Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ел басшысына



Pdf көрінісі
бет187/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ел басшысына 
бағыну және құрмет көрсету туралы Әбу 
Зәрр ғифариға (р.а.) айтқаны
Әсма бинти Йәзид (р.а.) айтады: «Әбу Зәрр (р.а.) 
Пайғамбарымызға 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
қызмет ететін еді, 
өз жұмысын бітірген соң мешітке баратын. Оның үйі 
мешіт болатын, әрдайым сол жерге түнейтін. Бір күні 
түнде Расулаллаһ мешітке кірген кезде, Әбу Зәррдің 
мешіттің ішінде, жерде ұйықтап жатқанын көреді. Оны 
аяғынан түртіп оятады. Әбу Зәрр оянып, әдеп сақтап, 
дұрыстанып отырады. Расулаллаһ: «Неге сен әрдайым 
осында ұйықтайсың?» – деп сұрайды. «Уа, Расулаллаһ, 
енді қайда барып жатамын? Бұдан басқа барар жерім 
жоқ», – деп жауап береді ол. Аллаһ расулы Әбу Зәррдің 
418
Ибн Кәсир, әл-Бидая 4/226


414
Сахабалар салған сара жол
қасына тізе бүгіп: «Сені мешіттен шығарып жібер-
се, не істейсің?» – деп сұрайды. «Шамға барамын, 
өйткені Шам – һижрет аймағы, махшар орны және 
пайғамбарлар мекені.
Сол жерлік боламын», – дейді. 
Расулаллаһ: «Сені Шамнан да шығарып жіберсе ше?» 
– дегенде, Әбу Зәрр: «Осы мешітке қайта ораламын», 
– дейді. «Ал екінші рет бұл жерден қуып шықса ше?» – 
дегенде «Қаруымды асынып, шейіт болғанша, жаумен 
шайқасамын», – дейді. Аллаһ расулы оның бұл жауа-
бына күлімсіреп, қолын Әбу Зәррдің иығына қойып, 
«Мен саған бұдан да жақсы бір жол көрсетейін бе? 
Сені қайда жіберсе де, басшыларды тыңдап, жіберген 
жеріне барасың. Маған қауышқанға дейін, осылайша 
сабырлылық танытасың», – дейді
419
.
Тавустың 
риуаятында 
мынадай 
қосымша 
мәліметтер кездеседі: «Әбу Зәрр (р.а.) Рәбәзаға жі-
беріліп, ол сол жерде Османның бір қара құлымен кез-
деседі. Қара құл азан шақырып, қамат айтқаннан кейін 
Әбу Зәррға: «Әй, Әбу Зәрр, сен имам бол», – дейді. 
Әбу Зәрр: «Жоқ, Аллаһ расулы маған қара құл болса 
да (басқарған адамға) бағынуды бұйырған болатын», 
– деп жауап береді. Сөйтіп құл имам болып, Әбу Зәрр 
оның артында тұрып намаз оқиды»
420
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет