Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


 хАлыҚТың бАСшылАРғА ҚояТын



Pdf көрінісі
бет194/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

14. хАлыҚТың бАСшылАРғА ҚояТын 
ТАлАПТАРы
 омардың алдына келген кеңес 
мүшелерінен басшыларының әрекеттері 
туралы сұрауы
Омар (р.а.) өзінің алдына келген кеңес мүшелерінен 
басшылары туралы сұрайтын. Оларға: «Басшыларың 
науқас адамдардың көңілін сұрауға бара ма? Құлдар 
шақырса бара ма? Сендермен қатынасы қандай? 
Есігінің алдында адамдарды күттіріп қоя ма?» – деп 
сұрайтын. Осы сұрақтарының біріне теріс жауап алатын 
болса, халықтың көңілінен шықпаған басшыны дереу 
қызметінен шеттететін», – дейді Әсуад ибн Йәзид
434
.
омардың өзі тағайындаған басшыларға 
беретін алғашқы нұсқауы 
Асым ибн Әбу Нужуд айтады: «Омар (р.а.) бас-
шыларды тағайындаған кезде, оларға асыл тұқымды 
жылқыға әуес болмауды, яғни арғымақ атқа мінбеуді, ақ 
ұннан әзірленген нан тағамын жемеуді, жұқа, тартымды 
433
Табарани, әл-Муғжамул-кәбир 19/393 (925)
434
Бәйхақи, Сүнән 10/108 (20083)


423
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
киімдер кимеуді, есіктерін мұқтаж адамдарға әрдайым 
ашық ұстауды талап ететін және «Егер осылардың 
біріне бағынбасаңдар, қызметтен алынасыңдар» деп 
қатаң ескертетін. Оларды шығарып салып тұрып: «Мен 
сендерді мұсылмандарға өктемдік жасап, малын тар-
тып алып, арын аяққа таптап, олардың өкпе-ренішіне 
қалсын деп тағайындаған жоқпын. Сендерді оларға на-
маз оқыту, бейбіт жолмен алынған олжаларды үлестіру, 
әділ үкім айту үшін жіберіп отырмын. Шешімі қиын 
мәселелер туындағанда, қандай жағдайда да оны маған 
жеткізіңдер», – дейтін
435

Әбу Хузәйма ибн Сабит айтады: «Омар (р.а.) 
біреуді басшы етіп тағайындағанда, ансарлардан 
және біраз адамнан құралған жамағатты куә етіп: 
«Мен сені мойнына мұсылмандардың қанын жүктесін 
деп басшылық қызметке жіберіп отырған жоқпын», – 
дейтін»
436
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет