Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


(Әнфал, 8/67) 389 . Пайғамбарымыздың Мәдина құрмасы



Pdf көрінісі
бет174/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

 
(Әнфал, 8/67)
389
.
Пайғамбарымыздың Мәдина құрмасы 
туралы Сағыд ибн убада мен Сағыд ибн 
Муазбен кеңесуі
Зүхри айтады: «Хандақ шайқасында халық қор-
шауға алынып, қатты қиындыққа тап болғанда, Аллаһ 
елшісі Гатафан тайпасының бетке тұтарлары Уяйнә 
ибн Хысн мен Харис ибн Ауф әл-Мүрриге хабар жі-
беріп, мұсылмандармен соғысудан бас тартуын, бас 
тартқан жағдайда оларға Мәдина құрмасының үштен 
бірін беруді ұсынады. Сөйтіп, Аллаһ расулы мен 
қарсы шеп өзара келісімшарт жасасады. Бұл келісім 
жазбаша түрде де рәсімделеді. Алайда, құжатқа 
қол қойылмай тұрып, расулаллаһ Сағыд ибн Муаз 
389
Мүслим, Сахих 3/1383 (1763)


393
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
бен Сағыд ибн Убадаға хабар жіберіп, олардың бұл 
мәселе турасындағы пікірлерін сұрайды. Екі саха-
ба да: «Уа, расулаллаһ, істің осылайша өріс алғаны 
өз қалауыңыз ба, әлде бұл бағынуымыз керек илаһи 
бұйрық па? Жоқ әлде, біздің пайдамыз үшін жасаған 
келісімшарт па?» – деп мәселенің ара-жігін ажыратып 
алғысы келеді. Аллаһ расулы: «Жоқ, мұндай қадамға 
сендердің игіліктерің үшін барып отырмын, өйткені 
араб тайпалары сендерге қарсы бірігіп, жан-жақтан 
қыспаққа алмақшы. Мен уақытша болса да, олардың 
бетін қайтаруды көздедім», – дейді. Сағыд ибн Муаз 
(р.а.):
«Уа, расулаллаһ! Аллаһқа серік қосып, пұттарға 
табынып жүрген кезімізде, олар біздің бір құрмамызға 
да тиісе алмайтын. Аллаһ бізді тура жолға салып, 
Исламға кірген кезімізде, өз мүлкімізді оларға беріп 
қойып, қарап отыруымыз керек пе сонда? Мұндай 
келісімшарттың бізге қажеті жоқ. Аллаһ олар мен 
біздің арамызды бір жақты қылмайынша, қаруымызға 
серт, тұрысатын жерін айтсын», – дейді. 
Аллаһ расулы: «Өзің біл», – деп келісімін береді. 
Сөйтіп, Сағыд ибн Муаз келісімшарттың мәтінін 
өшіріп тастайды да, «Қолынан келгендерін істесін, 
әуселесін көрейік!» – дейді
390
.
Хазірет Омар 
(р.а.)
былай деген: 
«Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
мені
ертіп, 
түн баласы Әбу Бәкірдің 
(р.а.) 
үйіне баратынбыз. 
Үшеуміз отырып, мұсылмандардың мәселелерін тал-
қылайтынбыз».
391
390
Ибн Кәсир, әл-Бидая 4/105
391
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 7/364 (18670)


394
Сахабалар салған сара жол


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет