398
Сахабалар салған сара жол
Барлығы оның қасына жиналады. Омар (р.а.) Мәдинада
өз орнына тастап кеткен Али мен алдыңғы шепке
қолбасшы етіп жіберген Талхаға да хабар жіберіп, олар-
ды да шақыртады. Орданың оң және сол қанаттарына
Зубәйр мен Абдуррахман ибн Ауфты жайғастырды.
Сосын орнынан тұрып былай деді: «Уа, әлеумет! Аллаһ
мұсылмандардың ықылас-ниетін Ислам жолында бірік-
тірді, олардың көңілдерін бір-біріне жақын етті, оларды
дін жолында бауыр етіп жариялады. Иман келтіргендер
тұтас бір дене сияқты, қай жерің ауырса, басқа жерің
де қақсайды, май ішкендей мазаң кетеді. Сондықтан
мұсылмандар да ортақ істе бірігіп, ақылдасып, пара-
сатты адамдардың пікірін назарға алып, жүзеге асыруы
керек. Халық басқарушыға бағынуы тиіс. Ал басшы
басқалармен кеңесіп, олардың пікіріне құлақ асуы мін-
детті.
Ей, адамдар! Мен де қатардағы біреумін, сол се-
бепті сендермен бірге жорыққа шықтым. Алайда,
арамыздағы данагөй, білгірлеріміз мені бұл райым-
нан қайтарды. Сол себептен осында қалуды, әскерді
басқа біреудің бастап баруын жөн деп таптым. Осы
шешімді қабылдау үшін бәріңнің алдыңнан өттім, ор-
ныма өкіл етіп қалдырған Али мен қолбасшы Талханы
да шақыртқан себебім осы»
397
.
8. бАСҚАРушылАРдың САйлАнуы
Алғаш сайланған қолбасшы:
Достарыңызбен бөлісу: