Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Әміршіні құрметтеу туралы омар (р.а.)



Pdf көрінісі
бет188/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

Әміршіні құрметтеу туралы омар (р.а.) 
мен Алқама (р.а.) арасында болған оқиға
Хасан Басри айтады: «Бір күні түннің ортасында 
Омар (р.а.) Алқама ибн Аласаны кезіктіріп қалады. 
Халық Омардың сыртқы келбетін Халид ибн Уәлидке 
(р.а.) ұқсататын. Сондықтан да Алқама хазірет Омар-
419
Ахмад ибн Ханбәл, Мүснәд 6/457 (27629)
420
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 5/950 (14376)


415
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
ды Халид ибн Уәлид деп ойлап: «Халид, Омар сені 
сараңдығы ұстап қызметіңнен алды-ау деймін. 
Көкемнің баласы екеуміз Омардан бір нәрсе сұрауға 
келген едік, сені қызметіңнен алғаны үшін одан ештеңе 
сұрамаймыз», – деді. Омар: «Айта бер, тағы қандай 
хабарларың бар?» – деп сұрайды. Алқама: «Бұған қоса, 
әрине, басшылардың да бізге жүктейтін міндеттері бар. 
Байқа, ағаттық жасап, оған қарсы шықпа, жарай ма? Біз 
міндетімізді орындайық, сыйымызды Аллаһ береді», 
– дейді. Таң атқан соң Омар Халид ибн Уәлидтен: 
«Алқама түнде саған не айтты?» – деп сұрайды. Халид: 
«Уаллаһи, ештеңе айтқан жоқ», – дейді. Омар: «Бұған 
ант етіп тұрсың ғой», – дейді. Сосын Омар дұрыс әрекеті 
үшін Алқамаға қажет еткен заттарын беріп сый-сияпат 
жасайды»
421
.
Ел басшысына бағыну туралы алапес 
әйелдің айтқандары 
Ибн Әбу Мүләйка айтады: «Омар (р.а.) бір алапес 
әйелдің Қағбаны тауап еткенін көріп, оған «Ей, әйел, 
мына түріңмен халықтың кейпін қашырмай, үйіңде 
отырсаң болмай ма?» – дейді. Осы ескертуден кейін 
дімкәс әйел үйінен қия басып шықпайтын болды. Біраз 
уақыт өткеннен кейін біреу сол әйелге барып: «Сыртқа 
шығуыңа тыйым салған адам өлді, енді сыртқа шыға 
беруіңе болады», – дейді. Сонда әлгі әйел «Көзі тірісін-
де бағынған адамыма өлгеннен кейін (аруағын аттап) 
қарсы шыға алмаймын», – деп жауап береді»
422
.
421
Ибн Хажар, әл-Исабә 4/557
422
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 10/172 (28504)


416
Сахабалар салған сара жол


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет