сендер жейсіңдер», – деді
413



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет