380
Сахабалар салған сара жол
түскен араб емес кәпірлерді Мәдинға әкелмеңдер
деп тыйым салған едім, алайда айтқандарыма құлақ
аспадыңдар. Маған енді бауырларымды шақырыңдар»,
– деп бұйырады. «Бауырларың кімдер?» – деп сұрағанда
«Осман, Али, Талха, Зубәйр, Абдуррахман ибн Ауф
және Сағыд ибн Әбу Уаққас» дейді ол. Сөйтті де ба-
сын кеудеме қойды. Омар жанына келген алтауына:
«Мұсылмандарды кім және қандай адам басқаруы тиіс
деп көп ойландым. Сендерді халықтың көшбасшылары
және жетекшілері деп санаймын. Бұл міндетті абырой-
мен атқару сендердің ғана қолдарыңнан келеді. Сен-
дер
әділетті болсаңдар, халықтың да ісі оңғарылады.
Егер бір келіспеушілік орын алатын болса, біліңдер, ол
сендердің алауыздықтарыңның кесірі», – деді.
«Әкемнің аузынан «Келіспеушілік, алауыздық» де-
ген сөздерді естіген кезде, олар міндетті түрде орын ала-
тын шығар деп ойладым. Өйткені оның болашақ туралы
айтқандарының бәрінің дәл келетінін байқайтынмын.
Сол кезде әкемнің жарасынан қан тоқтамай аға бас-
тады. Келгендер өзара сыбырласып сөйлесе бастады.
Араларынан біреуіне серт бере ме деп алаңдап өз-өзіме
«Мүміндердің әміршісі әлі тірі, бір жерде екі халифа
болмайды» дедім.
Омар: «Мені тұрғызыңдар», – деді. Оны
сүйемелдеп тұрғызған болдық. Ол келгендерге: «Үш
күн ақылдасыңдар. Осы уақыт ішінде жамағатқа на-
мазды Сухәйб оқытсын», – деді. «Уа, мүміндердің
әміршісі, кіммен ақылдасамыз?» – деп сұрағандарында,
Омар «Мұһажырлармен, ансарлармен,
осы жердегі
қолбасшылармен кеңесіңдер», – дейді. Сосын Омар
сүт сұрады. Әкелген сүттен ішкен кезде, сүт екі жа-
расынан да сол күйі сыртқа ағып кетті. Өзінің мына
381
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
дүниенің адамы емес екенін түсініп «Күллі дүние менің
иелігімде болса, қиямет күнінің азабынан құтылу үшін
соның барлығын ойланбай тәрк етер едім. Аллаһқа
шүкіршілік, менің осы жағдайым да өзім үшін қайырлы
деп білемін», – деді.
Ибн Аббас: «Сен не
десең де жарасады, өйткені
мұсылмандар Меккеде үрей ішінде өмір сүрген кез-
де, Аллаһ расулы осы дінді және мұсылмандарды сен
арқылы қуаттап-қолдауы үшін Аллаһқа дұға еткен
жоқ па? Сенің Исламға кіруіңмен Исламға күш бітті.
Аллаһ расулы мен сахабалары Исламды сенің арқаңда
ашық насихаттай бастады. Мәдинаға һижретің ерлік-
пен пара-пар іс болды. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи
уә сәллам)
қатысқан соғыстардың ешқайсысынан шет
қалмадың, Пайғамбарымыз дүние
салардан бұрын
саған ризашылығын білдіріп кетті. Аллаһ расулы-
нан кейін оның жолындағы Әбу Бәкірге де қолдау
көрсеттің. Мұсылмандармен бірге мүртәдтарға (дін-
нен шыққандар) қарсы жан аямай шайқастың. Сана-
сынан күдік арылмай жүргендердің де Исламға кіруі-
не себепші болдың. Аллаһ расулының халифасы Әбу
Бәкір де қайтыс болған кезінде саған риза болып кет-
ті. Одан кейін елді жақсы басқара білдің. Аллаһ сені
жаңа қалалардың бой көтеруіне себепкер етті. Сенің
тұсыңда ел тарықпай, еңсесін тіктеді.
Исламға қаны
қас қаскүнемдердің қылтасы қиылып, мысы басылды.
Мұсылмандар еркін құлшылық ететін болды. Аллаһ
сенің өміріңді шейіттікпен мөрледі. Шейіттігің құтты
болсын, уа, Омар!» – деді.
Омар
(р.а.):
«Уаллаһи, сендердің мынадай
сөздеріңнен соң масайрап кетермін», – дейді де, Ибн
Аббасқа қарап: «Уа, Абдуллаһ! Қиямет күні Аллаһ
382
Сахабалар салған сара жол
құзырында маған куәгер боласың ба?» – деп сұрады.
Ибн Аббас «Иә» деді. Сосын Ибн Омарға: «Абдуллаһ
ибн Омар, мені жатқыз», – деді. Ибн Омар хазірет Омар-
ды абайлап жатқызады. Омар өз-өзіне: «Ей, Омар! Егер
сені Аллаһ кешірмесе, жағдайың қандай қиын!» – деді.
Сонан соң сәл жатты да, көз жұмды.
Сахабалар
Омардың
(р.а.)
қайтыс болғаны
жөнінде Абдуллаһ ибн Омарға хабар жіберіп,
оны кеңеске шақырды. Абдуллаһ: «Әкемнің
айтқанындай мұһажырлар, ансарлар және осы жерде-
гі қолбасшылармен кеңеспесеңдер, сендерге аттап аяқ
баспаймын», – деп жауап жібереді
378
.
Достарыңызбен бөлісу: