Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


омардың басшылардың міндеттері туралы



Pdf көрінісі
бет195/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

омардың басшылардың міндеттері туралы 
көзқарасы
Абдуррахман ибн Сабит жеткізеді: «Омар (р.а.) 
Саид ибн Амир әл-Жумәхиді өзіне шақыртып ала-
ды. Қасындағы көпшілікті көрсетіп: «Біз сені мына 
адамдарға басшы етіп тағайындаймыз, осылар-
мен бірге жауға қарсы жиһадқа аттанасың», – дей-
ді. Саид ибн Амир: «Уа, Омар, мені басшылық де-
ген бәлеге араластырма», – десе де, Омар: «Уаллаһи, 
мен сен сияқтыларды тастамаймын. Халифалықты 
менің мойныма жүктейсіңдер де, сосын мені жалғыз 
қалдырасыңдар. Мынаны біл, өзіңді басшы етіп жі-
435
Абдурраззақ, Мусаннаф 11/324 (20662)
436
Ибн Әбу Шәйба, Мусаннаф 6/461 (32920)


424
Сахабалар салған сара жол
бергелі отырған қауымның ең ізгісі сен емессің. Сені 
олардың мал-мүлкін талан-таражға салып, арын таптау 
үшін жіберіп отырған жоқпын. Олармен бірігіп әрекет 
етуге, жауға қарсы жиһад жариялауға және олжаны 
араларыңда әділ үлестіруің үшін жіберіп отырмын», – 
дейді
437
.
Әбу Мұса әл-Әшғари (р.а.) өзі басшы боп 
барған шаһар халқына «Мүміндердің басшысы Омар 
(р.а.) мені сендерге Раббыларыңның кітабын және 
пайғамбарларыңның сүннетін үйрету, жолдарыңды та-
залату үшін жіберді»
438
, – дейтін.
басшының халықтан алыс болып, мүсәпір 
жандардың мұң-мұқтажына назар салма-
уына қатысты омардың Амр ибн Асқа 
жолдаған хаты
Әбу Тәмим әл-Жәйшани (р.а.) айтады: «Омар (р.а.) 
Амр ибн Асқа (р.а.) былай деп хат жазады: «Өзіңе мінбер 
жасатып алғаныңды естідім. Соған шығып, халықтың 
төбесінен қарайды екенсің. Сен түрегеп сөйлегенде, 
халықтың табаныңның астында болғаны саған жетпей 
ме? Саған сол мінберді қиратып, алып тастауды әмір 
етемін!»
439
 омардың Әбу осман Ән-нәхдиге де осы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет