372
Сахабалар салған сара жол
Билікті қолдан беріп қойдыңдар ма?» – деген кезде,
Али
(р.а.)
«Сен билікті қалай ұғасың?» – дейді. Халид:
«Ей, Абдуманафұлдары! Бұл іске сендерден лайық еш-
кім жоқ», – дейді. Сонда Омар Халидке: «Аллаһ сенің
сазайыңды берсін! Уаллаһи, сенің осы айтқандарыңды
кімде-кім қайталайтын болса, тек өзіне ғана кесірін
тигізеді», – дейді
369
.
Әбу бәкір мен халид ибн Саид арасында
болған оқиға
Халид ибн Саидтің қызы Үммі Халид айтады:
«Әбу Бәкірге серт берілгеннен кейін, әкем Йеменнен
Мәдинаға келген кезде,
Али мен Османнан
(р.а.)
«Ей,
Абдуманафұлдары! Айдаладағы біреудің сендерді ат-
тап өтіп, халифалықты иеленіп алғанына көндігіп оты-
ра бересіңдер ме?» – деп сұрайды. Омар
(р.а.)
әкемнің
бұл сөздерін Әбу Бәкірге жеткізгенмен, ол әкемнің
бұл
сөздерін оның бетіне басып, айыптаған жоқ. Ха-
лид үш ай бойы Әбу Бәкірге серт бермей жүрді. Бірде
түске таяу Әбу Бәкір Халидтің табалдырығынан ат-
тайды. Халид: «Саған серт бергенімді қалайсың ба?»
– деп сұрайды. Әбу Бәкір: «Әрине, мұсылмандардың
тоқтамына қосылғаныңды қалаймын», – деп жауап бе-
реді. Халид түс ауа оған мешітте серт беретінін айта-
ды. Уәде бойынша, Халид мешітке келгенде, Әбу Бәкір
мінберде болатын. Сол жерде оған серт береді.
Әбу Бәкірдің әкем жайлы пікірі оң болатын,
әрі оны сыйлайтын.
Шамға әскер аттандырған кез-
де, оны қолбасшы етіп тағайындап, туды Халидке өз
қолымен табыс етті. Омар Халидтің қолбасшы болып
тағайындалғанына қарсы болып: «Ей, Әбу Бәкір, Ха-
369
Табари, Тарих 2/331
373
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
лидті қолбасшы етіп тағайындадың. Алайда, оның не
дегенін ұмыттың ба?» – деп наразылығын білдіріп,
айтқанынан қайтпай тұрып алды. Сонда Әбу Бәкір
Әбу Әруа әд-Дәусиді Халидке жібереді. Әбу Әруа әд-
Дәуси Халидке: «Аллаһ расулының халифасы «туы-
мызды қайтарып берсін» деп жатыр», – дейді.
Халид
туды оларға ұстатып тұрып: «Уаллаһи, қолбасшы етіп
тағайындағандарыңа қуанған жоқ едім, туды қайтарып
алғандарыңа да ренжімеймін. Мұны жасатып отырған
басқа адам ғой», – деп хабар жібереді.
Әлі есімде, Әбу Бәкір әкемнің қасына келіп, Омар
туралы ешқашан ешқандай жаман нәрсе айтпауды шеге-
леп тұрып тапсырды. Уаллаһи, әкем де дүние салғанша,
Омардың әрдайым тек жақсы жақтарын айтып, есіне
алып отыратын»
370
.
Достарыңызбен бөлісу: