386
Сахабалар салған сара жол
омардың бұл тұрғыдағы пікірі
Абдуллаһ
ибн Аббас
(р.а.)
айтады: «Мен Омарға
қызмет жасап, істеріне көмектесетінмін. Оны қатты
сыйлап, құрметтейтінмін. Бір күні үйіне бас сұқсам, ол
бөлмесінде жалғыз отыр екен. Кеудесін кере «оһ» деп
күрсінгені сонша – демі үзіліп кетті ме деп қорқып кет-
тім. Мен бар батылдығымды жиып: «Уа, мүміндердің
әмірі! Уаллаһи, таусыла күрсінгенің қалай?» – деп
сұрадым.
«Мына халифалықты
аманат етіп қалдыратын
адам таба алмай отырмын. Сол жанымды жегідей жеп
барады. Бұл іске өзің жаныңдай жақсы көретін Алиді
лайық көретінің ақиқат», – деді. «Уа, мүміндердің
әмірі! Алидің һижрет етуі, Аллаһ расулының сұхбатына
қатысуы және оның туысы болуы оның халифа бо-
лып сайлануына жеткілікті емес пе сіздіңше?», – де-
дім. Омар: «Иә, айтқаның орынды. Алайда, ол әзілге
жақындау.
Бұл міндетті осалдық танытпай, жұмсақ
әрекет жасайтын, қатал
болумен қатар қатыгездіктен
сақтанған, ысырапшылыққа жол бермей, жомарттық
танытатын және сараңдық жасамау шартымен үнемшіл
болатын адам ғана өз мойнына ала алады, – деді де, – бұл
істі тек ешкімге бас имейтін, риядан аулақ, құмарлыққа
жаны қас, сөзінен ісі көп, өз туыстары қарсы болса да,
әділ үкім беретін, өз беделін қорғайтын, жалғыз қалса
да ақиқатты жасырмайтын адам ғана атқарып, жетістік-
ке жете алады», –
дегенді қосып айтты
381
.
Сәлман Парсыдан
(р.а.)
келген риуаят бойынша
бір күні Омар
(р.а.)
одан: «Мен патшамын ба, жоқ әлде
381
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 5/907 (14255)
387
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
халифамын ба?» – деп сұраған. Сонда Сәлман «Сен
мұсылмандардың жерінен бір дирхамнан аз немесе
одан көп салық алып, оны орынсыз жерге пайдалансаң,
халифа емес, патша болғаның», – деп жауап берген.
Сәлманның бұл сөзі Омарды терең ойға салады.
382
Достарыңызбен бөлісу: