Абдуллаһ ибн Жахш
Сағыд ибн Әбу Уаққас (р.а.) айтады: «Пай-
ғамбарымызға
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
Мәдинаға Жүхайна
397
Табари, Тарих 2/381
399
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
тайпасынан арнайы кеңес келіп: «Уа, Мұхаммед!
Арамызға келдің, бізге кепілдік бер, ел-жұртымды саған
алып келейік», – дейді. Аллаһ расулы кепілдік берген-
нен кейін, олар қауымымен Исламды қабылдады».
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бізді ере-
жеп айында Жүхайна тайпасына көршілес жатқан
Кинанаұлдарының бір тайпасына жорыққа аттандыр-
ды. Шабуылға шықтық. Алайда қарсыластарымыздың
қарасы тым көп еді. Амалсыз шегініп, Жүхайна тайпа-
сын паналадық. Олар бізді қорғады, бірақ «Неліктен
харам айда, соғысуға тыйым салынған ережеп айында
шайқасқа шықтыңдар?» – деп сұрады. Біз бұл жердің
жағдайы басқаша екенін, қасиетті айда киелі жерден
шыққан адамдармен шайқасқа шыққанымызды айтып
ақталдық.
Ары қарайғы әрекетімізді алдын-ала келісіп,
анықтап алуымыз керек болды. Біразымыз «Барып,
Аллаһ расулына хабарлайық», – десе, кейбіреуі: «Жоқ,
осында қалайық», – деді. Мен және бірталай адам:
«Жоқ, барып, Құрайыш керуенінің жолын кесейік», –
дедік.
Ол кездері кім олжа түсірсе, бөліп-жармай бәрін
сол алатын. Ақыры, менің айтқаныма тоқтап, Құрайыш
керуеніне шабуылдау үшін жолға шықтық. Қалғандары
кері қайтты. Олар Пайғамбарымызға жағдайды жеткіз-
ген кезде, Аллаһ расулы ашуланып: «Менің қасымнан
бірге аттанып, елді алауыз етіп қайттыңдар ма? Сен-
дерден бұрынғылардың түбіне осы алауыздық жет-
кен. Енді сендерге аштық пен шөлге шыдамды адамды
қолбасшы етіп жіберемін», – деп Абдуллаһ ибн Жахш
әл-Әсәдиді қолбасшы етіп тағайындайды. Осылай-
400
Сахабалар салған сара жол
ша Абдуллаһ ибн Жахштың есімі Ислам әлемінде ең
алғашқы қолбасшы ретінде қалды»
398
.
Достарыңызбен бөлісу: |