412
Сахабалар салған сара жол
Оған: «Жақсылықты бұйырып, жамандықтан тыйған
жақсы, әрине, алайда
басшыға қарсы қару көтеру
Аллаһ расулының сүннетінде жоқ нәрсе», – деп жауап
береді»
416
.
Әміршіге (басшыға) құрмет туралы тағы
бір риуаят
Зияд ибн Кәсиб әл-Адауи айтады: «Абдуллаһ ибн
Амир жұма құтбасын оқуға келерде, мейлінше жұқа
киініп, шашын ретке келтіріп, үсті-басын қадағалайтын.
Бір күні
намазын оқып, үйіне кіреді. Сахаба Әбу
Бәкра да мінбердің қасында отыр екен. Әбу Біләл
Мирдас деген кісі: «Халықтың басшысына, әміршіге
қарасаңдаршы! Жұқа киім киіп, пасықтарға ұқсағысы
келеді», – дейді. Әбу
Бәкра Мирдастың сөзін естіп,
ұлына: «Әбу Біләлді маған шақырып кел», – дейді. Әбу
Біләл келген соң Әбу Бәкра: «Жаңа басшымыз туралы
айтқан сөздеріңді естідім. Мен Расулаллаһтың «Кім
басшысына құрмет көрсетсе, Аллаһ та оған жақсылық
жасайды. Кім басшысын құрметтемесе, менсінбесе,
Аллаһ оны масқара етеді» дегенін естіген едім», – дейді
Пайғамбарымыздың өсиетімен ескерту жасап
417
.
Тек заңды (шариғатқа сай) бұйрықтарда
ғана қолбасшыға және басшыға бағыну
Алиден (р.а.) риуаят етілген: «Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
ансарлардан бір адамды әскерден
жасаққа қолбасшы етіп тағайындады. Оларды шығарып
салып тұрып, сарбаздарға қолбасшыларын тыңдап,
олардың бұйрықтарына бағынуды қатаң ескертеді.
416
Хайсами, Мәжмәуз-зәуәид 5/404 (91324)
417
Бәйхақи, Сүнән 8/163 (16436)
413
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
Бірде сарбаздар қолбасшыларының өрескел қылығына
еріксіз ашуланады. Ол: «Отын жинаңдар!» – дейді.
Отын жинайды. «От жағыңдар!» – деп бұйырады. От та
жағылады. Қолбасшы: «Расулаллаһ
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
сендерге мені тыңдап, маған бағынуды бұйырмады
ма?» – деп сұрағанда, сарбаздар: «Иә, солай деді»,
– деп жауап береді. «Олай болса, отқа түсіңдер», –
дейді. Сарбаздар қағыс естідік пе
дегендей бір-біріне
қарап: «Біз онсыз да отқа (тозаққа) түспеу үшін, Аллаһ
расулының қамқорлығына кірдік, оған иман келтірдік»,
– дейді. Біраздан кейін қолбасшының ашуы басылып,
жанған от та сөнеді. Қайтып келген соң болған оқиғаны
Пайғамбарымызға баяндайды. Аллаһ расулы: «Отқа
түскенде, ақыретте де оттан шыға алмай қалатын еді.
Басшылар мен қолбасшыларға тек заңды бұйрықтарда
ғана бағыну керек», – дейді»
418
.
Достарыңызбен бөлісу: