Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Әбу бәкірдің соғыстарда сахабалармен



Pdf көрінісі
бет176/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

Әбу бәкірдің соғыстарда сахабалармен 
ақылдасуы
Абдуллаһ ибн Амр 
(р.а.)
айтады: «Әбу Бәкір Амр 
ибн Асқа «Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәллам)
соғыс ту-
ралы басқа адамдардың ойын, пікірін сұрап білетін, сен 
393
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 3/1496 (9151)


396
Сахабалар салған сара жол
де басқаладың пікірін тыңдап, ойын білуді ешқашан 
ұмытушы болма!» – деп хат жазған»
394

 омардың басқа адамдармен кеңесуі
Әбу Жафар айтады: «Омар (р.а.) Алидің (р.а.) 
қызы Үммі Гүлсімге құда түседі. Али: «Қыздарымды 
Жафардың ұлдарына беруді ойлап жүрген едім», – 
дегенде, Омар: «Я, Али, қызыңды маған қос. Уаллаһи, 
мына дүниеде мен секілді оны алақанында аялап 
ұстайтын жан табылмас, сірә», – дейді. Али ары ойланып, 
бері ойланып, ақыры келісімін береді. Осы оқиғадан 
соң арада біраз уақыт өткеді. Бір күні Омар пайғамбар 
мешітінде қабір мен мінбердің арасында отырған 
мұһажырлардың қасына келеді. Али, Осман, Зубәйр, 
Талха және Абдуррахман ибн Ауф өзара әңгіме-дүкен 
құрып отыр екен. Омар сырттан хабар келгенде, алды-
мен осы кісілерге жағдайды айтып, олардың пікірлерін 
сұрайтын. Бұл жолғы келісінде: «Мені үйлендіріңдер», 
– дейді. «Кімді қалайсың?» – деп сұрағанда, Али ибн 
Әбу Тәліптің қызының атын айтады. Мұның себебін 
оларға былай жеткізеді: «Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм)
«Қиямет күні менің тегімнен басқа барлық тек-
тік қатынастар үзіледі», – деген болатын. Мен осы 
дүниеде оның жолдасы болдым, туыстық жағынан да 
оған жақын болғым келеді
395
.
омардың және османның ибн Аббаспен 
ақылдасуы
«Омар мен Осман қандай да бір мәселе 
туындағанда, Ибн Аббаспен кеңесетін. Ибн Аб-
394
Хайсами, 7/319.
395
Табарани, әл-Муғжамул-кәбир 3/44 (2633)


397
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
бас жасының кішілігіне қарамастан, Бәдір соғысына 
қатысып, екі халифаға да өз ақылын қосып, халыққа 
жөн-жоба сілтейтін. Дүниеден озғанша осы әдетін 
тастаған емес», – дейді Ата ибн Йәсар.
Якуб ибн Йазид айтады: «Омар маңызды-ау деген 
істерде Ибн Аббаспен ақылдасып: «Ей, зерегім! Қане, 
мына мәселенің шешімін бірігіп іздейік», – дейтін. 
«Мен қандайда бір тығырыққа тіреген күрделі 
мәселелерде Ибн Аббастан артық жол тауып кете ала-
тын, одан асқан ақылды, алғыр және өте биязы адамды 
көрмедім. Қияметтің қыл көпіріндей қиын мәселелерде 
Омар оған «Тағы бір мәселенің шеті шығып тұрғаны» 
деп, онымен кеңесіп, айтқан сөзіне тоқтайтыны әлі 
есімде», – дейді Сад ибн Әбу Уаққас (р.а.).
Ибн Шихаб айтады: «Омар (р.а.) күрмеуі көп 
күрделі мәселе от дария боп өткел бермей алдынан 
шыққанда, жастардың ақыл-ойын, алғырлықтарын тек-
серу үшін олардың басын қосатын».
«Омар (р.а.) әйелдердің де ақыл-кеңесіне құлақ 
түретін. Олардан аузынан мәселенің шешілуіне септігі 
тиеді-ау деген оңды пікір естісе, олардың уәжін ескерусіз 
қалдырмайтын»,
396
– дейді Ибн Сирин.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет